Физика әлемінде

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті
Б.К.Меренбаев атындағы №226 гимназияның
физика пәнінің мұғалімі Молдабекова Зауре

Физика әлемінде  сайысын өткізу үшін 8 сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Қазылар алқасы тағайындалып, таныстырылады.

Сабақтың  тақырыбы:  Физика әлемінде

 Сайыстың мақсаты:   1.Білімділік: оқушының  алған  білімін  нақтылап , оны өз  дәрежесінде  көрсете  білу
2. Тәрбиелік:оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
3.Дамытушылық: Сайысқа  қатысушы әрбір  оқушы  өз  білімін  толықтырып, оны  әрі қарай  дамытады.

Сабақтың  көрнекілігі : интерактивті тақта ,компьютер, слайдтық  презентациялар

1-топтың аты: «Білімділер»

2-топтың аты: «Білгіштер»

 

Сайыстың  өтілу  барысы:

1-тапсырма: Танымдық

2- тапсырма: Білімділік

3- тапсырма : Тапқырлық

4- тапсырма: Физикалық көріністер

5- тапсырма : Лабиринт

6- тапсырма.: Логикалық сұрақтар

 

1- тапсырма: Танымдық

Қызықты сұрақтар қойылады?

Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

 

2- тапсырма: Білімділік

Жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек.

Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай – табиғи жарық)

Отқа жанбас суға батпас (Мұз – заттың қатты күйі)

Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)

Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы – сырғанау үйкелісі, қысым)

Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды. (масса – физикалық шама)

Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)

 

3- тапсырма: Тапқырлық

1-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Алтыбақан». Екі топтан екі оқушы шақырылады. Екі оқушы қолдарын айқастырып ұстайды, үшінші оқушы қолдарына отырады. Арлы-бері тербейді. Сұрақ: бұл ойын арқылы не айтуға болады. Жауап: Тербеліс, амплитуда, жиілік, период, ауырлық күші, тартылыс күші т.б.

 

2-ойын. «Жер», «Ауа». Сұрақ: осы екі сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет тілінде  не айта аласың?

 

Мысалы: «Теңіз»

Физика тілінде: Су – сұйық күйде,

Биология тілінде: Су –тіршілік көзі, балықтар

Химия тілінде: 2Н2+О2=2H2O,

Әдебиет тілінде: Сусыз өмір жоқ. т.б.

 

4- тапсырма: «Физикалық көріністер»

 

1-топ –«Бүкіл әлемдік тартылыс заңы»

 

2-топ-«Архимед күші »

 

5- тапсырма «Лабиринт»

 

 

№1. Жерден айға ұшып жету үшін, латын әріптері арқылы қандай физикалық шамалар белгіленгенін айтыңыз.

 

 

 

 

№2. Мектептен үйге  жету үшін, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін  білу керек

 

 

6- тапсырма. Логикалық сұрақтар

 

 

а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді , жүрегіңнің қуаты   2.2 Вт , ғұмырында 40 тонна тамақ жейді  ,жердегі ең ақылды кім?  (Адам)

б) Адам организмінде бар зат , заттың үш күйінің біреуі  ,  үш күйде де бола алады( Су)

                                                     

в) Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады,  іші ауаға толы ,  Спортшы осы денемен дос , шар тәріздес      (Доп)

                                                                

                                                      

 

Қорытынды .  Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша мақтау қағаздарымен марапатталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше