Без рубрики

Калькулятор бағдарламасы. 7 – сынып

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құрман орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі:  Бердембаева Ақмарал Сисенқызы

Сабақтың тақырыбыКалькулятор бағдарламасы        7 – сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.

Тәрбиелігі: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы, әрі тәртіпті ұстауды ескерту.

Дамытушылығы: Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:  Калькулятор, интерактивті тақта

Түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: ой – қозғау, өзіндік жұмыс, сергіту сәті, сәйкестендіру тест, ой – толғаныс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
  2. Оқулықтары мен дәптерлерін дайындау.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

“Сәйкестендіру” тест

 

Техника қауіпсіздігіне қысқаша шолу

1)Компьютер  сыныбына кірерде қандай қағиданы еске алуымыз керек?
2) Біз осы кабинетте оқыс қиындықтарға  ұшырамау үшін қандай ережелерді сақтауымыз керек?

 

Өткен сабақты пысықтау

 

“Сәйкестендіру”  әдісі

 

1 )  Блокнот бағдарламасы  дегеніміз….

А) өте кішкентай мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін аз ғана жад қажет

Ә) мәтіндік редактор, әр түрлі графикалық кескіндерді, бейнеклиптерді қоюға болады

Б) сурет салу бағдарламасы

В) электрондық кестесінде графикалық   объектілермен жұмыс жасауға

2) Бағдарламаны іске қосу үшін  командаларды дұрыс орналастыр

А) Пуск

Ә) Стандартные

Б) Все программы

В) Блокнот          Жауабы: (В,А,Б,Ә)

3) Блокнот бағдарламасындағы  жазған  деректерді  қалай сақтаймыз?

А) Сохранить как

Ә) атын енгізу

Б) Файл

В) Сохранить      Жауабы: (Б,А,Ә,В)

Үй тапсырмасын корытындылау

Блокнот бағдарламасын ашып,  Arial, 14 шрифтпен  өз аты-жөндеріңді теріп жазып, құжатты

7 класс деп сақтаңдар.

 

ІІІ. Жаңа  сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Мына  ребусты  шешу  арқылы  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың тақырыбын  табамыз.

,

            

К

ь

,

 

 

 

 

 

 

 

,

 

,

Калькулятор  бағдарламасы

Есептеудің, оған пайдаланатын аспаптар мен  құрылғылардың тарихы  өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар  әр түрлі  есептеу  жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді.

Есептеудің, оған пайдаланатын аспаптар мен  құрылғылардың тарихы  өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар  әр түрлі  есептеу  жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді.

Сөйтіп, есептеу көлемінің  күн санап артуы  есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен  жүргізуді  талап етті.

Ең ерте заманғы  және бәрімізге  белгілі есптеу құралы  есепшот болып табылады.

 

Қалта калькуляторы 

Компьютердегі сандық ақпаратпен жұмыс істеуін WindowsХР–дің «Калькулятор» қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі электрондық калькуляторлардың  жұмысын модельдейді. Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам  орындауға және есептеу нәтижелерін Windowsхр –дің  басқа программаларына  беруге болады. Сонымен қатар Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен  жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық, арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. Тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Калькулятор бағдарламасы.

                    Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуі Windows-98-дің “Калькулятор”қолданбасының көмегімен көрсетуге болады.Бұл қолданбалы бағдарлама кәдімгі электрондық калькуляторлардың жұмысын модельдейді.

        

      Калькуляторларды пайдалана отырып есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін Windows-98-дің басқа бағдарламаларына беруге болады. Сонымен қатар Калькулятор қолданбаса компьютердің сандық информациямен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Жүйеде калькулятордың екі түрі бар:

                 Қарапайым (кәдімгі) және Инженерлік.

 

Калькуляторларды іске қосу.

Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаңдар:

 Пуск-Программы-Стандартные-Калькулятор.

Жүйеде  калькулятордың екі түрі бар: Қарапайым, Инженерлік

Мұны орындағаннан кейін,экранда калькулятордың терезесі пайда болады.Егер калькулятор бірінші рет қосылса,онда Қарапайым калькулятор шығады, содан соң сендер соңғы рет жұмыс істеген калькулятордың нұсқасы көрінеді.

Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолымен меню жолы қосылған. Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан санаулы амалдарды және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін (түрін) таңдау арқылы орындалады.

 

Калькулятормен жұмыс істеу.

Бұл  калькулятормен жұмыс істеудің принципі кәдімгі қалта  калькулятормен жұмыс істеумен бірдей.Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу маустың сол жақ батырмасын калькулятордың батырмаларын шерту немесе пернетақтадағы сәйкес цифрлы батырмаларды басу арқылы орындалады. Пернетатаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін Num Lock пернесін басыңдар.Енгізілген цифрлар индикация өрісінде пайда болады.

 

Калькулятордың функционалдық батырмалары.

-Соңғы ендірілген цифрды өшіреді.

-Индикация өрісінде жарықтанған манды өшіреді.

-Барлық ендірілген ақпараттарды өшіреді.

-Енгізілген мәндерді бөледі.

  • Енгізілген мәндерді көбейтеді.
  • Енгізілген мәндерді қосады.

  • Енгізілген мәндерді азайтады(алады).

  • -Амал нәтижесін индикаторға шығарады.

    -Квадрат түбірді есептейді.

    -Санның процентін табады.

    -Индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді.

    Сергіту сәті «Физминутка»

    Оқушылар өздерінің білімдерін  Бағалау парағын толтыру арқылы бағалайды.

    Ал, балалар сабаққа қалай түсінгендіктерімізді білу  үшін  калькулятормен  есеп  шығарып  көрейік. Барлығымыз тақтадағы  есептерді  қарап, бүгінгі өтілген  жаңа  сабығымыздың барысы бойынша  калькулятор  терезесін  ашып  мына  есептерді  шығарып  көрейік.

    №1. Сандарды қос

    а) 28535,2+759,43=35294,63

    ә) 358,49+4029,07=4387,56

    б) 12345,67+987,54=13333,21

    в) 555,77+998,33=1554,1

       №3. Сандарды көбейт

    а) 331*17=5627

    ә) 57,35*14=802,9

    б) 315*9=2835

    в) 1023*30=30690

      №2. Сандарды азайт

    а) 1863-558=1305

    ә) 5678,99-456,73=5222,26

    б) 267689,05-45678,98=22010,07

    в) 555,66-45,99=509,67

    №4. Сандарды бөл

    а) 18358/2=9179

    ә) 156/12=13

    б) 857/25=34,28

    в) 6072/6=1012

    № 5. Сандардың квадрат түбірін табындар

    а) 49       7

    ә) 144    12

    б) 529    23

    в) 119    13

    № 6. Мына сандардың  30% процентін тап

    а) 130*30%=39

    ә) 240*30%=72

    б) 16*30%=4,8

    в) 7*30%=2,1

     

    Бекіту. Сабақ соңында  балалардың жаңадан өтілген  сабақты бекіту үшін «Домино» ойынын ойнатамын.

    Қорытынды

    1. Оқушылардың білімін бағалау.
    2. Үйге: Калькулятор бағдарламасын оқып келу       2 тапсырма

     

    Калькулятор бағдарламасы. 7 – сынып: 1 комментарий

    1. Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер!!! Маған сіздің слайдыңыз ұнады жақсы көрікті әрі тартымды слайдтан көріп бәрін түсінуге болады. осы слайдты калай көшіріп алуға болады

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.