Без рубрики

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Республикалық 45minut.kz және metodist.kz new-edu.kz — Ұстаздарға арналған басылым редакциясы 16.09.2013 жылы Алматы қаласында өтетін «Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Ұстаз беделін қалыптастыруда үйдегі тәрбиенің маңызы зор. Сондықтан әрбір атаана ен бірінші жеке өзіне:

Ата-ана ретінде үйде балаға қанша уақыт бөлесіз, сабақ үлгерімін тексересіз бе, айына білім мекемесіне қанша рет барасыз, баланың қай пәнге бейім екенін білесіз бе? Ата ана міндетін дұрыс атқарып жүр ме? Баланың оқу үлгерімін, немесе окуға деген ынтасын калай арттыру керек? Ұстаздардың білім дәрежесі қандай? Кәсіби деңгейі қандай дәрежеде? т.б міне осындай сұрақтар қазіргі атаананың өзіне қояр талабы мен ұстанымы болуы тиісті.

 Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру тақырыбындағы дөңгелек үстелімізде айтылатын ойлар жоғарыдағы мәселелер төңірегінде өрбиді.

 Шақырылатын қонақтар: Алматы қалалық білім бөлімі өкілі, Алматы қаласы, Медеу және Алатау аудандық білім бөлімі өкілі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Көптілді білім беруді дамыту орталығы, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сатбекова А.А және Алматы қаласы ұстаздары

 Дөңгелек үстел барысында:

 1. ҰстазОқушыАтаана шығармашылығы және Ұстаз беделін арттыруға арналған «Жаңа білім Жаңа ғасыр» Республикалық конкурстың туралы таныстырылым өткізіледі.

Республикалық конкурстың жұмысшы тобы жұмыс жоспары және ұйымдастырылу барысы туралы есеп береді.

 Республикалық конкурстың алғашқы таныстырылымы «Ұстаздар күніне» орай 28.09.2013 жылы Алматы қаласында өткізіледі.

  1. Республика бойынша тұрақты түрде жалғасатын 2013-2014 оқу жылына арналған семинар оқу жоспары таныстырылады.

 Семинар оқу төмендегі бөлімдер бойынша ұйымдастырылады:

  • Семинарларды белгілі тақырыппен және нақтылықпен ұйымдастыру. Пәндік семинарлар, тәжірибелік семинарлар, пікірлік семинарлар үшін сұраныс өте жоғары дәрежеде.

  • Семинарды ұйымдастыруда ақылдастар алқасын жасақтап сол арқылы ұсыныстар мен пікірлер нақтылануы керек.

  • Аға буын өкілдерінің кәсіптік тәжірибелерін үйренуге жағдай жасау және нақты практикалық мысалдармен түсіндірілу.

  • Қала және ауылдық білім мекемелері арасында байланыс орнатып екі жақты семинарлар ұйымдастырылу.

  • Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру.Семинарға ата-аналарды қатыстыру және семинар туралы мектеп жиналысында ой бөлісу.

 Дөңгелек үстелдің өткізілетін орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі 125

Байланыс үшін: E-mail:izgilik19@mail.ru
Редактор Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев.

Жауапты қызметкерлер:
Еркебулан Кондыбаев. Даулет Мысырханов
8 702 843 4483

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.