«Жастар біздің болашағымыз»

Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жайлы оқушыларға айту, сол уақыттары болған жайғдайлар жайлы әңгімелесу арқылы білімдерін жетілдіру, дамыту. Тәуелсіздік жылдары алған мемлекет жағдайлары, оның ерекшелігі түсіндіріп білімдерін кеңейту. Ұлтжандылыққа, Отанды сүюг, оны қастерлеп қорғауға және болашағымыздың жарқын болуына қол жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:дөңгелек үстел.
Сабақ көрнекілігі: слайдтар, суретер, әуендер.

Сабақ барысы:

–        Армысыздар, Тәуелсіз елдің жадыраған жастары мен сабағымыздың құрметті қонақтары. «Жастар – біздің болашағымыз» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер. Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті.  Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мейраммен құттықтай отырып, Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Бірлескен ұйымшылдық болып, бірге жаңа мақсаттарға жетуіміз, халқымыздың ырысы және гүлденіп өсуі, сыйласуы мен түсінісуі, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз. Бұл мереке күні Сізге тілейтініміз зор-денсаулық, мақсат-жолдарынызда сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан Сізге қуаныштар сыйлай берсін!

Жандос: Тәуелсіздік бабалардың ұраны

 Бейуақытта бойға таққан тұмары

 Тәуелсіздік түнектерде тұншығып

 Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы

 Тәуелсіздік берекенің біл басы

 Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы

 Қазақстан сен бір елсің жаханға

 Тең танылған тудай асқақ тұлғасы

 Көк байрағы ,елтаңбасы,бірлігі,

 Шалқи берсін Әнұраны қазақтың

Әнұран.

– Туған жерім Қазақстан байтақ елім

 Туып өстім тәй бастым қастерледім

 Туған жердей жер болмас деген мақал

 Еске салар мәңгі сені аяулы елім

 Қастерлесең табынсаң думан елге

 Ардақты да мен деген бол азамат

 Елім жерім деген ер жігітке

 Тәуелсіз еліңді қыл аманат

 Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

 Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

 Жетістікке жеткізді ол қаншама

 Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

–       Дей келе бүінгі сабағымыздың қадірлі қонақтарымен таныстырып өтейік.

Мектеп директоры: Түсіпбекова Н.Ш.

М.д.тәрбие ісінің орынбасара: Байдалина Г.Ғ.

Мектеп ұстазы: Имашева Г.А.

1986 жылғы мектеп түлектері:

Нұртазин Қазбек Ермекұлы

Атабаева Бибігүл Ахметқызы.

1991 жылғы мектеп түлектері:

–

–

–

–

– 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Фильм көрсетіледі.

(1986 поэма оқушылар өлеңі)

Мереке: 86-Желтоқсанның аязды бір күндері,

 Мәскеу жақтан бір үкім кеп төндірді,

 Біз білмеппіз, өңшең қазақ қас екен,

 Бір-біріне неге мұнша, бұл белгі??….

Арыз көпті, болмас былай басқалай,

 Колбин барар, көтеріңдер тастамай,

 Сен мәңгүртке билік қайда, болмасты,

 Деген сөзбен ызалы ойын тастады-ай…

 Нұрәділ:  Мұны есітіп бар қазақтың бозымы,

 Атқа мінді, шал-шауқаны тозығы,

 Арулары шашын түйіп арқаға,

 Алаң келіп, ұзына бой созылды….

 Әй қойыңдар болмас былай, тарқаңдар,

 Саясатқа қарсы келме, жай таңдар,

 Емессіңдер, қане қайтқын бәрің де,

 Біз білеміз, кімді қойып, кім таңдар??!!!….

 Айбек: Осы кезде жентектелген қар басы,

 Ұшып жатты трибунаға, араласып,

 Тасы да бар, іштен шыққан ызамен,

 -Қазақ болсын, қазақ болсын Елбасы….

 Осы кезде Мәскеу жақтан бір хабар,

 Келді-дағы бәрі қалды, қарайлай,

 -Жергілікті басшы шешсін тірлікті,

 Күш қолдану керек пе екен орайлай???….

 Данияр:Осы күнгі жүрген анау, қолды ұрып,

 Кезінде елу еңсермеген сол тұрып;-,

 -Сіздер үшін мен-ақ алдым мойынға,

 Атып-асып құртып жібер, сол дұрыс….

 Асылбек:Әр жер келген милиция бар солдат бар,

 Бәрі бірдей жабылғанда аппақ қар,

 Қан боялып, суша ақты сарылдап,

 Қарды ерітіп, ағып жатты аққан қан….

 Комарбек:Қырып беріп төрт мыңдайын қазақтың,

 Басқасын да түрме тығып, азаптың,

 Неше түрін ойластырған заман да,

 Өтіп барар тіліндей боп сағаттың….

 Міне халқым мейрам емес мына күн,

 Жоқтау айтып, іштен ғана тынатын,

 Күн де емес, сол заманды еске алып,

 Құран оқып, еске алып тұрар кім??….

 Қуат: Ол мына сен, асқақтатқын үніңді,

 Сол залымды табу керек бүгінгі,

 -Қырсын деген, оны алған мойынға,

 Ортаға алып, көрсет оның түрін де!!!

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

 20 жасың құтты болсын нұр елім.

 20 жылда шықтың талай белеске,

 Қазақстан жасай берші гүл елім!

 

– Мұз жастанып азаттықтын жолында,

 Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

 Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

 Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

 Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

 Күйініштен ауырады жүрегім,

 Естігенде желтоқсанның ызғарын.

 Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

 Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

 Егемендік тиді бүгін еншіме,

 Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

–       Деп бүгінгі қонақтарымыздан мектеп қабырғасындағы өмірлері туралы сыр тартсақ

  1. 1.   Қуат:Сіздер мектепте оқығанда сыныпта неше оқушы болдыңыздар?
  2. 2.   Нұрәділ:Әлі күнге дейін осы мектепте ұстаздық қызметін атқарып жүрген мұғалімдер бар ма?
  3. 3.   Ербол:Оқушы болған кездеріңізде қандай мамандық иесі болуды армандадыңыздар?
  4. 4.   Айбек:Сіздер орыс тілінде оқыдыңыздар, сол уақытта сіздердің сол тілде сөйлеу қиындығы туды ма?
  5. 5.   Мереке:1986 жылғы сол сұмдық  оқиға сіздердің сезімдеріңізге  не берді?

 

–       Ал, енді оқушыларымыздың сіздерге қояттын сұрақтары бар сияқты.

–       Қомарбек:Желтоқсанда болған жастар көтерілісі жайлы не білесіздер?

–       Сол көтеріліс жасырын түрде қалды ма, әлде халыққа жарияланды ма?

–       Жандос:Сіздер мектепте оқығанда, яғни оқушы болғанда қандай армандарыңыз болды? Және олар орындалды ма?

– Өздеріңізге арналған оқушылардың  әсем әнін қабыл алыңыздар.

-Рахимжанова Мадина мен Сауытжан Айгерімнің орындауында «I’m scared tonight»

         

1991 жылы 16-желтоқсанда еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

 Егемендік иесі мен деген сөз,

 Көптеген бері естілмеген ерен сөз,

 Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

 Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.

 Егемендік ел болудың белгісі,

 Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

 «Егемендік» деген сөзден естілер

 Ата жұрттың арысы мен бергісі.

 

(Оқушылардың өлең жолдары)

Ақмарал: Беріспей, батыр Бабам, армандаған,

Арман күн ел  – жұртына жалғанды аман.

Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,

Әлдиле, байтақ елім, орман-далам!

Әлдиле, тыныштықты,шың-құздарым,

Жарқырап жансын аспан, жұлдыздарың!

Сусындат, мейіріңе, мерейлі күн,

Қазақтың асау қанды ұл-қыздарын!

Қақтырған қанатымды тірегім – ел,

Қиырдан талып жеткен тілегім  – ем!..

Жұртымды құшқан осынау Тәуелсіздік

Жыр болып жатсын түлеп жүрегімнен!

Жанынды келсең-дағы жаралап мың,

Қазағым, қашанда сен дара жаттың.

Лүпілін жүрегінің шын ұғынған

Аялап алақанға алады ақ күн!

Тербетіп дала сырын сан ғасырым,

Толқыған ұлы өзендер жалғасымын.

Толғанған күні-түні елі үшін,

Тілегі қабыл болсын Елбасымның!

–       Қомарбек: Тәуелсіздік!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне, азаттығым теңдігім.

Бостандықта байлығым мен елдігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдіке – Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де.

Өзіңдікі өзің еккен бақ – Тәуелсіздік төрінде!

Қанатыңнан қайрылып,

Қыр – арқаңнан майрылып.

Қонақ-

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айырылып!

Ербол: 20 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

 Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

 Бодандығым ғасырларға жалғасқан

 Қазір, міне артта қалды келмес күн

–       Міне, осы 20 жылдық мерейтоймен бірге келе жатқан, 20 жыл бұрын мектебімізбен қоштасқан түлектерімізден тәуелсіздік алған жылдар туралы біраз жайды анықтап білсек….

  1. 1.   Асылбек:Сіздер мектеп бітірген жылы Тәуелсіздік алдық, Тәуелсіздік алғанға дейінгі және алған кездердің арасында ел ішіндегі қатынастарда  айырмашылық болды ма?
  2. 2.   Данияр:Тәуелсіздікті алғаннан кейін сіздердің ойларыңыздар қандай сезім болды?
  3. 3.   Ақмарал:Тәуелсіздікті алғаннан кейін болашаққа деген көз-қарастарыңыз қандай болды, болашақтан нені күттіңіздер?
  4. 4.   Ақмарал:Арада аттай 20 жыл өтті. Өткен мен қазіргі уақыттың айырмашылығы бар ма?

5. Свой: Қазіргі жастарға қандай кеңес берер едіңіздер….

– Кішкентай бишіміз Тюлюбекова Дильназдың орындауында «Латино» биін қабыл алыңыздар.

–       Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

Тәуелсіз Қазақстаным!

–         Мектебіміздің директоры ТНШ сөз береміз.

Тәрбие ісінің мең-сі БГҒ сөз кезегі беріледі.

     Ән «Атамекен»

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

 Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

 Маңдайымнан сипап өткен самалды

 Қазагымның алақаны деп білем

 Қайырмасы

 Қайда жүрсем атамекен

 Көкейіңде жатады екен

 Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен

 Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

 Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

 Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін

 Қазағымның махаббаты деп білем

 Қайырмасы

 Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

 Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

 Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем

 Қайырмасы

–       Орамал тоң болмайды, жол болады демекші, сіздерге шағын сыйлығым бар, рұқсат етіңіздер. Осымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған тәрбие сабағымыз аяқталды, Алтын уақыттарыңызды бөліп келгенлеріңізге шексіз алғысымды білдіремін. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше