Мектебіміздің қоғамдық істерінде, іс-шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген Махмутова Гулсая Ренуарбекқызы Атырау облысы Құрманғазы ауданынындағы Еңбекші орта мектебінің 11 б- сынып оқушысы, мектеп түлегі, «Алтын белгі»белгісіне үміткер озат оқушы.
Гүлсая Махмутова — сыныптың ұйымдастырушысы,мектептің оқушылар ұйымының президенті, «Жас Ұлан»ұйымының басшысы шығармашылықпен жұмыс жасай білетін шәкіртіміз. Ақпараттық жаңа технологиямен жұмыс жасай білетін жан-жақты ізденімпаз оқушы.Мектептің қоғамдық жұмыстарына және оларды ұйымдастыруға үлкен белсенділікпен қатысады. Ұстаздармен тез тіл табысып, олармен бірігіп жұмыс жасап келеді.Гүлсаяның өлең айтатын ерекше өнері де бар, мектеп абыройын республика көлемінде қорғады. Сонымен қатар мектептегі барлық шараларда жүргізуші болып келеді.
2011 жылы- Облыстық «Нашақорлыққа қарсы күрес-еліңе қосқан үлес» атты ең үздік наркобекеттер байқауында І орын және облыстық білім беру басқармасының меңгерушісі К.Жаулинның «Алғыс хатымен» марапатталды; 2008 жылы-Алматы қаласында орналасқан «Тау-Туран» сауықтыру лагерінде «Супер-Стар» байқауында І орын2010 жылы- Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде «Дені сау жас ұрпақ-дені сау болашақ» Республикалық балалар фестивалі бағдарламасы барысында «Вокал» байқауының жеңімпазы. 2008 жылы- Халықаралық«Кенгуру-2008» марафонында ІІІ орын иегері;2010 жылы- Республикалық «Золотое руно» интеллектуалды марафонында ІІІ орын иегері;2007 жылы- Республикалық«Ақбота»интеллекталдық марафонында І орын жүлдегері;2010 жылы- Республикалық«Ақбота»интеллекталдық марафонында ІІІ орын жүлдегері;2007-2011 жылы- Халықаралық «Русский медвежонок-2007» марафонында қатысқаны үшін сертификат иегері;
Аудандық байқаулар бойынша:
2006-2008 жылы аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын жүлдегері;2007-2011 жылы аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын жүлдегері;2012 жылы аудандық пәндік қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орын жүлдегері;2006 жылы- Аудандық «Әнші балапан» байқауында І орын иегері;2006 жылы- Аудандық «Әнші балапан» байқауында ІІІ орын иегері;
2012 жылы- Оқушылардың мектепішілік ғылыми жобалар жарысында Әдебиет секциясы бойынша жүлделі І орын иегері;2005-2012 оқу жылдары аралығында мектеп директорының Алғыс хатымен мараппатталды;2012 жылы- Аудандық оқушылардың ғылыми жобалар жарысында Әдебиет секциясы бойынша жүлделі ІІ орын иегері, жұмысы облысқа жолданды.2012 жылы- Аудандық «Жыл оқушысы-2012» байқауында «Бас жүлде»иегері;2011 жылы- «Туған өлке табиғатын қорғау- міндетіміз»тақырыбындағы экологиялық вернисажда жүлделі ІІІ орын иегері;2011 жылы – аудандық «Мұқағалиды ойласам» портреттік байқауында Алғыс хатпен мараптталды;2011 жылы- «Бала бұлбұл-2011» ән сайысында Алғыс хатпен марапатталды;2011 жылы- М.Ысқаққа арналған «Өнерді қанат еткен қаламгер» байқауында ІІ орынды иемденген;2011 жылы- Ж. Нәжімеденов оқуларында ІІ орын иегері;2012 жылы- Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі: Б.Шуриннің Алғыс хатымен марапатталды;
Гүлсая –сынып жетекшісі Гүлжүзім Ермекқызы мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін мұғалімі Гүлнар Оразғалиқызын мақтан етеді.