Жұлдызды сәт
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті
Б.К.Меренбаев атындағы №226 гимназияның
физика пәнінің мұғалімі Молдабекова Зауре
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік : оқушының алған білімін нақтылап , оны өз дәрежесінде көрсете білу
- Дамытушылық : әрбір оқушы өз білімін толықтырып ,оны әрі қарай дамытады
- Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта , компьютер , слайдтық презентация , жұлдызшалар
Сабақтың өтілу барысы :
- тапсырма Бәйге
- тапсырма Қай ғалым?
- тапсырма Кім жылдам?
- тапсырма Жұмбақтар
- тапсырма Физикалық терминдер
- тапсырма Бәйге.
- Физика қандай ғылым ? Табиғат туралы ғылым
- Табиғатта атомның неше түрі бар? 92 атом
- Қанша зодиак шоқжұлдыздары бар? 12 шоқжұлдыз
- Жердің табиғи серігі? Ай
- Алып планеталарды ата? Юпитер, Сатурн ,Уран, Нептун
- Заттың қанша күйі бар? 3 күйі бар (қатты, сұйық , газ)
- Қозғалыстың неше түрі бар? 2 түрі бар( бірқалыпты, бірқалыпсыз
2.тапсырма Қай ғалым?
- Физика сөзін ғылым ретінде енгізген ғалым? Аристотель
- Атом атауын алғаш қолданған ғалым? Демокрит
- Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қалаған кім? Н.Коперник
- Физика сөзін орыс тіліне аударған ғалым? М.В.Ломоносов
3.тапсырма Кім жылдам?
- Ұшақ 700 км/сағ
- Жаяу адам 5 км/сағ
- Жеңіл машина 60 км/сағ
- Қоян 65 км/сағ
- Электр пойызы 200 км/сағ
- Күшік 90 км/сағ
4.тапсырма Жұмбақтар
1. 12 бұтағы бар алып емен ,
52 шыбық тарап өсіп өнген
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген(1жыл 12 ай 52 апта 7 күн)
2. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді(Ауа)
3. Кейде жарты , кейде бүтін дөңгелек
Түн болған да шомылады көлге кеп( Ай)
4.Құйрығы інге кірсе беті өртенген,
Ішегіне ішегі тисе қатер төнген( Электр пеші)
5.Жоқ өзінде баста , қаста ,мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында (Сызғыш)
5.тапсырма Физикалық терминдер
Қай тілден шыққан, қандай мағына береді?
- 1. Физика грекше – табиғат
- 2. Гипотеза грекше – болжам
- 3. Инерция латынша- әрекетсіздік
- 4. Диффузия латынша- таралу
- 5. Атом грекше- бөлінбейтін бөлшек
Қорытынды : көп жұлдызша жинаған оқушылар марапатталады
