Без рубрики

Жаңаша оқыту бағдарламасы негізінде жүргізілетін сабақтардың ерекшеліктері

Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна

 Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны білімімен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.

Бүгінгі күнде ең алдымен, оқушыға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет. Осыған байланысты қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани ошағына, жетпес қазынасына айналатыны сөзсіз.

Осы айтылган талаптарды орындау үшін қазақстан білім және ғылым министрлігі тарапынан кембридждік оқу бағдарламасын білім беру саласына енгізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда шетел әріптестеріміздің тәжірибесімен бөлісу мақсатында үш айлық оқыту курстары жүргізіліп жатыр. Сол курстың білім алушыларының бірі болып мен де қатысып білім алдым. Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы оқыту –мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылатынын оқу барысында түсіндім. Кейін мектептегі тәжірибеде өз біліп үйренгенімді өзіме жүктелген мұғалімге үйреттім. Ал кейін өзім осы үш айлық курсына тренер болып өз білгендеріммен ой бөлістім.

Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.Сіз өзгересіз,себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз,балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз,оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет.Сондықтан сіз де,олар да өзгеруі қажет. (С.Бич, 2012 ( Ресурс 15-бет) айтып кеткендей курс бағдарламасындағы Абрагам Маслоудың гуманистік теориясы, Лев Выготскийдің әрекеттік тұрғыдан оқыту теориясы, Джон Дьюидің сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру идеясы, Джонн Хэттидің метаанализі, талдау, жинақтау, қорыту, бағалауды жүзеге асыруы негізінде ұлттық мәдениетімізді ескеретін, жеті модульден тұратын біліктілікті арттырудың ерекше жүйесіне батыл қадам жасалды. Курстың құрылымының өзі американдық психолог Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне негізделген. Бірінші кезеңінде бағдарлама идеясын түсіну, еске сақтау, ал қашықтан оқыту кезеңінде қолдану, талдау, екінші кезеңінде жинақтау, қорыту, соңғы кезеңінде бағалау бойынша ұйымдастырылуы менің алғашқы күннен зерттеушілік қабілетімді жетілдірді.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу үшін мұғалімдердің қалыптасып қалған көзқарасын өзгерту негізгі мақсатым болды. Өйткені «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық).

Сабақты ұйымдастыру барысында әрбір сабаққа ерекше дайындалып Бағдарлама негізінде ұсынылған жоспардағы тапсырмаларды талдауда түрлі жаңа әдіс — тәсілдерді пайдаландым. Бұл арқылы мен алдымда отырған мұғалімдердің әр бір тапсырманы ынтамен, қызығушылықпен жасағанын байқадым.

Сонымен менің тобымдағы мұғалімдер оқу барысында нені үйренгендігі тіралы әр модульге тоқтау арқылы сипаттаймын:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»модулін оқытуда төмендегідей нәтижелерге қолым жетті:

1.Мұғалімдерді оқытуда техникалық тәсілдер мен педагогикалық құралдарды түрлендіре алуға үйренді, оқушылардың өз бетімен білім алудың түрлі әдіс тәсілдерін меңгере бастады, қиындықтарды тәжірибелік дағдыларымен жеңуге бет бұрды, оқуда кездесетін кедергілерді жоя білу тәсілдерін меңгерді.

2. оқыту барысында мұғалімдер зерттеу дағдыларын және диалогтық тәсілді жетілдірді.

3. Мұғалімдердің санасында өз бетіндік оқыту туралы өзіндік идеялары қалыптасты.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»модулін оқытудан төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:

1. Мұғалімдер өзара кәсіби даму саласында ғылыми-зерттеушілік және практикалық тәжірибелермен алмасты;

2. Оқыту мен оқуда сыни ойлауға үйренді, тапсырмаларды сыни ойлау негізінде жоспарлауды үйренді;

3. Гуманитарлық білім беру мақсаты мен құндылығында мұғалімдерді сыни ойлай білуге тырысты;

4. Оқушылардың білім негіздеріндегі сыни көзқарастарын ажырата алуды үйренді;

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»модулінің оқыту нәтижесінде:

1. Бағалау жүйесінің өзгерісін білді.

2. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілдерін тәжірибеге енгізді. сонымен қатар жұптарда өзара бағалау, топтардағы өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, критериалды бағалау, формативті тесті арқылы өзін-өзі бағалау, жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау, екі жұлдыз және бір тілек, т.б..

«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»модулінің оқыту нәтижесі:

1.Оқушылардың қабілеттерін жетілдіруде АКТ арқылы ақпараттың негізгісін таңдауға, өңдеуге, түзетуге, бақылау жүйесін жетілдіруге, тестлеуге және психодиагностика жасауда тиімді пайдалана білуді меңгерді.

2. Кең көлемді ақпараттарға оқушынвң өз күшімен қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3. Мұғалімдердің желілік қоғамдастық жүйесін тиімді қолданудың басымдықтарын жетілдіре алды.

4. Қашықтан біліктілікті арттырудың замануи жүйесініндегі мәселелерді бірлесе шешуді меңгерді.

5. АКТ пайдалану модулінде мұғалімдердің АКТ –ны пайдалануда өздерінің өзгерісін жете танытты.

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»модулін оқытудағы нәтиже:

1. Талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренді.(тапсырмалар деңгейін анықтай білу) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивті тәсілдерді пайдалануды білді.

«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»модулін оқытудағы нәтижем:

1. Мұғалімдердің оқушылардың қызметін жасерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруды жоспарлай білуді үйренді; сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере аладуды үйренді.

