Байқоныр қаласы
Ю.А. Гагарин атындағы орта жалпы
білім беретін №8 мектеп
Физика пәні мұғалімі
Ибайдуллаева Орынкүл
Баяндама
Көрнекілік принципті оқытудың техникалық
құралдары арқылы жүзеге асыру
Мазмұны:
1.Педагогикадағы дидактика
2.Көрнекілікпен ақпарат байланысы
3.Педагогикадағы дидактикалық принциптер
4.Көрнекілік түрлері.
мақсаты:
- 1.Оқушылардың білім негіздерін терең меңгеріп, өзіндік ойын қорытындылай білуге дағдыландыру;
- 2.Оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелей білуге дағдыландыру, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру;
- 3. Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
- 4. Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиында күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.
Адам үшін – еңбегім |
Өмірден барлық тергенім
Қалағаның қарап ал
Мұрам сол, жастар, бергенім
Шәкәрім.
Өскелең ұрпақты өнегелі етіп тәрбиелу, білімге құштар, жан-жақты жетілген, парасат пайымы мол, мәдениеті жоғары азамат етіп жетілдіру — бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Еліміздің экономикасы артып, мектептердің техникалық базасы нығайып, арнайы компьютерлік технологиялармен, интернет, электрондық оқулық және т.б. кеңінен қамтамасыз етілуде. Осыған орай, жаңа заманның жас шәкірттерін тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес компьютермен оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып сабақ өткен кезде оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы – 9 %, сипап сезу арқылы – 1 %. Көптеген оқушылардың есте сақтау қабілетінің ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары есту және көру мүшелері болып табылады.
Сонымен адам баласының қабылдауын терең зерттеген физиологтардың еңбегіне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үлгісінде қолданылатын компьютерлік технология мен оқытудың құралдарын тиімді пайдалана отырып, мұғалім сөзі мен сабақтастырған жағдайда сабақты меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.
Педагогикада дидактика жөнінде былай делінген: дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos-үйретуші, didaskаlos-мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика – білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктеріде зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен прициптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
Қазіргі дидактикадағы көрнекілік принципі нақты пәндерге және оны бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ. Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігімен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз.
Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат емес құбылысты бейнелеуден яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үңгірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталады. Мектеп практикасында көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған. Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған. Ауызша және жазбаша сөздің көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағыналы және эмоциональды бола түсті. Қолжазба және басқа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың «Утопия» атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайлы баяндалған. Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, сондай-ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдар қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Коменский. Я.А.Коменский көрнекілікке анықтама берді, оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыратын, білімге құштарлығын арттыратын, уақытты үнемдеу құралы бұны біз «Дидактиканың алтын ережесі» дейміз. Дәл осы мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы басталды.
Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
- Оқыту процесінің мақсаттылық принципі;
- Оқытудың ғылымилық принципі;
- Түсініктілік принципі;
- Жүйелілік принципі;
- Саналылық және белсенділік принципі;
- Көрнекілік принципі;
- Педагогикалық процестің бағыттылық принципі;
Осылардың ішіндегі көрнекілік принципі туралы: көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік–балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту процесі ретінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше. Көрнекілік түрлері: Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б. Символикалық көрнекілікке карталар, карто-граммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер
10-класта Әртүрлі ортадағы электр тогы тақырыбын өткенде төмендегі схеманы қолдануға болады.
Электр тогы
Сұйықтықтарда
Экранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке аудио дискілер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Енді физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
- Ғылымилық принципі;
- Физиканы оқытудағы көрнекілік принципі;
- Физиканы оқытудағы саналылық және белсенділік принципі;
- Физиканы оқытудағы жүйелілік және реттілік принципі;
- Физиканы оқытудағы түсініктілік принципі;
Осы принциптердің ішіндегі физиканы оқытудағы көрнекілік принципі, ол оқушылардың материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функцияларды орындайды. Физиканы оқытудың практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал — жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар және т.б.).
Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, геометриялық оптика тарауының алғашқы сабақтарында фигуралардың әр түрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек олардың кеңістік қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни оптиканы үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстрактылық көрнекілікке» (жазық сызбаларды қарастыру) орын беруі тиіс.
Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық
құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютермен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:
- Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;
-
Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
-
Оқытудың тиімділігін жоғарылатады, және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
-
Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
-
Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
-
Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз:
- Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты (сөздік және бейнелік);
Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру-есту);
Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық аппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа);
Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық құрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған).
Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар:
1. Оқытудың экрандық құралдары;
2. Оқытудың дыбыстық құралдары;
3. Оқытудың экрандық – дыбыстық құралдары.
Ал, компьютерлік техника (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.
Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай-ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.
Оқу диапозитивтері – оқу және тәрбие мақсатына қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.
Транспаранттар – полиграфиялық және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспаранттарды графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.
Эпиобъекті – экранға жарық көмегімен проекцияланатын жазық объектілердегі бейнелер (сызбалар, суреттер, фотографиялар, мәтіндер және т.б.).
Оқу диафильмдері – оқу ақпаратын алдын-ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35 мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.
Оқытудың дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грампластиналр). Оқытудың экрандық – дыбыстық құралдары оқу кинооқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді. Кинооқулық – бұл кинотаспадағы дыбыстық түрде берілетін жылжымалы объектілердің позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқулық қорына кинофильмдер, киноүзінділер жатады. Бейнежазбалар – бұл арнайы магниттік таспа бейнемагнитафон мен теледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және дыбыс. Теледидар экранда бейнелеу үшін қолданылады.
