Оттиск
Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Қаражар ауылы,
Қаражар орта мектебінің еңбек және сызу пәнінің мұғалімі
Ергалиева Гүлшара
Сабақ тақырыбы: Оттиск
Мақсаты. Б) оқушылардың графика өнері туралы білімділігін арттыру;
Д) ой-жүйесін дамыта отырып, өзіндік ізденісін қалыптастыру;
Т) шығармашылық шеберлікке дағдыландыру;
Көрнекілігі: суреттер мен сызбалар
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: ойын, машықтану жұмыстары, сұрақ- жауап
Сабақ барысы
1ұйымдастыру сәлемдесу, белгілеу, сабаққа назарын аудару
2 өткенді еске түсіру балалардан сұраққа жауап алу.
– Графика деген не?
– Сызба сөзіне түсінік бер
– Графиканың қандай түрлері бар?
– Графиканың орындалу кезеңдерін ата
«Адасқан сөздер» ойыны : АРФГИКТА-графика, ГРАБЫЗТС-сызба, ГРФИАВДЮСРА-гравюра.
3 Жаңа сабақ
Көшірме түсіретін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жағылатын типографиялық бояу- оттиск деп аталады. Оған қажет құралдар : тақта, жастықша, үлкейткіш әйнек, штихель.
Оттиск тақтайшадан,линолеумнен, металлдан жасалады. Линолеумге салынған сурет линогравюра деп аталады.
3 Машықтану балалар өз бетінше оттискіге сурет салады. Тақырып «Қысқы Азияда» олимпиадаға арнап сурет салу.
4 Сабақты бекіту оқушылардың жұмыстарын саралау және білімдерін бекіту.
5 «Кім жылдам» ойыны бойынша білімді бекіту.
1 көшірме түсіретін бедерлі ағаш тақта – линолеум (оттиск)
2 бедер-өрнек салатын құрал –оттиск (штихель)
3 линогравюра орындалатын құрал – жастықша (линолеум)
4 бедер-өрнек салғанда қолданылатын құрал – штихель (жастықша)
7 балалардың білімдері мен жұмыстарын салыстырып, бағалау үйден жұмысты аяқтап әкелу
