Өркені –өрісті, ертеңі –келісті Қазақстан
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№1 жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алипова Гульназ Туракбаевна
Тақырыбы: «Өркені өрісті, ертеңі келісті Қазақстан»
Тәрбиелік мақсаты: Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың егемендік, тәуелсіздік туралы ойларын толықтырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, көрініс қойғызу арқылы тәуелсіздік әкелген халық қаһармандарына деген мақтаныш сезімін ұялату.
Дамытушылық: топқа бөліп, сайыстыра отырып, шапшаңдыққа, тез ойлауға дағдыландыру, бар білімін көрсете алуға үйрету, қызығушылығын арттыру.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер: слайд
Тәрбие сағатының барысы:
1. Кіріспе
Мұғалім сөзі:
Қуан, жұртым!
Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың-дағы.
Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету – исі қазақ азаматтарының игі борышы.
Желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик көрсету
Құрметті Ұстаздар , оқушылары !
Биыл –ерекше жыл. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Осы мерекеге арналған «Өркені өрісті, ертеңі келісті Қазақстан!» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәуелсіздік – еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді. Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.
Тігілген соң Ақ Орда-шаңырағың,
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім!
Қазақстан, о, менің құт тұрағым
Жер шарына қазақтың халық атын.
Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
Бүгінгі тәрбие сағатымыз да бұрынғы сабақтарымыздан өзгеше. Өйткені, бұл сабақ сайыс түрінде өткелі отыр. Бізде екі топ шығып отыр.
І топ: аты ………………………… ІІ топ: аты………………………….
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І. Таныстыру /топтың аты, ұраны, төсбелгісі/
ІІ. Үй тапсырмасы /Желтоқсан оқиғасына байланысты көрініс қою/
ІІІ. Кім шапшаң? /Ребус шешу/
ІҮ. Жалғасын тап /Отан, ел туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру/
Ү. Кім білгір? /викториналық сұрақтарға жауап беру/
ҮІ. Жас қалам /Тәуелсіздік, Отан тақырыбында эссе, өлең жазу/
Әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстыру.
І кезең –Таныстыру
Екі топ өздерін таныстырып, эмблемаларын түсіндіреді, ұрандарын айтады.
ІІ кезең –Үй тапсырмасы.
Бұл кезеңде әр топ Желтоқсан оқиғасына байланысты өздері үйден дайындап келген көріністерін көрсетеді.
Күй «Адай» . Орындайтын Джумагалиев Мустафа
ІІІ кезең –Кім шапшаң?
Бұл кезеңде екі топқа екі ребус беріледі. Ребуста жасырылған мақал-мәтелдерді тауып айтуы керек. Өздері таба алмаған жағдайда қарсы топ жауап беруге болады.
Жауабы: Отан – от басынан басталады .
Орысша нұсқасын табу. /Любовь к Родине у семейного очага зарождается/
ІҮ кезең –«Жалғасын тап»
Бұл кезеңде сурет қиындылары астында мақал-мәтелдер жасырылады. Топ мүшелері кезекпен таңдаған қиынды астындағы мақалдардың жалғасын тауып, суретті құрастырады. Тәуелсіздік монументінің суреті шығуы керек.
Тәуелсіздік монументі туралы толық мағлұмат беріледі.
- Орағың өткір болса, қарың талмайды, …………………../Отаның берік болса, жауың алмайды. /
- Елінен безген ер болмас, ……………………………………/Көлінен безген қаз болмас./
- Жат жердің қаршығасынан, ………………………………. /Өз еліңнің қарғасы артық./
- Бөтен жердің гүлінен, …………………………………………./Туған жердің тікені артық./
- Ұлтарақтай болса да, Ата қонысы жер қымбат…./Ат төбеліндей болса да,Туып өскен ел қымбат./
- Есі бар жігіт елін табар, …………………………………../Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар./
- Ерінен айырылған көмгенше жылайды, ……………./Елінен айырылған өлгенше жылайды. /
- Отаны бірдің жүрегі бір, ……………………………………./Жүрегі бірдің тілегі бір./
Тәуелсіздік монументі туралы мағлұмат беріп кету.
Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің автолар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында Қ.Сәтбаев пен К.Байсейітова көшелерінің қиылысатын жерінде орналасқан. Монумент орналасқан ауданның ұзындығы 180 км жерді қамтиды. Маңғыстаудың бедерлі құлпы тастарға ұқсас оюлы Сынтас. Осы Сынтас үстінде бойы алты метрлік қанатты барысқа мінген «Алтын адамның» мүсіні тұр. Бұл көркем бейне ойдан алынбаған, негізінен Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адам» сипаты пайдаланылған. Үстіндегі сәнді, салтанатты дүниежүзілік дәрежедегі өнерлік туындыға жататын зергерлік бұйымдарға қарағанда бұл өзі ханзада болса керек. Ол патшаның баласы болса- онда оның әкесі билеген патшалық болғаны да даусыз.Осы тұста «Мен- қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген ақын Жұбан Молдағалиевтің өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Сынтастың түбінде, төрт жағында мүсіндер тобы орналасқан.Олар: Ақыл- ой иесі- Абыз,Жер- Ана, тайға мінген қыз бала мен ұл бала.Төмендегі мүсіндердің төртеу болуы да тегін емес. Қазақ шартарапты дүниенің төрт бұрышы дейді, ол түгел болса жақсылық және береке табады. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді»- деуі содан. Тайға мінген балалар- жаңа құрылып жатқан тәуелсіз мемлекеттің нышанындай. Олардың келешегі-алда; «біз көлденеңнен қосылған көкдөнен» емеспіз, адамзат өркениетіндегі игілікті істерге ат салысамыз, сайысқа түсеміз деген ойды білдіреді.Батыр ханзаданың бас киімінің тәжі, кеудесіндегі қалқан, белбеу, барыстың қанатына алтын жалатылған.
Ән «Сәлем, саған ,Қазақстан» Орындайтын : Ибрагимова А.
Ү кезең –«Әріптер сыры»
Бұл кезеңде 20 әріп беріліп , әр әріп астында бір сұрақтан беріледі. Жауап бере алмаған топ орнына қарсы топ жауап беріп, ұпай алуға болады.
А -Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б– Астана қаласының символы /Бәйтерек/
В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Г- Тарихтың атасы /Герадот/
Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/
Д- Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/
Е- «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/
Ж- «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/
И- Елбасымыздың мамандығы /Инжинер- металлург/
Қ- 20 жылда күллі әлемге танылған ел /Қазақстан/
О-Теке қаласының қазіргі аты /Орал/
Ө-Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/
П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/
Т-Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
Ф-«Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Фараби/
Х-2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға /Халық санағы/
Һ-Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/
Ц-Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
Ю-Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі /Ою/
ҮІ кезең –«Жас қалам»
Бұл кезеңде екі топқа Тәуелсідік тақырыбында шағын эссе немесе өлең шығаруға тапсырма беріледі. Уақыты -5минут.
Өлең «Тәуелсіздік» . Оқитын Каженов Бахадур.
Қорытындылау.
Мұғалім:
Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрге талай қияметін азаптың.
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік азат күн, -дей отырып, бүгінгі сайыс кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Оқушылар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.
Оқушылардың орындауында Қазақстан Республикасының гимні ойналады.
Мұғалім:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.
Тәуелсіз Қазақстаным!