«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін оқыту нәтижесінде:

1. Мұғалімнің жеке міндеттерін анықтай біледі;

2. Мұғалімдердіңәріптестерімен серіктесуде оқыту тәжірибесінің жетілетінін, өзінің іс-тәжірибесін таратуда кәсіби дамудың қажеттілігін түсінді.

Бағдарламадағы барлық модульдер оқушы туралы теориялық білім қалыптастырды, оқыту үрдісіне барлық оқушыларды оқуға қалай тарту қажеттігін үйретті.

Әр модульдің мазмұны мұғалімдердің кәсіби қызметінде құндылығы мен сенімділігін арттырды. Бағдарлама аясында мен қалай өзгердім дейтін болсам,

дәріс оқудан өз бетімен білім алып өз тәжірибемді жетілдірдім;

топтық, диалогтық трененгтер жүргізді үйрендім;

АКТ технологияны тиімді пайдалануды үйрендім;

оқушының тұлғалық дамуын жетілдіруде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды,өз-өзіне есеп беруді, рефлексивті кері байланысқа түсуді үйрендім;

тапсырманы орындауда ойды саралап, сын тұрғыдан ойлауға үйрендім;

р адамның айтылған ойы құнды екендігін түсіндім;

оқыту сапасын бағалауда шынайы көріністі тануды білдім;

мұғалімдердің көшбасшылық сапасын анықтадым және дамытуға тырыстым, сонымен қатар өзім көшбасшы болуды үйрендім.

Болашақта жоғарыда атап өтілген өзгерістерді жетілдіріп, сабақ өткізудің техникасы мен тәсілдерін түрлендіріп, оқыту үшін дерек (ресурстар) көздерін толықтыруды жоспарлаймын. Сонымен қатар мен өзімнің кәсіби білімімді, біліктілігім мен дағдымды дамытудамын. Мысалы:

Жоспар құруда:

жоғары дәрежелі сұрақтар қою техникасын одан әрі жетілдіру;

мұғалімдердің қажеттіліктерін алдын ала анықтау;

мұғалімдерге SMART-бойынша мақсат міндеттерді қоя білуді үйрету;

Стандартқа жетпеген тұста сындарлы пікір беруді жетілдіру;

бағдарламаны талдау мен жоспарлауда мұғалімдердің қажеттілігін қанағаттандыруға аса мән беруді;

сыныпта талданатын мәселелер оқушылардың дамуына, алға жылжуына қадам жасайтындай болуы;

сабақ құрылымында жеті модульдің үйлесімділігіне мән беру;

оқыту үшін қосымша ресурстар (тәжірибеден) жинақтау;

сын тұрғыдан ойлауын дамыту идеяларын сабақ беру үрдісінде жетілдіру;

оқу мен оқыту сапасын бағалауға дайындау;

Оқытуда:

оқытуда ой қозғайтындай жағдай туғызу;

айтылған ойды, өзкөзқарасымен түсінікті жеткізе білуге мән беру;

білім алушылар тәжірибесін сапалы оқытуға негіз ретінде қолдану;

жаңа тың идеяларды жетілдіру;

оқыту мен оқуда түрлі стратегиялар пайдалану;

білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруде жеке, жұппен, топпен жұмыстарды ұйымдастыру;

мұғалімдерді көшасшы болуға жетелеу.

бірлесіп ізденуге және ойлануға шақыратын дамытушы орта құру қажет деп шештім.

Бағалауда:

мониторинг үшін бағалау әдістерін одан әрі жетілдіру;

алыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілдерін қолдану;

зін-өзі бағалау және өзара бағалауды жетілдіру;

мұғалімдердің портфолиосын бағалау арқылы шынайылықты;

мұғалімдердің таныстырылымында дәлелдемелердің нақтылығы;

бағалау түрлерін оқушының білім алуын жақсарту мақсатында қолдана білгендігіне талдау жасау.

Білім алушылардың құндылығын білу және түсіну:

білім алушылардың үйренуге деген ынтасын арттыру;

оқыту сапасын арттыруда оқушы тәжірибесін ескеру;

р адамның кәсіби әлеуетін ашуға мүмкіндік туғызу;

жоғары кәсіби шыңға жетуге беймдеу;

көшбасшылық қасиеті арқылы өзгенің кәсіби жетілуіне ықпал ете білуге;

Мұғалімдер әлеуетіне, өзімнің мектептегі, мұғалімдерді даярлаудағы тәжірибеме талдау жасай отырып, оқытуға енгізіліп отырған бағдарламаның түйінді идеяларын оқу үрдісінде қолдануды өзектендіру.

Сонымен менің тыңдармандарым, мен бұл Бағдарламадағы барлық айтылатын пікір ғылыми тұрғыдан ғана емес, тәжірибелік түсінікті дамыту мақсатында қарастырылған. Бұл мұғалімдерді ескі стереотиптерден арылтып, өз ойын, өз пікірін ашық айтып жеткізе білетін, оқуды саналы түрде ұғынатын жеке тұлғаның тұлғалық қасиетін жетілдіреді деп есептеймін. Қорыта айтқанда, бұл бағдарлама идеяларын жетілдіруде екінше рет курс өткізуім маған көптеген ой тастап, әлде де білім беру жүйесіне ізденіс арқылы табысты тренер, құзыретті мұғалім болатыныма мол сенім білдіремін. Бұл Бағдарламаның оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдері сабақ беруде өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Ең алдымен өзіңе деген сенімділік болу керек екен. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс – әрекетінің негізі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,7 – бет)

Сөз соңында өз ойымды белгілі педагог К.Ушинскийдің «мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді – тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жоғалады» — деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.

Қолданылған әдебиеттер

  • Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы, 2012.

2. Барбер М., Муршед М. (2007). Как добиться стабильного высокого качества обучения в школе. Сентябрь.

3.Мишра Р., Келёр М., Технологиялық педагогикалық мазмұндық білім: мұғалімнің білімі үшін құрылым, 2006.

4.Барнс Д., Сұхбаттасудан оқыту бағдарламасына дейін, 1971.

5.Выготский Л. (1978). Разум в обществе. Кембридж, МА, Гарвардский университет.

6. Харрис Д. (1998). Размышления о воспитании: почему дети становятся такими. Пресса

7.Флавелл Д. (1995). Знание детей младшего возраста о мышлении. Монография общества исследований в области детского развития. 60 (1 серия № 243)

Тіл кемістігін болдырмау жолдары

Байтохина Жанаргуль Турмагамбетовна

Ақтөбе қаласы №33 ОМ логопеді

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Білім берудегі тиімді қызмет атқаратын жаңа жүйе қалыптасып, тұлғаның сапалық жағынан қалыптасуына мол мүмкіндіктің деңгейі артуда, яғни «жаңа» қоғамға «жаңа» сапалы адам керек» деп атап көрсеткен. Мұндай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Бүгінгі білім беру саласының басты міндеті – ойлау қабілетімен ерекшекленетін, өзіндік пікірі мен пайымдауы бар жеке тұлға қалыптастыру. Жеке тұлғаның осындай субъект дәрежесіне көтерілуі, тәрбиеші және ата-ананың еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Баланың қызығуы туа біткен психологиялық құбылыс емес, оны қалыптастыратын да, орнықтыратын да – отбасы, балабақша, оқу үрдісі, ұжым. Олай болса, бала өз қызығуын қанағаттандыру үшін оқу үрдісінде мақсатты іс-әрекетпен шуғылданудың құралы ретінде сөйлеу қызметінің қалыптасуы қажет. Олай болса, сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемелердегі сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзетуге бағытталған логопедиялық түзету жұмыстары тиімді ұйымдастырылуы қажет.

Тіл кемістігі баланың психикалық дамуына, жеке жетілуіне, тәртібіне әсер ететіні белгілі. Кейде тіл кемістігі бар балалар мен ата-аналары аз сөйлесіп, қимыл әректтермен түсіндіріп, өзара түсінісуді жеңілдеткісі келеді, бұл баланың психикалық және сөйлеуін дамытуға зор зиянын тигізеді. Егер бала сөйлемесе, ата-ана, бүкіл отбасы мүшелері көбірек сөйлесе, баланың сөздік қоры молайып, тілі дамиды. Тілі кеміс баланың сабақ үлгерімі нашар болады немесе балалар мазақ қылып, күліп, ашуланшақ қылады. Бала сауаттылығын кемітеді, оның оқуға ынтасын жойып, тәртәбі нашарлайды. Мұндай балаларды оқытуда, тәриелеуде тәрбиешілер мен ұстаздар өзара түсінісіп, сыйласып, тәртіпті сақтап, ата-ана, отбасы мүшелері әртүрлі әдіспен балаға үнемі сөйлеп, тілін дамытып, жауабын толық тыңдап, күлмей жауап беру керек. Тіл кемістігі кәсіп таңдауда да қиыншылық туғызады, бірақ, өндіріс с аласында да еңбек етіуге болатынын айтып, ынталандырып отыруы керек.

Тіл мүкістіктеріне қысқаша мәліметтер:

Дислалия. Өте көп тараған тіл жетіспеушілігі, ол әртүрлі дыбыстарды айтудағы қателіктер. Бала бақшаның кіші топтарында көбінесе физиологиялық дыбыстарды айтудағы қателіктер кездеседі.

Ринолалия. Оның екі түрі болады: ашық және жабық түрі болады.Ринолалияның ашық түрінде, сөйлеу барысында ауа ауыз арқылы емес, мұрын арқылы өтеді. Жабық түрінде-керісінше мұрын жолы жабық.

Дизартрия. Сөздегі дыбыстардың ауыр да қиын болып бұзылуы.

Дизартрияның ауыр жағдайында баланың сөйлеген сөздері түсініксізболады.

Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған. Олардың сөздік қоры, тұрмыстық сөйлеудің лексикасымен жеткілікті болып, қалыпты дамуға жақын келеді. Балалар өздері туралы, өз жолдастары туралы, өмірлеріндегі қызықты оқиға туралы айта алады. Бірақ балалардың сөйлеуі олардың тілінің қалыпты нормаға сәйкес емес екенін дәлелдейді. Олар жеке түрде айта алатын дыбыстарды сөздерде, сөйлемдерде айта алмай қиналады. Мысалы: «қақ» (қасық), «кәте» (тәте), «шәй» (тай) .

Бұл балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшелігі дыбыстарды (ызың және ұяң дауыссыздар, аффикаттар) қайталатып айтқызу,фонетикалық-фонематикалық естуінің толық дамуын анықтау болып табылады. Балалардың жалпы сөйлеу тілінің диагностикалық көрсеткіші күрделі сөздердің буындық құрылымының бұзылуын, сонымен бірге дыбыстар мөлшерінің қысқаруын («машина»-машин, «балапан»-бапан) анықтайды. Сөздердегі дыбыстардың көбеюінен дыбыстар мен буындарды орнынан ауыстыру және басқаша айту, дауыссыз дыбыстардың қысқаруы түріндегі кемшіліктер пайда болады. Дыбыстарды персеверациясы кезіндегі қателіктерге мыналар жатады: («шаңғышы»-шаншы, «велосипед»-весопед); антиципациялау («автобус»-атобус, «жаңбыр»-жабыр); артық дыбыстар мен буындар қосу («шие»- шеге).

Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеуіне талдау жасау ашық аграмматизмді айқындап береді. Заттарды сипаттауда зат есімнің жекеше және көпше түрлеріне байланысты қателер жіберіледі. («көп алмадар»-алма; «көп кереуеттер»-көп кереует және т.б.); сын есіммен зат есімнің септелуі «бес доп, жемістер»). Көбінесе шылауларды қолдануда қателер жіберіледі: дыбыстарды айтпау, дыбыстарды тастап кету («кітап үстел үсті жатыр»- кітап үстел үстінде жатыр); ауыстыруы («кітап әдемі менде бар»-менде әдемі кітап бар); толық айтпауы («ағашқа секірді»-ағашқа екірді, «көшеге шығып кетті»- көше шып кетті) түрінде кездеседі. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалар зат есімді қысқартып айту, сөз туындатушы жұрнақтардың мағынасына зейін қоймай, оларды сөзде қолдануда қиындықтарға кезігеді. Олар жұрнақтар арқылы етістіктерді қолданғанда көптеген қателер жібереді. Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құрылымдағы жіберілген кемшіліктер монологті сөйлеуде сурет бойынша әңгімелеуде қателер жібереді. Берілген мәтінмен жұмыс жасауда кейбір сұрақтарға жауап берумен ғана шектеледі. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеуінде қосымша сұрақтар қою, олардың сөйлеуін бағалау және т.б. кемшіліктер сөйлеу тіліндегі коммуникативті бағыттың жоқтығынан пайда болады 4-5 жаста бала, ана тіліндегі барлық дыбыстарлы анық айта білуі керек. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, алмастырып айту жиі кездеседі. Әсіресе жиі бұзылатын дыбыстар; с,з,қ,ш,ж,ч,щ,р,л,ң. Ата-аналар көбінесе «есейген соң түзеліп кетеді»-деп көңіл бөлмейді. Немесе әкесінін тілі жай шыққан, нағашасында сөйлеу кемшілік болды деп нем құрайлы қарайды.

  1. Көңілді тіл туралы ертегі.

Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Ол қандай үй? Дұрыс, ол- ауыз. Ол үйдің есігі ашылып-жабылады. Тіл үйінде отыра алмайды. Далаға шығады (тілін шығару). Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр(жалпақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты. Тіл тоңып кетіп (тіл бүріседі). Тіл үйіне кіріп есігін жауып алды (ауызын жабады). Тіл тәтті қайнатпамен шәй ішіп, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады(төменгі ерінді жалау). Соңынан тісін тазалады(тілдің ұшымен төменгі тістерін тазалау). Тіл үйінде көп отыра алмады. Футбол ойнауға кірісті. Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.

  1. Ерінге арналған жаттығулар: «Жымию», «Маманы сүю»

  2. Тілге арналған жаттығулар: «Күрекше», «Тәтті қайнатпа», «Тіс тазалау», «Сағат тілі» , «Ат шауып келеді», «Ат тоқтат».

  3. Тыныс шығаруды дұрыстауға арналған жаттығулар дем алу мускулатураларын қатайтып, кеуде клеткаларының қозғалысын

дамытып, тыныс алудың тұрақты ритмін және өкпенің дұрыс жетілуін

тыныс алу жаттығулары арқылы дамытып отыру қажет. Дем алғанда демді азырық ұстап, біртіндеп шығару керек. «Клоун», «Гүлден көбелек ұшыру» , «Шай сутамыз» , «Шар үрлеу».

  1. Саусақ жаттығулары. Ата-аналар мен тәрбиешілерді мазалайтын тағы бір мәселе :баланы мектепке дейінгі жаста қалай өз дәрежесінде дамыту, қалай мектепке дайындау. Осының ішіндегі бір мәселе баланың саусақ –қол бұлшық еттерін дамыту. Бала тілінің дамуы осы қолдың саусақ қимыл қозғалыстарына да байланысты. Балаларды зерттеу, тексеру кезінде мәлім болғандай, егер саусақ қимылдары баланың жасына сәйкес болса, онда баланың тілі, дамуы да өз дәресінде болады. Егер баланың саусақ қол қимылдары төменгі деңгейде болса, ол баланың дамытушылық ойлау абілеті де, есте сақтау,байланыстырып сөйлеу қабілеттері де төмен болады. Тиісті дәрежеге жету үшін саусақ, қол жаттығуларын үнемі жасалып тұруы қажет, сонда ғана оның нәтижесі болады. Оны өлең шумақтар қоса отырып, ойын үрінде жасату, балаларды қызықтыра түседі, әрі жалықтырмайды.

Шығыс медицинаға көңіл аударсақ — ұсақ моторикаға жасалған массаж адамның денесіндегі барлық жүйесімен байланысты. Мысалы: бас бармақ – бас; ми жүйесінің қызметтерін дұрыс атқаруға, ал «сұқ саусақ»- қарын, «ортан саусақ» — ішек жүйесінің жұмысын, «аты жоқ саусақ» — бауыр және өкпе, «шынашақ» — жүрек жүйесінің қызметтерін дұрыс атқаруға көмектеседі. Суретті бояу, штриховкалау, сурет салу, қағаз қию, қағазды желіммен жапсыру, ермек сазбен жұмыс жасау балалардың ұсақ моторикасын дамытады. Қол қимылдарын, саусақ, қол бұлшық еттерін дамыту, буын сүйектерін қалыпты жағдайда өсіп-жетілуіне, ойын арқылы балаларды дыбысты дұрыс айтуға, тез және таза сөйлеуге үйретуде қол саусақтары жаттығуларының алатын орны ерекше.

Мысалы:

  1. «Адамдар жүреді» сұқ саусақпен ортаңғы саусақты тікесінен қойып, партада жүргізу.

  2. Көзге арналған жаттығуларды өте назар қойып өткізу қажет, бала көз алдындағы кимыл-қозғалысты басын қозғалтпай (бұрмай) көру керек. Ол келесі ойындар: «Күн-бұлт», «Ара-сона» т.б. Сурет арқылы және тақырыпка байланысты санамақты тыңдап қайталайды және суреттен көріп санайды.

  3. Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру барысында балалардың назарын сөздің дыбыстық құрамына аудару қажет, естіген сөздік материалды есте сақтап қалуға, сөйлегенде жіберілген өз қателерін естіп түзетуге үйрету қажет. Қойылған дыбыстарды сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандырумен қатар, осы дыбыстарды ерекшеліктеріне /үнді, үнсіз, қатаң, ұяң және т.б./ қарай ажырата білуге үйретеді, әр сабақта сөздің дыбыстық құрамын анықтауға дағдыландыратын жаттығулар, ойындар беріледі. Ол келесі ойындар: «Кішкене әліппе», «Қай әріп жоқ», «Артық дыбысты тап» т.б. Алдымен балалардың назарын жеке дыбыстарға, сөз ішіндегі дыбыстарға аударады, сонан соң сөзді толық, дыбыстық талдау дағдыларын игертеді . «Сиқырлы буын», «Сынып қалған сөз» т.б.

4. Дыбыстарды қою кезеңі:

Дыбыстарды дағдыландыруға арналған жаттығулар: «Орман шулайды», «Дөңгелек жарылды», «Шар жарылды», «Ысқырғыш шәйнек», «Милиционер».

Дыбыстардың артикуляциясын дұрыс дағдыландыру: Мысалы: а ) «Ш», «Ж» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті: Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді: бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға созылады, ерін кесеге ұқсайды.

б ) «С», «З» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті:

Ерін жымиып тұрады, тістердің арасы шамамен 1 мм ашық, тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады, тілдің ортасында жырақша пайда болады, сонымен ауа жолы өтеді, тілдің бүйір жақтаулары азу тістерге тиіп тұрады.

в ) «Р» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті:

Ерін, ауыз ашық, тілдің екі бүйірі жоғарғы азу тістерге тіреледі, жалпақ тіл альвеолға тиіп тілдің ұшы дірілдейді.

г ) «Л» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті:

Ерін, ауыз ашық, тіл жалпақ, тілдің ұшы альвеолға немесе жоғарғы тістің артында, тілдің екі бүйірі түсіңкі, тілдің түбі көтеріңкі. Дыбыстарды айта бастағанда оларды буында, сөзде, сөйлемде, әңгіме, мақал мәтелдерде, тақпақ, жаңылтпаштарда машықтандыру керек.

Пайдаланган әдебиеттер:

  1. Дефектология журналы. № 1 2012жыл35- бет.

  2. Тілашар. Логопед №2 2012жыл 21-бет.

  3. Тілашар. Логопед №1 2010жыл 41-бет.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ынтымақтастық

Тұрлыбекова А.Т.

Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі

Іргелі елдер қатарынан орын алған қазақ елі мәртебесі биіктеп, еркіндікің көгілдір туын, елтаңбасын, әнұранын, киелі істерін, ынтымақтастығын әлемге танытты. Ежелден елдік пен еркіндіктің туын берік ұстап, үлкен шаңырақ аясына түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, бірлікке, бауырластыққа баулап, достықтың туын берік көтерген қазақ халқы ата-баба өнегелерін өскелең ұрпақтарға ұғындырып, үйретіп келеді.

Сол ұрпақтар мен ұлыстардың бірлігін нығайтып, жарастырып отырған халықтың мемлекеттік тілін ел болашағына дәріптепбалалардан дәйекті түрде үйрету жолдарын қарастырып,өз іс-тәжірибемде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы еңбек етіп келемін.

Балаларды ең алғаш мемлекеттік тілмен таныстыру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен беделін, оның әдемілігі мен қажеттілігін,сүйсініп оқуға талпынуы,ынталануы қазақ тілі пәні оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегіне байланысты болғандықтан бұл іс біз үшін өте үлкен жауапкершілік.Балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру,тіл мәдениеттін жетілдіру,сөздік қорларын үнемі молайтып, бекіту-өмірлік маңызға ие болып отыр.Бұл талаптар қазақ тілі сабақтарын жүргізудің жан-жақты кешенді түрлерін, оларды өткізу ерекшеліктерін меңгеру әрі әдістемелік жағынан ұтымды әдістерді қолданғанда ғана және әр түрлі ойын, оқиға желісі ретінде өткізілсе баланың жан дүниесін баулап алады.Халық даналығында:

Бала өсірген ата-ана

Бала болып ойнайды.

Бала оқытқан ұстаздар

Бала болып ойлайды.

Ата-ана баланың ең бірінші тәрбиешісі,отбасындағы жетекші тұлға.Баланың тағдыры,болашағы,оның өмірге татар несібесі мен алар еншісінің үлес салмағы ата-ананың сіңірген еңбегіне,тәлім-тәрбиесіне байланысты өлшенеді.Ата-ананың тіршілігіндегі ең қымбаттысы,бағалысы – перзенті.

Балалардың сөзге қызығушылығы,сөйлеу үлгілерін іргетасы осы шақтан қаланатыны ескеріліп,балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру,тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру,сөзді үйрете отырып,сөздік қорларын байыту,баланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсаты алға қойылған.Байланыстырып сөйлеу әдісінің ең тиімді,ұтымды екенің айта келе, сөйлеу барысында сөз тіркесі сөйлем арқылы ғана қолданылатынын, яғни балаларды байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру- олардың тілімен бірге,ойын да дамыту деген сөз.Сөздік жұмысы да, сурет арқылы әңгімелеу-бүлдіршіндерді қазақ тілін үйренуге баулиды.

Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алдық.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.Білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің жаңа мазмұны пайда болды.Жеке тұлға,яғни істің ең маңыздысы болып отыр. Педагог қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беруді жаңартудың құралы. Оқу процесінде педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғарға нәтижеге қол жеткізу оның тиімділігін білдіреді.

Қазіргі таңда мұғалімнің басты міндеті – білім беру емес, оқушыны қызметін ұйымдастыру. Мұғалім жай ғана ақпаратты жеткізуші ғана емес, үздіксіз ауысып жатқан білім беру процесін маторы және ұйымдастырушысы. Оқыту үрдісінде білім берудің интерактивті формасын қолдану. Білім берудің тиімділігін арттырады. Интерактивті білім телекоммуникациясы және телехабар тарату технологиясы негізінде жетістікке жеткенде, оқу мәліметтерінің бастау кездерін пайдалану мүмкіндіктерін жақсарту.

Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің көтерудің тиімді жолы – білім беру

сапасын толықтай ақпараттандыру болып отыр. Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіру қажет. Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл – ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады. «Қазіргі заманда ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі білім беру өте қажет» деп ел басы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпаратты технологияны оқу үрдісіне онтайландыруы мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Қазір бұрыңғы кезең емес. Кейде баланың пәнге, ол туралы ақпараттарға қызығушылық деңгейі, сұранысы мұғалім білімінен де жоғары болуы мүмкін. Электрондық оқулық, компьютер интернет арқылы өз бетімен қажет білімін өзі алатын оқушылар көбейіп келеді. «баланың даму аймағы» әлдеқайда кеңілді, яғни толассыз өсіп келе жатқан толассыз ақпараттар мен ақпараттар көздерінің көбеюі жас баланың ойлауының жетілуіне үлкен әсер етеді.

Ақпараттық мәліметтердің пайдаланылуы, әсер ету тәсілі және жиналуы, білімдендіру саласында үлкен роль атқарады. Қазіргі заманда материалдық және инергетикалық қорлармен қатар негізгі қор ретінде бірінші орынға ақпарат шығады. Ақпараттандыру адамзат өмірінде барлық жағынан әсер ететін парасаттылық іс-әрекетінің ролімен деңгейін көтеруге байланысты жан-жақты даму үрдісі болып табылады. Ақпараттандыру ұғымы компьютерлік технология мен компьютерлердірумен тығыз байланысты.

Қазіргі күннің оқу, білім алуға қойған талаптары бүгінгі күннің оқу үрдісіне қойып отырған талаптарына толық сәйкес келе бермейді. Қазіргі заманда оқушы тыңдаушы өзіне керек қыруар көлемдегі білімді барынша қысқа мерзімде және барынша тез алуға ұмтылуда. Сондықтанда білімнің бүгінгі ұраны «белсенді де қарқынды оқу» болып отыр. Қарқынды білім алу оқытудың интерактиві әдістемесі мен технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі. Басты ерекшелік – оқушы оқыту үрдісін пассивті тыңдаушы емес белсенді қатысушы керек, қажетті материалмен тікелей жұмыс істеуші. Бұған қазіргі оқытудың жаңа технологиясы мүмкіндік беріп отыр. Ал басты мақсаты оқушының ойлау, табу, шешу қабілеттерін дамыту болып табылатын озық технологияның орны мектепте заманауи технологиялармен жабдықталу үстінде. Осы орайда интерактивті тақталардың алатын орны ерекше. Активстудио бағдарламасымен қамтамасыз ету арқылы интерактивті тақтамен оқыту технологиясы оқу үдерісін белсенді, қарқынды етудің бір жолы. Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттар беруге көмектеседі.

Ол әр түрлі түспен көркемделіп, дыбыстар мен мультимедиялық операциялық ортамен құралған сабақ. Қазіргі таңда ақпараттық технологияны қолданудың мынандай артықшылықтары бар:

  • Оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсіну;

  • Білімдердің жаңа саласын оқып – үйренуге уәждеу;

  • Оқып – үйрену уақытының айтарлықтай қысқаруы нәтижесінде уақытты үнемдеу;

  • Алған білімдері ұзақ уақыт есте қалады және қысқаша қайталанғаннан кейін іс жүзінде қолдану үшін оңайырақ еске түседі;

  • Өндірісті оқып – үйрену мен біліктілігін көтеру шығындарының азабы азаюы;

  • Интернетті пайдалану мүмкіншілігі;

  • Оқушының танымдық қбілеті, өз бетінше ізденуіне жол ашады;

  • Білім заңының талаптарына толық қанағаттандырады;

  • Оқушылардың білім сапасы жоғарылайды;

Жаңа технологиядан күтілетін нәтиже:

  • Жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениетті дамиды, кең ақымды ақпараттар мен пайдалы мәліметтер алады, өзінің жеке болашағына бағыт — бағдар жасайды сауаттылығы артады;

  • Жаңалықты меңгереді, жаңа шешімдер табуға даңдыланды дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен білім алуға және ойлауға үйренеді, оқушының қабілеті дамып, өз бейімділігін таниды;

  • Ұстаз бен дара тұлға арасындағы байланыс ынтымақтастығы артады;

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды басты мақсаттарының бірі – оқушылардың ақпараттық мәдениеттің қалыптастыруы және жаңа әдістерді қолдануы қажеттілігінен туындайды. Егер де, ақпараттық технология әдістерді қолдану қарыштап дамуының кепілі десек, дамыған елдің болашағы бұлыңғыр болмақ емес.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың:«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады», — дейді. Демек мұғалімге қойылатын талап жоғары, яғни : терең біліктілік, оқу – тәрбие ісін шебер ұйымдастыра білу заман талабына сай ақпараттық сауаттылық, жаңалықты дер кезінде сезініп, ағына ілесіп отыру арқылы шығармашылықпен жұмыс істей білу, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгеру, т.б.

«Оқушы ақпаратты қалай қабылдауы мүмкін?»-деген сұрақ туындауы мүмкін.

Ол :

  1. Тұқымқуалаушылық қабілет;

  2. Ақпарат үзілісті жеткізіледі;

  3. Ақпарат үздіксіз беріледі;

  4. Ұстазынан түрлендіріледі.

Оқушының білім сапасының негізі мен тиімді жолдары оқушының-өзіндік зерттеу тәжірибесі нәтежесінде келіп шығады. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ынтымақтастық келер ұрпақтын басты нысаны жете меңгерген оқытушы да болашақ маман иесі де нәтижеге бағытталған жұмыс атқарары сөзсіз.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән –маңызын түсінетін жаны да,тәні де таза,білімді,жан-жақты мәдениетті,паториот – азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз»-деген болатын.Ендеше осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан-жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Балгазина Г.Н.

Ақтөбе қаласы №47 ОМ география пәні мұғалімі

Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек.Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет. Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс. Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады.
Оқыту әдістері мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше оқыту әдісі-оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 негізгі топқа бөлді:

а)оқу-танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері.
ә)оқу-танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері.
б)оқу-танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсендік, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы, сарамандық жұмыс жасау сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни,оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-оқушының белсенді әрекеті.

География сабағында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту. Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындауда мектептің рөлі зор. «Қазақстан-2030» стратегиясы анықтап берген бағыт-бағдарға сәйкес республиканың білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасының дамуына, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениеті жастар тәрбиелеу болып табылады. Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туындап отыр. Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады.Таным белсенділік-оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде,өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Білім беруде оқушы өзі ізденіп,тақырыпты оқып,түсініп,тақырып аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болғаны. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс. Яғни, мұғалімнің оқытуы, оқушының оқуы тұйық шеңбер түзуі керек.Оқытудың негізгі мотиві-таным мотиві, өйткені таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі. Қазіргі кезде кез-келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:

-Мұғалім мақсатты құрастырады, бірақ бағалардың өлшеуішін түсіндірмейді.
-Мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады.
-Қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көп нұсқалығы туралы айтуымызға болады.
-Жаңа тапсырманы меңгеріп қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған тапсырмаларын орындайды.
-Мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап,оқушылардың білім деңгейін тексереді,ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Адамзаттың бүкіл өмір бойы жинаған білімі мен ілімі соншалықты көп терең, сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиын болып бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қасиетін арттырып,олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек. Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс.
Академик Ю.Н.Баранский өзінің «оқу-тәрбие процесін оптималдандыру» деген еңбегіде (1982 ж.Просвещение) танымдық әдістерді мынадай 2 топқа жинақтады:
1.Оқушылардың оқу-таным қызметтерін ұйымдастыру әдістері.
2.Оқу-танымдық қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады.
1.Ауызша баяндау (әңгіме, түсіндіру, лекция)
Ауызша баяндау құр жалаң сөз болмауы керек. Сабақты түсіндіргенде Шаталов әдісімен тірек-сызбаларды сызу. Венн диаграмасы салыстырмалы сипаттама жазу әдістері, тақырыптағы негізгі ойды білдіретін сөздерді тауып, сараптама жасауға дағдыланады.
2.Көрнекілік әдісін (табиғат құбылыстарын тікелей бақылау, көрнекі құралдар және иллюстрациялармен, картамен жұмыс).
Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Көз бен көріп, қолмен ұста дегендей әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. «Атағаныңды картадан көрсет, көрсеткеніңді ата» деген географиялық ереже бекер айтылмаған. Номинклатура жаттау үшін «Орныңды тап», «Тізбекпен жүр», «Ендік,бойлық» т.б. танымдық ойындар ойнатылады.
Оқушының танымдық қызығушылығын табиғат құбылыстарына тікелей бақылау жасау арқылы арттыру маңызды.
3.Сарамандық жұмыстар әдісі. (Тақырыптық карталарды салыстыру,статистикалық мәліметтерді өңдеу, географиялық әдебиеттермен, хрестоматиялық жұмыс, географиялық дәптермен жұмыс). Оқу материалын оқып-үйрену кезінде оқушылардың таным белсенділігі жоғары болатын сабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді.Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдердің ішінен таным қабілетін күшейтетін түрі таңдалып алынады. Негізгі көңіл бөлетін жағдайлар: материалдардың мазмұны қолдағы құрал-жабдықтар географиялық білімнің жүйелілігі.
Географиялық білім берудің басты құралы-сабақтың мазмұны ешуақытта төмендемек емес, керісінше,оқушының өздігінен білім алу мүмкіншілігін жүйелі әрі сапалы деңгейге көтерудегі рөлі күннен-күнге жоғарылауда. Қазіргі кездегі сабақтың ең басты көрсеткіші ретінде төмендегі педагогикалық шарттардың орындалуын атауға болады:

-Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың өзара түсінушілікке негізделуі;
-Оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш салуы;
-Оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын, ойын элементтерін және т.б. енгізу арқылы арттыру.
Бір сарынды сабақ түрлері, ең алдымен оқушының ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ойлау белсенділігін,танымын тежейді. Географиядан білім дағдыларын меңгерту, қызықтыру, ойлау, жеткізіп айту, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер іздестіріледі.

