Без рубрики

Бейнелеу өнері пәнінің берілуі жайында бірер сөз

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы
М.Әуезов атындағы № 2 ОЖББМ бейнелеу және
сызу пәнінің мұғалімі Меңдешева Айгүл Еділбайқызы

Бейнелеу өнері адамның өзі өмір сүріп отырған ортасынаң әсемдігін өнер тұрғысынан түсінуіне, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасуына жол көрсететін ең алғашқы ілім. Сурет салуды сүю дегеніміз- ол өмірдің табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Бейнелеу өнерімен сусындаған жас еш уақытта жамандыққа бармайды, көшедегі балауса талдарды сындырмайды, маңайын былғамай таза  ұстайды, табиғатқа деген қамқорлығы ерекше болады. Ол адамның  ақыл ойын, парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, ең негізгісі халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды. Бұл ғылыми теория емес, шындық.

Бейнелеу өнері сабағының қоғамдағы алатын орны және тәрбиелік мәні өз алдына ерекше. Өнер сабағының негізгі міндеті-балаларға өнерінің барлық түрлерінен жалпы мағлұмат беру, қарапайым заттарды суреттерін салуды меңгерту, өмірдегі жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету , ұлттық сәндік өнерімізді оқыту негізінде, оқушылардың ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру. Талапқа сай өтілетін бейнелеу өнері сабағында әрбір оқушы, өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін, табиғаттың, әсемдігін және осы әдемілікті көріп, сезіне біледі. Міне, бейнелеу өнерінің құдыреттілігі қайда жатыр, біз осыны ескереміз бе, ескермейміз? Кейде бала салған суретті құр шимай дейтініміз бар. Шың мәнінде олай емес. Әрбір баланың тақырыпқа немесе ертегіге байланысты салған суреттері ол шығармашылық  туынды болып саналады. 1911 жылы Италияның өнертанушысы, ғалым Корадо Риччи « балалар нағыз суретші» деп жеткіншектердің салған суреттеріне жоғары баға берген . Неміс зерттеушілері Кршнештейнер,Лампрехт, ағылшын зерттеушісі Селли, орыс зерттеушілері Рыбников, Бакушинский, Игнатьев жер бетін мекен еткен халықтар балаларының бала кезінде салған суреттерінің деңгейі, бағыты,қолданатын композициялық шешімдері ұқсас екенін дәлелдеген. Егерде балалардың табиғи сурет салу деңгейі бірдей болса, әрі қарайғы дамуы, қалыптасуы өзімізге байланысты болатынын осыдан аңғару онша қиын емес шығар.

Қазіргі уақытта бір бірімізден қалай асып түсудің жолында жүргенде бейнелеу өнерінің шет қалуы кәдімгідей байқалады.   Өнер туындысы бірінші халықтың көңілінен шығуы керек, еліңнің қажетіне айналуы тиіс деп ойлаймын. Кейбір ғимараттарды қалай болса солай салынған арзан суреттер ілулі тұрады, Бұдан түсінетініміз, бізде өнердің сапасына жауап беретін ешкім жоқ сияқты. Қазіргі кезде бейнелеу өнерінің ұлттық тәрбиеге байланысты туындыларын жазатын суретшілерге көбірек қолдау жасап, олардың еңбектерін мұражайларға  қалдыру жағын ойластыруымыз қажет, ол қайталанбайтын тарихымыз. Ұлтымыздың тарихы бейнеленген туындылары біздің халқымызға ғана керек, оны шет ел қажет етпейді.

Ұлы Абай атамыздың 33-ші қара сөзінде өнер туралы  былай делінген: «…егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек . Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал өнерін сатқан қолөнерлі- қазақтын әулиесі сол». Әулие деген қазақтың түсінігінде ең қүдіретті, қасиетті, киелі адам деген мағынаны береді. Осы қара сөзінде ұлы ақын өнерді, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлі адамы деп әулиеге теңеп отырғаны тегіннен тегін емес. Мысалы, өнерлі адамдар өз қолдарымен жасаған әдемі заттарын киелі деп қастерлеп, төрге қойып, оны өзінің өсіп келе жатқан балаларына, немелеріне мұра қалдырып отыратын білеміз. Бұл біздің елімізде ғасырдан ғасырға  жалғасын тауып келе жатқан дәстүр.

