Сансызбаев Серікбол
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Лахалы ауылы № 93 орта мектеп
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның заманы. Мұны қазір тек біз ғана емес бүкіл әлем мойындап отыр. Білектен гөрі білімге иек артып отырған қазіргі таңда біліктілікке басымдылық берілген. Сол біліктілікке жету баспалдағы мектепте қаланатыны белгілі. Жаһандану заманында білімге зор мән бере отырып, өз халқымыздың ұлттық сөз саптауларына да ерекше қарап, келешек ұрпағымыздың ата-бабадан келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа аманат сөздерді олардың бойына сіңіру біздің міндетіміз деп білемін. Сондықтан мен үнемі өз сабақтарымда оқушыларыма осы аманат сөздердің мағынасын түсіндіріп отырамын. Сондай сөздердің біразын сіздер де пайдасына керек етер деп жіберіп отырмын.
-
Кермиық, кербез – паң, сұлу
-
Шандоз – асыл, ардақты.
-
Жебе – садақ оғы.
-
Сусар – аң.
-
Адырна – садақтың жебесін тіреп ататын тарамысы.
-
Қансонар – жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі.
-
Ғанибет – бұл жерде: қызық, тамаша, көңіл көтеру мағынасында.
-
Аңдағанда – түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі, жүріс бағыты, аңдағайлап ұмтылу мағынасында.
-
Томаға – бүркіттің көзін жауып тұру үшін кигізетін «бас киімі».
-
Қырымнан — алыстан.
-
Қырық пышақпен қыржыңдап – түлкінің тісін қайрап, айбат шегуі.
-
Хаса – айрықша сұлу.
-
Сегіз найза – бүркіттің тырнақтары.
-
Үйірімен үш тоғыз – олжалы болу.
-
Көлеңкелі – сурет, елесі, бейнесі.
-
Көкейіңе – көңіліңе, ойыңа.
-
Милләт – халық, ұлт.
-
Бержабай – баржамен адам тасушы.
-
Қашаба – тарантас, жеңіл арба.
-
Шүлеңгір – мырзасу.
-
Жейхун — Әмудария өзенінің орта ғасырдағы атауы.
-
Мұсатыр – мүсәтір.
-
Зұлфұқар – алмас қылыш, алдаспан.
Сөзжұмбақ.
Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңі бойынша.
Оқушылар өздері жаттаған өлең жолдарын естеріне түсіре отырып, торкөздерді толтырып шығады.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1. …………………….. тауынан
2. …………………….. сала қосылып,
3. …………………….. өзен түйісіп,
4. ……………тың төмен жосылып.
5. …………….. ның тасты ағызып,
6. ……………. ң қалды осылып.
7. ………………….. ген үніңнен
8. ……………………. қашты шошынып.
9. ……………… ға суың тарады,
10. …………..ға суың барады
11 ……………….. менен тосылып.
Жауабы: 1-Тарбағатай 2-тоқсан 3-тоғыз 4-ақ 5-ағы 6-арна
7-күркіре 8- аңдар 9-қыр 10-ой 11-тоған