Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.

Ашық сабақ

«Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану әдістемесі»

 

Елбасының 2011жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында, «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы керек екендігі баса айтылды. 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс деп атап көрсетілді.

Физиканы оқыту, оның пәндік ерекшеліктеріне сәйкес, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, электрондық білім беруге мүмкіндік береді.  Электрондық білім берудің басты мақсаты- оқушының тұлға ретінде дамуына ықпал ету, оқу мен тіршілік жағдайларында жеке жауапкершілікті сезіне отырып, өзінше білім алу мен өзін-өзі анықтау қажеттілігін қалыптастыру.

Назарларыңызға  9-сыныпта өткізген интерактивті сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: математикалық маятник, периодын, еркін түсу үдеуін анықтау;

б) тәрбиелігі: оқушылардың іскерлік дағдысын, Q BASIC бағдарламасын қолданып есептеу арқылы компьютермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

в) дамытушылығы: маятник ұзындығын өлшеу, тербеліс санын анықтау, еркін түсу үдеуін есептеу арқылы оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: білім мен білікті практикада қолдану сабағы.

Пәнаралық байланыс: математика, информатика.

Сабақтың көрнекілігі: өлшеу құралдары, интерактивті тақта, компьютер.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Сабақтың мақсатын айқындау

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. Оқушылардың білім деңгейін тексеру

5. Бекіту

6. Үйге тапсырма

7. Бағалау

 

Жоспар

 

1. Сенім 2. Дәстүр 3. Ашықтық 4. Толеранттылық

 

Сабақтың алғашқы кезеңі – Сенім.Топтық жұмыс.

Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан есептеледі.

1. Зертханалық жұмыстың мақсатын айқындаңдар.

 

2. Қажетті құрал-жабдықтарды атаңдар.

3. Математикалық маятник дегеніміз?

4. Еркін түсу үдеуін есептеу формуласы?

5. Формуладағы: а) g -қандай физикалық шама?

б) g-дің өлшем бірлігі?

 

в) g-дің сан мәні?

6. а) π – дің мәні ?

б) π2 – тың мәні (шамамен) ?

7.  а) ℓ – қандай физикалық шама?

б) ℓ -дің өлшем бірлігі?

в) ℓ -ді өлшеу құралы?

8. а) T – қандай физикалық шама?

б) T – ның өлшем бірлігі?

 

в) T –ны есептеу формуласы?

г) T –ны өлшеу құралы?

9. Еркін түсу үдеуі математикалық маятниктің …  тура пропорционал

10. Еркін түсу үдеуі математикалық маятниктің …  кері пропорционал.

Сабақтың әрбір кезеңінің нәтижесін топ басшылары бағалау картасына жазып отырады.

 

Бағалау картасы.

Оқушының

аты-жөні

Сенім

1-3 ұпай

Дәстүр

2-4 ұпай

Ашықтық

2-4 ұпай

Толеранттылық

3-5 ұпай

Қосымша

ұпай

Барлығы
1              
2              
3              
4              

Екінші кезеңде дәстүрлі зертханалық жұмыс орындалып, кесте толтырылады.

Ұпайларды мұғалім анықтайды.

Сабақтың үшінші кезеңінде әрбір топтың жұмысты жақсы орындаған оқушысы интерактивті тақтадағы кестені толтырып, топ аралық бағалау жүргізілді.Оқушылар еркін түсу үдеуін Q BASIC бағдарламасының көмегімен компьютерде есептеп шығарды.

INPUT ℓ, T

const pi=3.14

LET g =4* pi ^2* ℓ / T ^2

PRINT “g =“ ; g

END

Экрандағы  ? белгісінен кейін маятниктің ұзындығы мен периодының мәнін енгіземіз.

? 1.1,2.1

g =9.837244

Компьютерде есептелген еркін түсу үдеуінің мәні оқушылардың алған мәнімен салыстырылды. Маятниктің ұзындығы мен периодының мәнін өзгерте отырып,оқушылар компьютердің көмегімен еркін түсу үдеуін есептеді.

 

Төртінші кезең. Толеранттылық.

Бекіту. 1. Металл таяқша маятникті сағат математикалық маятник бола ма?

2. Температураны арттырғанда, сағаттың жүрісі қалай өзгереді?

3. Сағатты тауға көтерсек, қалай жүреді?

4. Солтүстік полюстен экваторға көшіргенде, сағаттың жүрісі өзгере ме?

 

Үйге тапсырма. 4-тараудың түйінді мәселелері.    §24-29 Қайталау.

 

Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше