Сансызбаев Серікбол
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Лахалы ауылы № 93 орта мектеп
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға қазақ халқының шешендік сөз өнері, оны айтушылар, тәрбиелік мәні, сөйлеу мәдениеті туралы түсінік беру.
ә) Сыпайы, мәдениетті сөйлей білуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Б) Мәнерлеп, нақышына келтіре оқуын, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: ЖИГСО, мағынаны ашу, топтастыру, бес жолды өлең.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, би-шешендер суреті, цитаталар, кескін карталар, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқушыларды топқа бөлу: 1 топ: «Төле би» 2 топ: «Әйтеке би»
Сабақтың өту жоспары:
-
Кіріспе.
-
Аталар сөзі-ұрпаққа аманат.
-
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
-
Болмасаң да, ұқсап бақ.
-
Менің пікірім.
-
Бес жолды тұжырым.
-
Кестемен жұмыс.
-
Топтық жұмыс.
1. Жаңа сабаққа кіріспе:
-
Шешендік сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Шешендік сөздерді кімдер айтқан?
-
Қазақ халқының қандай би-шешендерін білесіңдер?
2. Аталар сөзі-ұрпаққа аманат.
Әр топ үйден дайындалып келген би-шешендердің сөздерінен үзінділерді жатқа айтады.
1-топ. «Төле би»: «Дүниеде не өлмейді?» деген әз Жәнібек ханға Жиренше шешеннің айтқаны:
Ағын судың өлгені-
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені-
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені-Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
2 топ: «Әйтеке би»: Төле бидің айтқаны:
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім…
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иланың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы.
ІІІ. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
Әр топ сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтел айтып жарысады.
IV. «Болмасаң да, ұқсап бақ…»
Әр топқа би-шешендердің сөздері таратылады, соны рөлге бөліп оқиды.
V. Менің пікірім.
Әр топ сұрақтарды алып, өз пікірлерін білдіреді.
-
Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Сыныпта кім қалай сөйлейді?
-
Мектепте сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан оқушы бар ма?
-
Ауылда кімді тілге шешен, жақсы сөйлейді деп ойлайсың?
VІ. Бес жолды тұжырым.
-
-
Қандай сөздер? Шешендік сөздер
-
Неге жатады? Сөз өнеріне
-
Кімдер айтады? Ақындар, би-шешендер
-
Кімге аманат? Ұрпаққа аманат
-
Би-шешеннің айтқаны? Соңғы шешім.
-
VІІ. Әр топқа кесте таратылады, кестені толтыру:
Не түсіндің? |
Нені өзіңе тоқыдың? |
Нені білгің келеді? |
|
|
|
VІІІ. Топтастыру стратегиясы. Әр топ сызбаны толтырады.
IX. Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беру. Жеңімпазды анықтау.