Мәдиниеттілікке, әсемдікке баулудағы олқылықтың бір ұшы осында жатыр. Тағы бір дәлел. 12 жылдық оқудың алғашқы бағдарламаларын жасау кезінде бейнелеу  өнерін ән сабағына қосып жіберді. Бұларға аз сағат та жетеді, барлығы сол өнер ғой деді. Біздің пікірімізді ескермеді. Сөзімізге ешкім құлақ аспаған еді.

Мектептегі бейнелеу  өнерін алайықшы. Бейнелеу өнері сабағы қай мектепке барсаңыз да бір қосалқы, қажетсіз, пайдасы жоқ сабақ  сияқты. Ал шынтуайтына келсек, ұлы тұлғалардан бастап, қазіргі танымал суретшілердің көпшілігі сурет салуды мектеп қабырғасынан үйренеді.

Сондықтан, сабақты сапалы, қызықты өткізу, балалардың өнерге деген қызығушылығын , сүйіспеншілігін арттыру тікелей пән мұғаліміне байланысты.

Қазіргі кезде оқушыларды пәнге қызықтыру үшін көптеген жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануға мол мүмкіндік бар.Әсіресе АКТ пайдалану арқылы өткізген сабақтарымыз оқушылар үшін өте қызықты.

Төменде  бейнелеу пәні бойынша  мультимедиа кабинетінде сыни тұрғыдан ойлау әдісінің элементтерін пайдалана отырып өткен,  «Портрет» тақырыбындағы сабағымнан көріністерді көруге болады.

Сабақта оқушылар виртуальды мұражайға саяхат жасап, топ-топқа бөлініп, компьютерді пайдаланып жұмыстанды.

Ал мына фотолар сызу пәні бойынша «Үш жазықтықта проекциялау» тақырыбында өткен  сабағынан алынған.Оқушылар сызбаларды  интербелсенді тақтаға ACTIV studio-ны пайдалану арқылы сызып, соңынан компьютерде орындады.

Сызу пәнінің сабақтарын AUTOCAD және  Kompas-3D  LT бағдарламаларын пайдалану арқылы да ұтымды өткізуге болады.З-ds MAX бағдарламасы да мектеп оқушылары үшін өте жеңіл.Бұл бағдарламанынң көмегімен дизайн мамандығына алғышарттар жасауға болады.

Шәкіртім 9сынып оқушысы Н. Темірғалиев  осы бағдарламаның көмегімен «Болашақ мектеп» ғылыми жобалар сайысына қатысып, мектеп моделінің үлгісін жасақтап, аудандық және облыстық байқаулардан жүлделі орындарды иемденді.

Соңғы кезде мынадай көріністі жиі байқауға болады.Жоғары оқу орындарына бейнелеу өнер мамандығына оқуға келетін талапкерлер емтихан тапсыруға келіп,өмірлерінде  бірінші рет гипсті көреді. Ал қаланың балалары болса мұндай заттардың сырын үйреніп алғандықтан емтихан тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап жатады. Ал ауыл, қала мектептерінің балаларына қойылатын емтихан талаптары бірдей. Сынақтан кейін ауылдан келген балалардың ата-аналары емтихан қорытындысына қарап: «Біздің балаларымыз неге төмен баға алады? Баламыз мектепте суреттен үздік оқушы еді,сіздердің талаптарыңыз ерекше ме сонда?», деп реніштерін білдіріп жатады. Ауыл балаларының бойындағы табиғи қабілеттің ерекше болатынына еш күмән жоқ. Бірақ олар сурет салудың заңдылықтарын  білмейді, не сақтамайды.  Әрине бұл баланың кінәсі емес, бұл біздің кінәміз. Мұғалімнің өз міндетіне жауапсыздығы деп түсінуіміз керек.

Осындай олқылықтарға жол бермеу үшін, құрметті әріптестер әр сабағымызға ашық сабақ өткізгендей дайындалып, соңғы жаңалықтардың барлығынан да хабардар болып, Интернет желісінен уақытымен мәлімет алып,өз біліміміді жетілдіріп, нағыз өз ісінің маманы болуға тырысайық.Сонда ғана біздің балаларымыз кез-келген жерде өз білімдерін қысылмай көрсетіп, өмірдің әртүрлі жағдаяттарынан еркін шыға алатын болып, жеке тұлға ретінде қалыптаса алады.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.