Күй аңызы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№1 жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алипова Гульназ Туракбаевна
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақтың тақырыбы: «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақтың мақсаты:
a) Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын , күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнер иелеріне деген саналы көзқарасын арттыру.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекіліктері: флипчарт
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)
| 1923 жылы | Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген |
| 1941 жылы | Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады |
| 1948-51 жылдары | Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған |
| 1951-53 жылдары | “Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы |
| 1953-54 жылдары | “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы |
| 1953-54 жылдары | “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы |
| 1954-55 жылдары | Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы |
| 1955-57 жылдары | Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы |
| 1957-58 жылдары | Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы |
| 1966 жылы | Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді |
Редактор
Аудармашы Жазушы
Абай атындағы
мем.сыйлықтың лауреаты Драматург
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Ой қозғау
«Нар идірген» күйі тыңдалады.
– Күй өнері туралы не білеміз?
шығу тарихы өнер түрі
домбыра, қобыз
ұлттық мұра
әуен, саз
оқиға, жағдай
Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі бойынша басталады.
1) Кейіпкерлерді топтастыру
2) Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу
І қатар – Естемес пен Оразымбет портретін табу
ІІ қатар – Жаңыл мен қарт бейнесін табу.
3) Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.
(оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)
- Оқиғаның басталуы (экспозициясы
Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
- Оқиғаның дамуы
Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
- Оқиғаның шиеленісуі
Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
- Оқиғаның шарықтау шегі
Жаңа күйдің пайда болуы.
- Оқиғаның шешімі
Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.
4) Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)
| № | кейіпкерлер | Өмірге қызығушылығы | Адамгершілік қасиеті | Кейіпкерлерге баға |
| 1 | Естемес | Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды | Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді | жақсы |
| 2 | Оразымбет | Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт | Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал. | жоғары |
| 3 | Жаңыл | Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді. | Кішіпейіл, ибалы, өжет. | жоғары |
| 4 | Қарт | Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан. | Көпті көрген, қонақжай, есті кісі. | жақсы |
5) Тест тапсырмасы (ACTIVote арқылы орындау)
- Кімнің сөзі:
«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
- «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
- «Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
- «Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
- «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
- «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
- «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6) Тест интервью
| 1 | Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? | Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты. |
| 2 | Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? | Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты. |
| 3. | «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. | Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді. |
| 4. | Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? | Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ. |
| 5 | Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі? |
ІV. Сабақты бекіту:
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
| Әңгімеден алған әсерің? | Несімен әсер етті? |
VІ. Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа эссе жазу.
VІ. Бағалау.

Мен осы оқиғаны Қазақ әдебиеті кітабынан оқыдым Маған өте ұнады!!!
Маған компазициялық құрлысы керек еді, бірақ таппады.Бірақ ұнады.