Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұмат
Ақтөбе қаласы, Мырзекенова Айымгүл Нуралиевна
№39 қазақ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Физика сабағында ойындар, жұмбақ,мақал-мәтелді өте тиімді пайдалануға болады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті,батылдықты, шапшаңдықты үйретумен қатар, тапқырлыққа, табандылыққа баулиды.
Ойын сабақтарының бір ерекшелігі балалардың ұйымдастыру қабілетін жетілдіріп, ұжымдық намысын оятады.Ойын элементтерін пайдалануда біз оқушы білімінің сапасына көп көңіл бөлеміз. Білім мен тәрбиені егіз етіп жүргізуге тиіспіз. Ойындар оқушылардың сабаққа ынтасын аударып, қызығушылығын арттырады.
Сабақтың тақырыбы: Зат құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: зат құрылысы, молекула, заттың үш күйі, диффузиялық
құбылыс туралы ұғымды ойын элементтері арқылы
түсіндіру.
дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін жеткізе білуін, ойынның
мәнін ұғынып, ерекшелігін түсіндіру.
тәрбиелік: ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін шыңдау,
шапшаңдыққа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, ойын түрі
Әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, топтау
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, электорндық оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Тарау бойынша ойын сабағын төмендегідей кезеңдерге бөлемін.
- «Ойлан тап» (жұмбақтар шешу)
- Мақал-мәтелдердің физикалық мәнін түсіндіру
- Қызықты тәжірибелер
- «Қас қағым сәт» (логикалық сұрақтарға жауап)
І кезең
Ойын элементтерін тиімді қолдану сабақтың тартымды өтуіне әсерін тигізеді, осыған орай қайталау сұрақтарына жұмбақтарды пайдаланамын.
- Зер ,зер кілем, зер кілім
Зерлері көп зор кілем (жер)
- Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. (ауа)
- Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
- Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер (от)
- Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді (күн)
ІІ кезең
Қандай тақырыптарға келетінін физикалық тұрғыдан түсіндіреді, талдау жүргізеді.
«Сынған көсеуді жамауға болмайды»
(зат құрылысы)
«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» (дуффузия)
«Тау мен тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады» (заттың күйі)
«Жұпарды жасырғанымен иісі білінеді» (диффузия)
«Отқа салса темір де балқиды» (заттың күйлері)
ІІІ кезең
Оқушылар өз бетімен дайындалып келген тәжірибелерін көрсетеді.
1-тәжірибе. Температуралары әртүрлі бірдей мөлшерде суы бар стаканға бояу түйгіштер салынған.
2-тәжірибе. Жанған шүберек немесе сіріңке түтінінің иісінің таралуын көрсетеді.
3- тәжірибе. Таза суға, лимон қышқылы және қант араластырып дәмін келтіріп, түсін шығарады.
ІV кезең
- Мұз, су және су буының молекулаларының айырмашылығы бар.
- Азық түлік тұздау қанддай құбылыс?
- Үш пар ат 30 км шапса, әр ат қанша км шапқан? (30 км)
- Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
- Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалдыңдығындай үш көйлек жылы ма? (3 көйлек)
- Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады?
(5 бұрыш)
ІІІ.Қорытынды
Қорыта айтқанда, әр пәннен өткізілетін осындай ойын сабақтары оқушылардың, сабаққа қызығуын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Мұндай ойын сабақтарының оқушыға берері мол.
Сабақ соңында сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімін бағаладым.
Сондай ақ, оқушылардың өтілген материалдарды қалай меңгергендіктерін айта келіп, сабақты орыстың ұлы педагогы Ушинскийдің «Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы қажет. Бұл – ұмытылғанды еске түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау»- деген сөзімен қорытындыладым.
