Ф-8. Ғарышкерлер күніне арналған сайыс
Сансызбаева Нағыма
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш саласы туралы білімдерін молайту.
Сабақ түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактив тақта, суреттер конкурсы, викторина сұрақтары.
Барысы: 1.Ұйымдастыру
2. Баяндама
3.Викторина сұрақтарына жауаптар іздеу
4. Көрініс көрсету
5. «Әлемді өзгертер бала арманы» фантастикалық суреттер конкурсы
6. Қорытындылау
Сайысқа екі топ қатысады. 1-топ- «Галактикалар», 2-топ «Шоқжұлдыздар».
1-жүргізуші: (сайыс өтетін орында «Құс жолы» әнінің музыкасы естіліп тұрады.
ХХ-ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи-қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген атпен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі-өазақ елінің ұйтқи соққан замана желінің қаталда қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі «ай нұрын ұстап мінседе, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.
ІІ-жүргізуші: Кеше елдігін жұрнағы қалмасада,
Құмар болды далбаса, даңғазаға
«Менікі,-деп Байқоңыр!» кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармасада….
Баяндама: Халық қаhармандары-Тоқтар Әубәкіровпен Талғат Мусабаев.
Бүгін: Сын сағаты соққанда арамызға-
Туған ұлдар аз емес бағымызға,
Талғат сізді ғарыштан құттықтады,
Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда. (ән)
Викторина сұрақтары:
- «Ғарыш айлығының» грек тіліндегі баламасы «космодром» еді. Бұл сөздің қазақша мағынасы қандай?
(Жылдам қозғалып барып ұшатын орын).
- 1960 жылы 1-желтоқсанда ұшырылған 3-ші ғарыш кемесі
Серігінде қандай тірі табиғат өкілдері болды?
(Пчелкамен Мушка деген иттер, тышқандар, жәндіктермен өсімдіктер)
- «Восток» ғарыш кемесінен басқа кеңістікке аттанған басқа қандай кемелерді білесің? (Восход, Союз, Колумбия, Боран,Союз-ТМ-32)
- Қанша американдық астранавт Айға ұшты?
(24, олардың 12-сі Ай бетінде серуен құрды).
5.Неліктен космодром «Байқоңыр» болып атанған?
(1961жылы 12 сәуірде Гагарин қазақ жерінен ғарыш әліміне ұшып шықты. Ол бірден бірнеше дүниежүзілік рекордтар жасаған күні авиациа және космоанавтика халықаралық қйымдары «Гагарин қайдан, нақты қай жерден ұшып шықты, оның рекордтарын ресми тіркеу үшін ұшқан жерін нақты айтыңыздар» деген талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Торетам стансасынан ұшқанын білдірмес үшін сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр деген елді мекенді еске түсіріп, Гагарин ұшқан жерге соның атын бере қойған.Содан тұңғыш ғарышкер ұшқан жер Байқоңыр аталып, қазақ сөзі әлемге таралып кетті).
- «Жер -адамның бесігі, бірақ адам бесікте өмір бойы құндақталып жата бермейді ғой. Бір кезде ол аспанға шырқап ұшады. Және сол бірінші ұшатын адам біздің Кеңес елінің адамы болады!» деп айтқан кім? (Ұлы ғалым, космос ғылымының негізін қалаған Константин Эдуардович Циолковский).
- Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім? (Т.Мусабаев. Ол 1994ж.135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998ж. Орбитада 7 ай жүріп, 7рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас-аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғыйығымен бетпе-бет өткізді).
1-жүргізуші: Аймен Күнді ардақтаған алашым,
Биіктерге баулитуғын баласын
Көк дөненнен жүйрік қазақ көңілі
Шарлайтұғын жұлдыздардың арасын.
- Көрініс:(Ұшқыш кілем ертегісі бойынша )«Бабалар арманы»
- «Марстан келген қонақ»
-Марстан келген қонақ: Сәлеметсіздерме, балалар? Сабақтарың қалай, жақсы оқып жүрсіңдерме? Сендерді біраз сырттан бақылап отырдым, қызықты кеш қткізіп жатырсыңдар-ау осы.
-Балалар: Хош келіпсіз! Төрлетіңіз! Біздің сізден білгіміз келетіні көп.
-М: Ендеше, сұрақтарыңызды қойыңдар, мен жауап беруге дайынмын.
-1-оқушы: Марс планетасы туралы қысқаша айтып берсеңізші.
М: -Марс Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен. Біздің планетамыздың жұлдыздарға қатысты айналу периоды сіздің 58 тәуліктеріңізге тең. Марс планетасы диаметрі бойынша Жерден екі есе кіші. Оның бір жылы Жердікінен екі еседей үлкен. Марста жағдай қатал. Экваторда жазды күннің өзінде температура 00-тан сирек көтеріледі, ал түнге қарай шытынаған аязға (-70, -1000Сқа) дейін төмендейді. Кей кезде Марста бірнеше айға созылатын тозаңды дауыл болып тұрады. Марстың магнит өрісі жердікінен өте әлсіз.
2-оқушы: Марс бетінде кратерлер бар ма?
М: Тамаша! Оған көп дайындық керек білесің бе?
Оқушы: Әрине.
М: Білім, ынта жігер, шыдамдылық өте қажет-ақ! Ондай қасиеттер бойыңнан табылама?
Оқушы: Иә.
М: Қане сенің біліміңді тексеріп көрейін. І-ғарыштық жылдамдық қаншаға тең?
Оқушы: 8 км/с.
М: Спутникті орбитада қандай күш ұстап тұр?
Оқушы: Ауырлық күші.
М: Кешірерсіздер, мені достарым шақырып жатыр. Бізде артық жүріс деген, бос іспен шұғылдану деген болмайды. Сондықтан менің уақтым тығыз, мен жаңа жаңалықтар ашу үшін уақтымды жұмсаймын. Сендер тамаша балақай екнсіңдер. «Ғарышкер боламын» деген оқушының талабы жақсы екен. Ғарышта көк туларыңыз желбірей берсін. Сәт, сапар сіздерге, достар! Сау, болыңыздар!
Оқушылар: Сау болыңыз!
Салған суреттері бойынша оқушылар қысқаша әңгімелеп береді.
Сайысты қорытындылау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Оқушылар марапатталады.
ІІ-жүргізуші:
Сайра бұлбұл, көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле даланың әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін.-деп ғарышкерлер күніне арналған сайсымызды аяқтаймыз! Хош, сау болыңыздар!