Енді, физика сабағында компьютер мен оқыту құралдарын кешендік пайдлану әдістемесіне тоқталайық. Оқыту құралдарының кешені деп оқу бағдарламасының қандай да бір тақырыбын оқуға арналған қажетті және жеткілікті құралдар жинағын түсінеміз. Кешендік оқыту құралдарын арнайы бір құрылыммен, яғни оқу үрдісінде қажетіне қарай дидактикалық мүмкіндігіне орай, оларды бір-бірімен сабақтастыра отырып, өзара байланысты біртіндеп тізбектей қолдану өте қажет. Оқыту құралдарын
қолдану үшін оларды таңдаған кезде ең алдымен ескеретін жәйт олардың дидактикалық мүмкіндігі сабақ тапсырмалары мен нақты шарттарын ескеру керек. Әрбір кешендік оқыту құралдарын пайдаланар уақытта бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс.
7-сынып физика курсында өтілетін тақырыптарға қатысты кешенді түрде қолданылатын оқыту құралдарының тізімін жасау аса қажетті. Мысал келтірейік. 7 – сынып физика курсындағы «Қысым» тақырыбын өткен кезде жаңа материалды түсіндірген уақытта оқушылармен әңгіме сабағын өткізе отырып, проблемалық жағдай туғызып, тарихтан мысал келтіре кетіп, оларға сұрақтар қою қажет. Тарихи оқиғаларды суреттеп көрсету үшін сабақтың алғашқы уақытында эпипроектор пайдаланамыз. Қысымға тәжірибелер қолданғанда тақта мен бор немесе кодоскоп пен фломастер пайдалануға болады. Сабақта компьютерді тиімді қолдана отырып, алдын-ала әзірленген «Қысым» тақырыбына арналған мысалдар мен тәжірибелер, схемалар қолданамыз.
Паскаль —
француз
ғалымы
|
|
түрленуі
|
|
|
|
мысал: Байқоңыр қаласындағы зиянды ракета қалдықтарын жою үшін оқулықтағы (суретті қарау) қай күректі және трактордың қандай түрін қолданамыз? т.б сияқты сұрақтармен жалғастыруға болады.
8 — класта «Жылу құбылыстары» тарауындағы жылу берілу түрлері — жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару тақырыптарын өткенде көрнекілікке киіз үй жабдықтарын қолдануға болады. Киіз жүннен жасалады, жүн ылғал мен температура әсерінен (киіз басу) және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, көлемі кішірейіп тығыздығы артады. Киіздің жылу өткізгіштігіне тоқталсақ жылуды нашар өткізетін заттар денені салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ал киіздің жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан оның осы қасиеті киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болауын қамтамасыз етеді. Конвекцияға тән жағы қандай ыстық болса да киіз үйдің ауасы таза, салқын сезіледі. Конвекцияда жылы ауа жоғары көтеріліп, салқын ауа оның орнын басады. Сонымен бірге киіз үйге ақ шаңқандай киіз жабады. Ол неге ақ болу керек? Ақ киіз өзіне түсетін әр түрлі сәулелердің барлығын шағылдырады да жылуды аз сіңіреді, бұл да жазда киіз үйдің салқын болуына әсерін тигізеді. Қатты денелерде болатын деформацияның түрлерін қарастырғанда киіз үйдің сүйегін (уық, кереге, шаңырақ, күлдіреуіш) алуға болады.Бұлардың барлығы дерлік деформацияланған ағаштан жасалған.Үй ағаштарын түрлі бейнеге игенде морға төсеп, балқытқаннан кейін тезге салып керекті қалыпқа келтіріп иеді. Киіз үйдің төбесінде жаңбыр іркілмес үшін 450 шамасында иілген ағаштан күлдіреуіш орнатады. Үй орнықты болу үшін тепе-теңдік шарты сақталады. Оқытуда халық педагогикасын қолдану да мұғалім шеберлігі.
Физика сабақтарында мақал- мәтелдерді қолдану үлгісі
Мақал- мәтел |
Физикалық ұғым, шама, құбылыс,т.б |
Адамтануда, сана-сезімін қалыптастырудағы көрінісі |
Шешен сөзінен сынады, |
Ине көзінен сынадыЗаттың беріктік шегіСөздің мән-мағнасын түсініп, ойлап, байқап сөйлеуШапқан озар, жатқан қалар.ЖылдамдықЕріншектің ертеңі көпСаусақ бірікпей, ине ілікпейдіҮйкеліс күшіБірлік береке табысқа жеткізедіКөсеу ұзын болса, қол күймесЖылуөткізгіштікАрқа сүйер адам, жақын тұтар кісің болса қиындық көрмейсіңҚисық ағаштың көлеңкесі де қисықЖарықтың түзу сызық бойымен таралуыБұрыс істеген істің кесірі өзіңе тиеді.Жақсылық істесең жақсылық көресің, жамандық істесең жамандық көресіңАузы күйген үрлеп ішерБулану құбылысыӨткен өмірден өнер алу
Қорытынды
Ұлт болашағы-жастар, бүгінгі өскелең ұрпақ. Ендеше отансүйгіштік тәрбиесіне ерекше мән беріп, келешек ұрпақты білімді саналы тәрбиелі етіп оқытуға күш салуға шақырамын. «Қырық бес жыл мұғалім болсаң да қырық бес минут сабаққа мұқият дайындал» дегендей әр сабақтың қызықты да тартымды, сапалы өтуі үшін үлкен дайындық қажет.
Әдебиеттер
1.Бейсеков Ж ., Рахымбек Д., Шарипов Т. «Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы». Шымкент. 2003 ж.
2.Дрига И.И., Рах Г.И. «Технические средства обучения в общеобразовательной школе». Москва. Просвещение.1983 г.
3.Коджаспирова А.В. «Методика использования технических средств».
Москва. Просвещение. 2005 г.
4.Қоянбаев Ж ., Қоянбаев Р. «Педагогика». Астана. 1998 ж.
5.Математика және физика Алматы №4-2007 ж.