Мақала және оның жазылу жолдары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алипова Гульназ Туракбаевна
Сабақтың тақырыбы: Мақала
Мақсаты: а/ білімділік: мақала , оның жазылу жолдары туралы түсінік беру, теорияны практикамен ұштастыру.
ә/ дамытушылық: өз бетінше жұмыстандыра отырып, ойлау, өз ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сауаттылығын дамыту.
б/ тәрбиелік: үй тапсырмасы арқылы ізденгіштікке баулу, көркем әдебиетке деген сүйіспешіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, тестілеу, сөзжұмбақ шешкізу, өздік жұмыс, талдау, автор орындығы
Көрнекілігі: флипчарт
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
– Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару
– Дайындықтарын бақылау
Үй тапсырмасын тексеру
«Автор орындығы» . Оқушылар автор орындығында өздері жазып келген хаттарды оқиды.
– Сонымен хат дегеніміз не? Ол ауызша тілге жата ма , әлде жазба тілге жата ма?
| М | а | қ | а | л | |||
| б | ұ | л | А | ғ | ы | ||
| ж | а | Қ | с | ы | |||
| ж | А | У | |||||
| т | ө | Л | |||||
| А | қ | ы | л | ||||
- Сөздің көркі – ……..
- Кітап –білім ………
- ……….. байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
- Қайта жауған қар жаман, қайта шапқан ………. жаман.
- Еңбекпен ер өседі, егізбен …… өседі.
- Өнер көкке жеткізер, ……… көпке жеткізер.
– Шығармашылық жазу жұмыстарының қандай түрлері бар еді?
– Өткен сабағымызда хат жазуды үйренге болсақ, бүгінгі сабағымызда мақала туралы мағлұмат алып, жазып үйренеміз.
ІІ Жаңа сабақ публицистикалық стильге жатады тақырыбы болады
|
мақала |
Белгілі бір деректерге сүйенеді авторы болады
Ереже дәптерге жазу:
Мақала –публицистикалық стильде белгілі бір деректерге сүйене отырып, белгілі бір тақырыпты қамтитын шығармашылық жұмыс.
1/ 313-жаттығу. Ауызша орындалады. Мақаланы оқып, не жайында айтылғанын айту, тақырыбын ашу.
2/ 314 –жаттығу.Оқу, тақырыбын ашу.
3/. Тапсырма. Мақала жазу
І қатар: Мектепте өткен спорттық сайыс туралы.
ІІ қатар: Мектепте өткен бір мәдени шара туралы.
4/ Сөз тіркесіне талдау
І қатар: Мектебімізде баскетбол үйірмесі ашылды.
Мектебімізде ашылды –жалғау арқылы, меңгеру, ет.т., толық-қ қатынас.
Баскетбол үйірмесі –жалғау арқылы, матасу, есімді тіркес, анықт.қатынас.
Үйірмесі ашылды –жалғау арқылы, қиысу, етістікті тіркес.
ІІ қатар: Біздің мектебімізде мәдени шаралар жиі өткізіледі.
Біздің мектебімізде – жалғау арқылы, матасу, есімді тіркес, анық.қатынас
Мектебімізде өткізіледі – жалғау арқылы, меңгеру, ет.тіркес, толықт. қатынас
Мәдени шаралар- орын тәртібі арқылы, қабысу, есімді тіркес, анықт.қатынас
Шаралар өткізіледі – жалғау арқылы, қиысу, ет.тіркес.
Жиі өткізіледі – орын тәрт.арқылы, жанасу, ет.тіркес, пысықтауыштық қатынас
Бекіту.
Тест тапсырмасы
- Мақала қандай стильде жазылады?
а/ ресми стиль ә/ публицистикалық стиль б/ ғылыми стиль
- Мақала әдеби тілдің қай түріне жатады?
а/ жазба тіл ә/ ауызша тіл б/ екеуіне де
- Шығармашылық жазу жұмыстарының түрлерін тап
а/ өтініш, сенімхат, арыз ә/ хат, мақала, пікір б/ анықтама, хаттама
- Мақала қайда жарияланады?
а/ радиода ә/ теледидарда б/ газет-журнал бетінде
Дұрыс жауабы: 1 –ә, 2-а, 3-ә, 4-б
Қорытындылау
– Сонымен, мақала дегеніміз не? Оның өзіне тін қандай ерекшеліктері бар?
Бағалау
Үй тапсырмасы:
Газет –журналдардан өзіне ұнаған бір мақаланы көшіру, түсінгенін айту.
