Класы: 7а
Пәні: биология
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар
Сабақтың мақсаты: Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын жан-жақты талқылай отыра қорытындылау.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: саңырауқұлақтардың әртүрлілігі туралы білімді тереңдету
2. Дамытушылық: олардың қолданыс аясы туралы білімді дамыту
3. Тәрбиелілік: оқушыларды табиғатты сүюге, улы және усыз саңырауқұлақтарды айыра білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мәтін, интерактивті тақта
Сабақта қолданылатын технология: СТО стратегиялары
Сабақты оқыту әдістері:жеке, жұптық
Сабақтың түрі:қайталау
Сабақтың барысы:I. Қызығушылықты ояту (кластер құру)
1. Микология ғылымы
2. Төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарға кластер жасаңдар (жеке, сосын жұпқа толықтырады, одан соң тақтаға жазады).
II. Мағынаны тану:
1. Слайд №1 Тірі табиғат формалары
2. Слайд №2 Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән қасиеттерін айтыңдар
3. Слайд №3 Нағыз саңырауқұлақтар
4. Слайд №4 Оқушылар жауабын тексеру
5. Слайд №5 Термин сөздермен жұмыс
6. Слайд №6 Мәтінмен жұмыс
7. Слайд №7 Саңырауқұлақтарға кластер жасау
8. Слайд №8 Сандар сөйлейді
Саңырауқлақтар туралы мәтінмен таныса отырып, мәтіннен проблема табу, оны шешу жолдарын атаңдар. (проблема Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт)
(мухомор), боз арамқұлақ (поганка), жалған түбіртек (ложный опенок), жалған түлкіжем) ложная лисичка) және т.б.
Шыбынжұттың түрлері: қызыл шыбынжұт, сұрғылт-қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт –сары шыбынжұт және т.б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтіретін улы зат «мускарин» алкалоиды болатыныанықталды. Көбінесе шыршүа, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетін ашық алаңдарда өседі. Қызыл шыбынжұттың диаметрі 20см-дей , қалпағы күңгірт-қызыл түсті, әр жерінде сүйел тәрізді ақ дақтары жуылып кетеді.
Уы тез әсер етеді, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сіңірі тартылып талып қалады.
Шешу жолдары: (Жеуге жарамайтын: жалған түлкіжемнің қалпақшасының үстіңгі беті тегіс, қызғылт-сары түсті, кәдімгі түлкіжемнің қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сары түсті, бозарамқұлақ сырттай қарағанда қозықұйрыққа ұқсас, бірақ айырмашылығы боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы ақшыл-жасыл түсті, ал қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы алқызыл түсті, сұр шыбынжұты саңырауқұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті және ақ дақты, қызыл шыбынжұтының қалпақшасының үсті қызыл түсті және ақ дақты, жалған түбіртек саңырауқұлағының қалпақшасының астыңғы жағы қою сарғылт-жасыл, ал үсті мен түбіртегі ашық-сарғылт-жасыл түсті болады, түбіртегінде белдеуше сақинасы жоқ).
III Толғаныс сатысы:
Слайд №9
Семантикалық картамен жұмыс: «Саңырауқұлақтар әлемі»
Өкілдері | Қалпақ түбіртектен тұрады | Біржасушалы | Көп жасушалы | Бүршіктеніп көбею | Жынысты көбею | Медицинада | Жеуге жарамды | Паразитті | улы |
Терекқұлақ | |||||||||
Пиницилл | |||||||||
Аспергилл | |||||||||
Ақ саңырауқұлақ | |||||||||
Қастауыш | |||||||||
Шыбынжұт | |||||||||
Ашытқы саңырауқұлағы | |||||||||
қозықұйрық |
IV. Үйге тапсырма: Өсімдіктер туралы мәліметтер жинап келу.
V. Бағалау.