«Алтын күз» кеші.

Мектеп акт залы мерекеге сай безендірілген. «Күз кереметтері» тақырыбында көрме жасалған. Қанатты сөздер, шарлар ілінген

1-      жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

2-      Жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Хормен: Берекелі , мерекелі алтын күз құтты болсын!

1-      Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

 

 

 

2-      жүргізуші: Армысың сары алтындай «Алтын күзім»,

 

Күн нұрын төккендей боп жапырағың.

 

Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,

 

«Алтын күз» деп өзіңе айдар тағып.

 

1-      жүргізуші: Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас!

 

Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас!

 

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,

 

Сайыста көңілменен қол соғайық.

 

 

 

2-      жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым,

 

Өткізді күзгі бал айын.

 

Ханшайым тапқыр қыз болды,

 

Ағызар сөйлеп сөз майын.

 

1-      жүргізуші: Ал, ханымызақылды,

 

Барша жұртты шақырды.

 

Би де билеп, ән айтты,

 

Қуаныштан шалқыды.

 

 

 

Ән орындалады.

 

 

 

2-      жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,

 

Тамаша күй тартылып, ән салады.

 

Қошеметпен, қол соғып отыралық,

 

Ұмытармыз күні бойғы шаршағанды.

 

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

 

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

 

Еріксіз өзімізге қаратамыз.

 

 

 

1-      жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі «Алтын күз» кешінің хан мен ханшайымын қошеметтеп қарсы алайық!

 

.

 

Хан мен ханшайым «Алтын күз» кешін ашуға рұқсат етеді.

 

Вальс биленеді.

 

Ханның бұйрығы: Мен «Алтын күз» кешіне қатысатындардың өнерін тамашалағым келеді.

 

2-      жүргізуші: Достым, тойдың сәні ән емес пе?

 

1-      жүргізуші:  Дұрыс айтасың, ән болса сән болады, сән болса мән де болады демей ме ? Келесі кезекте әнге береміз.

 

 

 

Ән «Гүлімсің»

 

 

 

2-      жүргізуші: Қауын-қарбыз қазан-қазан болып,

 

Бау-бақшаның, қырман басы тазаланып,

 

Тарқап кетті құс базары.

 

1-      жүргізуші: Қайтқан құсты көрдің бе ?

 

Қаптай ұшқан әуелеп .

 

Күткен күзім келдің бе ?

 

Сыңсып бағың мәуелеп.

 

 

 

Қамба толды астыққа,

 

Алғыс саған «Алтын күз»

 

Бір уыс дән шаштық та ,

 

Қап-қап бидай алдық біз.

 

 

 

 

2-      жүргізуші: Көк майсалы көрікті,

 

Алқаптағы көп егін .

 

Бұл күндері киіпті

 

Сары жібек көйлегін, – дей отырып күздің керемет көрмесін тамашалайық!

 

 

 

 

 

Әр сыныптан жеміс- жидек, көкөніс кейпінде жасаған

 

 

 

1-      жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

 

Әсем ән мен тәтті күй

 

Көңілге түрлі ой салар ,

 

Әнді сүйсең менше сүй.

 

 

 

Ән : «Шағала»

 

 

 

2-      жүргізуші:

 

Құрметті қонақтар мен оқушылар ,келесі кезекті қызықты да көңілді ойынға берейік.

 

Бұл жиынға риза болды, келген жұрттың бәрі де,

 

Естен кетпес жиын болды, ел айтып жүр әлі де.

 

Ханшайым:  Күзде ауа-райы да тез өзгеріп тұрады. Құстар жылы жаққа ұшып кетіп,

 

көктемде оралады. Жылдың 4 мезгілі ішінде бізге қатты ұнайтыны – күз, солай ма

 

балалар ? Күз- табиғаттың ең бай , ең әдемі мезгілі, күзде жеміс-жидек , астық көп

 

болса қыста қорқыныш жоқ екеніне бәрінің көзі жетеді.

 

 

 

 

 

1-      Жүргізуші:  Сайыс: «Бояулар сыры» деп аталады.

 

Шарты: әр сыныпқа алдын ала ескерту айтылған, кептірілген жапырақтардан апликация жасау. Әр топтың түрлі жапырақтардан дайындаған апликацияларымен таныс болу ,өздерін таныстыруларын тыңдау.

 

 

 

1-      жүргізуші: Модельер болу оңай ма ?

 

Қиналып жатсаң мұңайма.

 

Әр мамандық өзгеше

 

Өз мәнінде , шырайда, – деп келесі «Сымбат» байқауына кезек берейік.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше