Ф-8. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

Сансызбаева Нағыма

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы,  М. Әуезов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Сабақтың флипчартын көшіріп алыңыз, Балқу Ф-8.

Сабақ мақсаты:

А) Білімділік: Заттың агрегаттық күйлері және қатты денелердің балқу және

қатаюы, балқу және қатаю температурасы жөнінде негізгі

ұғымдарды беру; қатты (кристалл) денелердің балқу және

қатаю графигін түсіндіру.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру.

Б) Тәрбиелік   :Оқушыларды ұлтжандылыққа, еңбек сүйгіштікке,

тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Қолданылатын технология: Дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:      Сұрақ-жауап,  талдау, баяндау

Сабақтың көрнекілігі:     слайд, тест,интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс :    математика, география, биология, халықтық

педагогика

Пайдаланылатын әдебиеттер: Физика оқулық, 8-сынып.

Әдістемелік нұсқау 8-сынып, ЭО.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а).Оқушылармен сәлемдесу

ә) Сабаққа қатысуын бақылау,

Назарларын сабаққа аудару. Түгендеу.

II. Өткен материалды еске түсіру.

-(флипчарт бойынша №4бет, зат күйлері)

-кристалл денелердің балқуы және қатаюы

-Балқу температурасы,кейбір заттардың балқу температурасы  (3-кесте бойынша жұмыс)

III. Жаңа  тақырыптың мазмұны:

-Кристалл денелердің балқу және қатаю графигін талдау :

-(флипчарт№1, бет-6)

-Кристалл денелердің балқу және қатаю температураларының бір мәнді болуы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі.

-(флипчарт №1, бет-7)

-Меншікті балқу жылуы,физикалық мағынасы, өлшем бірлігі

-§ll(4-кестемен жұмыс)

-Заттың сұйық күйінде (балқу температурасында) ішкі энергияның жоғары болуы. Балқу кезінде қанша энергия қабылдаса, қатаю кезінде сонша энергия бөліп шығарады.

-Балқыған зат ішінде кристалдану центрінің болуы.

-Балқу және қатаю процестерінің техникада қолданылу.

Меншікті балқу жылуы     , массасы m (балқу температурасындағы) затты балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін  есептеу формуласы:

Q= l m

1кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшері  Q  осы заттың меншікті балқу жылуы деп атайды және оны l деп белгілейді.

l=Q/m

Меншікті балқу жылуының өлшем бірлігі:     Дж/ кг

IV. Есеn шығару:   (флипчарт №1, бет-9)

Температурасы -200С мұз кесегін ерітіп,15 0С-қа  дейін қыздыру үшін  қажетті жылу мөлшерін есепте. Мұздың массасы 200г.

(Графигі  флипчарт№1,  9-бетте  көрсетілген.)

V. Тест тапсырмасы:

1.Су,мұз немесе су буының массалары бірдей болған жағдайда, ішкі энергиясы ең азы қайсысы?

А) су                  Б) мұз

В) су буы          Г) дұрыс жауабы жоқ

2. Бір кесек мұз  ауасының  температурасы – 100С-тан, температурасы 00С үйге кіргізіледі.    . Мұз ериме?

3. Таза шыны пластинаны алып, оның  үш жеріне бір тамшыдан су, әтір және күнбағыс майы тамызылған. Осы тамшылардың қайсысы тез кебеді?

А) су                                                    Б) әтір

В) күнбағыс майы                              Г) үшеуіде

4.Температурасы 3000С  қорғасын қандай күйде бола алады?

А) қатты              Б) сұйық

В) бу                      Г) қатты және сұйық

5.Балқу температурасында алынған 100кг темірді сұйыққа айналдыру үшін қажетті энергияны анықтаңдар.  (темірдің меншікті балқу жылуы 2,7*105Дж/кг)

А)  2,7*105Дж                                   Б) 2,7*107Дж

В) 2,7*106Дж                                    Г) 2,7*104Дж

VI.Сабақты қорытындылау.

Венн диаграммасы. Ой жинақтау

1. Балқу температурасы және   меншікті балқу жылуы.

2.Балқу және қатаю  процес теріндегі ішкі энергияның өзгеруі

VII.Мақал мәтелдер. (физикалық мағынасын ашу)

1. Тонның жылуы терісінен емес жүнінен.

2. Көсеу ұзын болса, қол күймейді.    3.Қол жұмылмай, жылынбайды.

VIII. Оқушыларды бағалау.

IX.  Үй тапсырмасы:

§15,   9-жаттығу, (4,5,6)-есептері.

— Реферат: Балқу және қатаю процестерінің тұрмыста қолданылуы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше