Без рубрики

Дауысты дыбыстардың жіңішке айтылуы. Ән ұран

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,
Жезді аралас орта мектеп
интернатының бастауыш сынып мұғалімі Ағыбаева Сандуғаш Амантайқызы

Пәні: қазақ тілі

 Тақырыбы: Дауысты дыбыстардың жіңішке айтылуы. Ән ұран.

Мақсаты: Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы туралы мағлұмат беру, отан, елтаңба, әнұран, ту туралы білімдерін кеңейту.

Сөздік қорын, есте сақтауын, логикалық ойлауын, шығармашылық ойлауын арттыру.

Өз елін құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілі: Мультимедия, слайд арқылы бейне көріністер, мақал –мәтелдер, карточка, оқулық, портреттер.

Сабақтың түрі: топтастыра іздестіру сабағы.

Сабақтыңәдісі:әңгімелеу, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыстар, топпен оқыту, дамыта оқыту арқылы баланың білімін тексеру.

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінің аудару.

Қуанамын менде.

Қуанасын сенде,

Қуанайық достарым.

Арайлап атқан достарым.

Сыныпты екі топқа бөлу.

Ұран айту: Күш –білімде.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Жуан дауысты дыбыстар бар сөздер жазу.

III. Үй тапсырмасын бекіту.

Сөйлем неден құрылады? Сөз неден құрылады?

Дыбыс деген не? Әріп деген не?Жуан дауысты дыбыстарды ата?

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? Буын дегеніміз не?

Тасымал деген не? Тасымалданбайтын сөздер?

IV. Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа.

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына.

Қойды допты қолына

Оңқарады, сол қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

V.Дәптермен жұмыс. Көркем жазу

ӘәӘәӘәӘәӘәӘәӘәӘәӘәӘәӘәӘәӘә

Тірек сөздер:

Ту

Ән

Ұран

Нұр

Ну

Су

Ар Дәптер алмастырып тексереді.Санын жазып қояды.

VI.Жаңа сабақ

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,ондағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке болып айтылады: өзен,темір, сәбіз, түйме, үйрек,ілгіш суреттерін көрсету.

80-жаттығу.

Балам,балам, жақсы бол,

Міне,сенің мектебің.

Сабағына зейін сал,

Ақылды бол тентегім.

Қ.Аманжолов туралы мағлұмат беру.

Жіңішке айтылған сөздерді тауып жазу. Міне, сенің мектебің, зейін,тентегім.

81-жаттығу. Топ басшысы 2 топқа беру.

Жол сан таң тамыр орын тары

Жел сән тең емір ерін тері

Қай сөзде жуан, қай сөзде жіңішке айтылған?

Буынды жалғастыр

Маратта … доп бар.

Айгүлдің қызыл.

… білім бұлағы.

Керекті сөздер: кітап, үлкен, алмасы.

VIII.Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің оқуы. Оқушыға оқыту.

Барлығымыз 94 бетті ашайық не туралы айтылған? Мемлекеттік әнұранды білеміз бе?

.IX.БекітуX. Үй тапсырмасы: Жіңішке айтылатын сөздер жазып келу.XI.Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.