-картаны оқу және беттестіру;
-оқулықпен жұмыс жүргізу;
-кесте,график-диаграмма,тірек-сызба құру;
-диктант;
-тесттік жүйе;
-өмірлік материал;
-баспасөз,ақпарат материалдары;
-реферат, дәріс дайындату;
-халық педагогикасы жолдарын пайдалануға болады.

Оқушыларға ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру,оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады:

-Географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі;
-Табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен шаруашылығындағы маңызы, табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жолдары. Қосымша материалды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті жер материалдарын пайдалануды керек етеді. Географиялық білімді күнделікті тиімді қолдана білу, өз жеріндегі табиғатты шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалауға септігін тигізеді;

-Туған өлкеге дүние жүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау. Өз өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге өздерінің үлесін қосу;
-Ақпараттың алуан түрлі көздерін картамен, географиялық суреттемелермен, сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.
Географиялық білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып, үйрену, георафиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру.

Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушы білімін күнделікті өмірге, тіршілікке қолдана білуді, географиялық, саяси, экономикалық ақпарат көздерін, карталарды, еңбек пен тұрмысқа қатысты міндеттерді шешу үшін есептеуіш техниканы пайдалана білуді, тұрған жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгеру. Оқушылардың байқағыштығын, есте сақтау, сөйлеу, қиялдау, азаматтық бейнесін жасау, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шынайы көзбен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту.
География пәнін оқытуда тақырыптың мазмұнына сәйкес күнделікті ақпарат хабарларды, теледидардан көрсететін жаңалықтарды көруді оқушыларға міндет етіп қою қажет. Баланың танымдық қасиетін, зейінін, зердесін дамытудағы материалдар үлкен көмек береді. Оқушы білімін дамыту үшін география сабағында танымдық әрекетін дамыту атты материалдарды барлық сыныптарда пайдалануға болады.
6 сыныпта «Литосфера» тарауын өткен уақытта Венн диаграммасын толтыруға болады.
1)Жанартау деген не? Жанартау мен жер сілкінісінің ұқсастығы мен айырмашылығын оқушылар тақтаға толтырады.
Жанартау ортақ белгісі Жер сілкінісі

«Өзендер» тақырыбын өткен кезде оның бөліктерімен таныстыру, өзен ағысының жер бедеріне байланыстылығы, өзен жүйесі, алабы, суайрық және қоректенуі жайлы ақпарат беру. Мұнда гидросфера туралы білімді тереңдетіп, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударған жөн. Сабақта «Су-тіршілік көзі», «Судың да сұрауы бар» нақыл сөздері арқылы суды ретсіз ысыраптамау, оны үнемді, тиімді пайдалану қажеттілігін түсіндіре отырып, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу жүзеге асырылады. Осы «Өзендер» тақырыбын өткен кезде картаның маңызы ерекше. Өзеннің ағысы мен салаларын картадан қалай анықтаймыз? Мысалы: Миссисипи өзенінің бастауы мен сағасы қандай биіктікте жатыр? Бұл үшін горизонталь бағыттарды білу керек.
Картадан горизонталь айқын байқалады. Ақшыл сары бояу 500 м, ал жасыл бояу 200 м көрсетеді. Географияның екінші тілі «Атағанның бәрін картадан көрсет, көрсеткеннің бәрін ата» деген ережені есте сақтау керек.
8-10 сынып оқушыларына көбінесе танымын тереңдету үшін көп ізденіп ғылыми-еңбектерге сүйеніп отыру шарт. Жоғарғы сынып үшін тірек-сызбаның маңызы зор.Оқушылар әр сынып сайын термин сөздерге дәптер бастап отырады. Бұл оқушыға өткен білімге қайталап соғуына ықпал етеді. Оқушы-таным деңгейін дамытуда деңгейлік тапсырманың маңызы зор.
Сондықтан оқыту жүйесіндегі өзекті мәселе-мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі, бекітуі, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру тәсілдерін ұтымды пайдалануы деп түсінеміз. Олай дейтініміз: оқу үрдісінің негізгі күші ұзтаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекетінің жиынтығы болып табылады.

Ой еңбегінің танымдық белсенділігі мен мәдениетін дамытудың маңызы. Бүгінгі таңда білім беретін мектептердің міндеті өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.
Танымдық белсенділік мәселелік сұрақ, берілген тапсырманы талдау, салыстыру, жинақтау және ғылыми болжам жасату арқылы туындайды. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, тірек-сызбаларды қолдануы керек.
Егеменді еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда ауыл мектебінің де қала мектебінің қосар үлесі зор. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім мен тәрбие беру,ойлау қабілеті, рухани байлығы жоғары мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мектеп мұғалімінің де басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Жаңаша оқыту бағдарламасы негізінде жүргізілетін сабақтардың ерекшеліктері: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.