Без рубрики

Әліппеге рахмет

          Ырғыз ауданы Қалалыкөл бастауыш мектебі
  Жұмабаева Айнагүл Қуанышбайқызы

 Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың білімін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қанатты сөздер, Әліппе, Ана тілі макеттері, жұмбақтар,

Ы.Алтынсарин.  А.Құнанбаев суреттері, кеспе буындар,  түрлі-түсті шарлар.                                              Сабақтың барысы

                                     1.Ұйымдастыру кезеңі .

Мұғалім Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап бетін ашқан оқулығы- әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ. Олай болса ,бүгін бірінші сынып оқушылары  сіздерге әліппені меңгергендігін,математика пәнінен есепті қалай шығара алатынын және өз өнерлерін ортаға салып көрсетпек.

Жанарыс. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Өйткені алғаш хат танытып , сауа-тымызды ашқан әліппені бітірдік.

Аякөз. Мен енді өзім оқып ,өзім жаза аламын, ертегі , әңгімелерді өз бетіммен оқитын болдым.

Алтынай. Біздер, кітап оқуды, өлең жаттауды , сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

Мұғалім Дұрыс балалар енді ортамызға өздеріңнің сүйікті достарың  «Әліппені » шақырайық.

Балалар. Келіңіз ,Әліппе , келіңіз.

Әліппе.Балалар, сендер мені оқыдыңдар  сонда сендер менен не үйрендіңдер?

Дильназ.Дыбысты танытып, буыннан сөз құрауды, сөзден сөйлем құрауды, ана тілімізде дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз.

Жарқынай. Отан, Ана, Мектеп, Білім, Бала.

Отаным – алтын  бесігім

Ана – баланың бақыты

Мектеп – білім бұлағы

Әліппе әні.

Мұғалім. Әліппе, балалар өзің туралы өлең , тақпақ үйренді. Енді соны тыңдайық.

әліппе: Жарайды , тыңдайық

Жанарыс.  Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Бауыржан да, Мәлік те

Алтынай.   Әке-шеше атын сен ,

Бізге үйреттің Әліппе.

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.

.

Дилназ.      Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан.

Басталғанын түсіндім.

Аякөз.       Алфавитті біліңдер

Онда қалып жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде ,

Қырық екі әріп бар.

Жарқынай   Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ,ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Мұғалім: Ал, балалар сендер 42- әріпті түгел жаттап алдыңдар.Алфавит сырын білесіңдер ме?

Жарқынай А деген ол- аналар ғой ардақты.

Ә деген  ол -әкелер ғой салмақты.

Б  деген ол –балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

Жанарыс. Алшақ кетпей

Сондықтан да расында

Тұрады олар

Алфавиттің басында.

Дильназ Таныстырған 42 әріппен

Қош бол ,менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

 

 

 

Әліппе. Балалар мен сендерге ризамын.мені жақсы игеріпсіндер.Ана тілдерінде өте жақсы сөйлейді екенсіндер.Енді сендерге ары қарай білім беретін « Ана тілі» болады.Мен кетейін, қош сау болыңыздар.

Барлығы.

Әліппе мен қош айтысып қаламыз

Енді қолға ана тілін аламыз

Ата – ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Барлығы. Сау болыңыз Әліппе!

Мұғалім: Енді ортаға Ана тілін шақырайық сөзді ана тіліне берейік балалар.

Ана тілі: Енді бұрынғыданда көп оқитын боласыңдар.Сендер қызықты кітапты да оқисыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсе үйренесіңдер.Сондықтанда көп оқыңдар.

Барлығы: Оқимыз ,Ана тілін оқимыз.

 

Мұғалім:Балалар, сендер төрт айда көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі қосылып: — Мектеп

—         Мұғалім

—         Әліппе

—         Ата – ана

Ән: Ұстазым

Аягөз: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Алтынай

Мұғалім. Балалар сендерге математика елінен жас математик қонаққа келіп тұр.Қонақты ортаға шақырайық

Аякөз

Алтынай

 

Мұғалім: Математика  пәнінен  санауды, есептеуді есеп шығаруды үйрендіндер олай болса есептер шығарайық

3+2

4+2

2+3

7+1

 

Санамақты айтайық балалар қанеки

Би: Би билегім келеді

Бөбектер биі.

Нұргелді: Жаса Қазақстан әні мен ортаға шақырамыз

Көрініс  Шал мен шалқан

Оқушылардың  мұғалімдері мен ата- аналарына сөз берейік.

Құрметті Ата аналар ,ұстаздар !

Сіздер бірінші сынып оқушыларының 4 айда қандай дәрежеге жеткендігін көріп отырсыздар.Мектептегі алғаш жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын!Ертеңгілігіміз аяқталды,  сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.