Без рубрики

«Тәуелсіз еркін елдің ұланымыз»

Қызылорда облысы. Байқоңыр қаласы.

Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

К. Э. Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі Куандыкова Айгул Ескараевна

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз еркін елдің ұланымыз»

Сабақтың мақсаты: білімнің өмірдегі маңызын түсіндіру, білімге деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін дене тәрбиесімен айналысуға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды жан-жақтылыққа, тез ойлауға, шапшаң есептеуге, тездікке, дәлдікке, ептілікке, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: ұжымдыққа, жауапкершілікке, өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан ете білуге, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу, өз елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: спорттық танымдық сайысы

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, мақал-мәтелдер, суретті жұмбақтар, дене тәрбие жабдықтары.

Спорт мерекесінің өтетін жері: спортзал

Сайыстың барысы:

1. «Таныстыру» сайысы. Әр топ басшысы өздерінің командасын таныстырады.

2.«Кім жылдам?»сайысы кедергілер арасымен жыланша жүгіріп өтіп, белгіленген жерге жетіп, тапсырылған геометриялық фигураларды жинау. Барлық топ тапсырмаларды толық орындап болған соң әріптен сөз құрау, құралған сөздерге мағлұмат беру.

3.3-кезең «Қырықаяқ» сайысы.Әр топ тізбектеліп, иықтарынан ұстап, кедергілерден жыланша жүріп, белгіленген жерге барып, тапсырмалар орындайды. Ғимараттарға түсінік беру.

4. «Асық жинау» сайысы. Кедергілер арасынан жыланша эстафеталық таяқшаны ұстап белгіленген жерге дейін барып, асық таңдап, сұрақтарға жауап беру.

5 «Батпақтан өту» сайысы. Шығыршыққа топ мүшелерін топ басшысы толық салып, шығыршықтан шығарып алмай, келесі шығыршыққа салу керек. Белгіленген жерге барып, «Менің туған өлкем» сурет салу.

Кіріспе бөлім:

— Қазіргі уақытта ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры. Бүгінгі шәкірт — ертеңгі болашаққа үмітпен қарайтын азамат.

Ендеше, құрметті қонақтар, ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын шәкірттеріміздің, яғни 2-сынып оқушыларының «Тәуелсіз еркін елдің ұланымыз» атты спорттық танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса, егемен еліміздің болашақта тізгінін ұстар ұрпақтарын ортаға шақырайық.

Негізгі бөлім:

Құрметті сайыскерлер, еліміздің болашақ тағдыры терең де, әрі жан-жақты білім алып жатқан мына сендердің қолдарыңда. Еліміздің болашақ ұрпақтарының жан-жақты, ұшқыр да, терең ойлы ойын байқау үшін бүгінгі сайыста спорт пен білімді ұштастырмақпыз.

Сайыста қиындықсыз, еңбексіз, білімсіз жеңіс жоқ. Олай болса, сендердің әрбір еңбектеріңді әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Бүгін бізге қаламыздағы барлық мектептерден қонаққа ұстаздар келіп отыр. Сайыскерлер, қонақтар үшін қошемет көрсетіп қояйық.

Сонымен, құрметті сайыскерлер, бізбен толықтай таныстыңдар. Ендігі таныстыру кезегі сендерде.

Олай болса, 1-кезең «Таныстыру».

Топ басшылары өз топтарымен таныстырып өтеді.

Сайысымыздың алғашқы кезеңі де басталып кетті. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген қанатты, аталы сөздер бар. Олай болса сайыскерлер, сендерге сәттілік тілейміз!

2-кезең «Кім жылдам?»сайысы кедергілер арасымен жыланша жүгіріп өтіп, белгіленген жерге жетіп, геометриялық фигураларды іріктеп табу.

«Барыс» тобы-шаршылар, «Қыран» тобы-көпбұрыштар, «Тұлпар» тобы-дөңгелектер.Келесі сайыскер келу үшін мұғалім жалаушаны көтереді. Барлық топ тапсырмаларды толық орындап болған соң әріптен сөз құрау, құралған сөзге мағлұмат беру керек.

Жасырын сөздер:

1-топта «Барыс» «Байрақ» сөзі шығады.

Мұғалім:- ҚР мемлекеттік Рәміздері және көк байрағы туралы топтан түсінік алу.

-ҚР мемлекеттік Туы туралы қысқаша түсінік алу.

2-топта «Қыран» «Елтаңба» сөзі шығады.

Мұғалім:- ҚР мемлекеттік Елтаңбасы туралы түсінік алу.

3-топта «Тұлпар» «Әнұран» сөзі шығадты.

— ҚР мемлекеттік Әнұраны туралы түсінік алу.

3-кезең«Қырықаяқ» сайысы. Ережесі: Әр топ тізбектеліп, иықтарынан ұстап, кедергілерден жыланша жүріп, белгіленген жерге барып, сөзжұмбақтар шешеді. Егер тапсырмаларды дұрыс орындай алсаңдар, тапсырманың келесі бетін аша аласыңдар, онда еліміздің әсем ғимараттарының суреттері бар және сол ғимараттарға түсінік беріп өту тапсырылады.

1 «Барыс» тобыБәйтерек

2 «Қыран» тобыТәуелсіздік монументі

3«Тұлпар» тобыАлтын адам

4-«Асық жинау» сайысы. Кедергілер арасынан жыланша эстафеталық таяқшаны ұстап белгіленген жерге дейін барып, асық таңдап, сұрақтарға жауап беру. Егер дұрыс жауап берсеңдер, асықты қоржынға салып, өз тобыңа ұпай жинайсың.

1-топ сұрақтары: 1. Отан туралы мақал-мәтел айт. 2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? 3. Қазақстанда өсірілетін астықтарды ата. 4. Қазақстан қандай кенге бай? 5.Қазақстанның астанасын ата. 6. Мақалды жалғастыр. Отансыз адам…

2-топ сұрақтары: 1.Ғарышта А. Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін айтқан қазақ ғарышкері кім? 2.Ата-ана туралы мақал-мәтел айт. 3.Қазақстанда қандай көлдер бар? 4.Біздің мемлекетіміз қалай аталады? 5.Мақалды жалғастыр. Ер бір өледі… 6.Қазақтың тұңғыш кемеңгер ұстазы кім?

3-топ сұрақтары 1. Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім? 2. Достық туралы мақал-мәтел айт. 3. ҚР. президенті кім? 4. Қазақстанның ғарышжайы қалай аталады? 5. Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да ұлттың аты шығады. 6.Мақалды жалғастыр.

5«Батпақтан өту» сайысы. Шығыршыққа топ мүшелерін топ басшысы толық салып, шығыршықтан шығарып алмай, келесі шығыршыққа салу керек. Шығыршық сырты батпақ. Батпаққа шығып қалмай, белгіленген жерге дейін осылай жалғастырып барып, «Менің туған өлкем» тақырыбында сурет салу және түсінік беру.

Қорытынды бөлім:

Бүгінгі спорт пен білімдерін ұштастыра көрсеткен еңбектерінің жетістігін бағалап, марапаттау үшін сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Сөз кезегі әділқазыларда. Сайыскерлер марапатталады.

Мұғалім: -Құрметті сайыскерлер, жеңістерің құтты болсын! Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елін, жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты сендердің қолдарыңда. Тәуелсіз еркін елдің ұландары, тәуелсіздік тұғырын нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие алып, болашаққа үмітпен қарайтын азамат болып өсулеріңе шын жүрекпен тілектеспіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.