«Ғажайып Апорт алмасы» сабақ конспекті
Ақтөбе қаласы. № 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымының
тәрбиешісі Ташенова Алтынгүл Сагынгановна
Жобаның презентация- сабағы
Тақырыбы: «Ғажайып Апорт алмасы»
Мақсаты:Тірі табиғатқа деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Балаларды тірі табиғат, оның ішінде алма жемісінің қасиеттерімен таныстыру.
- Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
- Эстетикалық талғамын дамыту.(табиғат әсемдігін сезіне білу)
- Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
- Тірі табиғатқа, олардың берер сыйына деген дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
– Саламатсыздар ма балалар! Балалар бізге көп қонақтар келіпті.
– Қонақтармен амандасайық.
-Балалар амандасады.
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан, алақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықсын, күн бүгін.
Тәрбиеші:
– Балалар біздің жобамыз неден басталды, қандай сұрақтардан басталды?
Балалар:
– Алмалар неге әртүрлі ағаштарда өседі?
-Алмалардың түстері неге әртүрлі?
– Алмалар неге тәтті?
Тәрбиеші:
-Балалар, енді бір –бірімізге сәттілік тілеп, жоба бойы дайындаған ертегімізді қарайық.
1. «Алма қалай тараған?» ертегіні сахналау
2. Слайд көрсету. Тақтаға қараймыз.
Сұрақтар:
– Алма қалай дамиды, неден пайда болады екен?
– Алманы қалай күтіп баптайды?
3. Ұлғайтқышпен қарау.
– Алманың дәмді болуы неге байланысты?
– Дәндерін қарайық.
4. Көрмені қарау.
Сұрақтар:
– Балалар білесіңдер ме, алмадан қандай тағамдар жасалады?
– Компот, джем, мармелад, алма пирогы.
– Алмалар пісуіне қарай қандай топтарға бөлінеді? ( жазғы, күзгі, қысқы)
Тақпақтар. ( Мөлдір, Ерталап, Азамат, Диана. Айдана)
5.Тәрбиеші :
-Балалар, алманың құрамында қандай пайдалы заттар бар екен?
Балалар: (жауап береді)
|
Минералдар Калий, кальций, магний, фосфор, натрий, фтор. |
|
Дәрумендер А,Е,С,В1,В2, В6 |
|
88%-Су 26%-Қант 0,8%-Қышқыл 18%-Құрғақ қалдық 1%-Иілік заттар |
6.Балалар білесіңдер ме. Біздің Қазақстанда осындай ғажайып апорт
алмасы бар екен.
Сұрақтар:
– Апорт алмасы қайда өседі?
– Апорт алмасының Отаны қай қала?
– Апорт алмасы қандай болады екен?
«Хабар» телеарнасының «Апорт қайта оралды» тақырыбындағы репортажды қарайық
– Балалар Апорт туралы мәлімет алдық. Енді орнымыздан
тұрып, сергіп алайық.
7. Сергіту сәті.
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек?
Рахмет деу керек.
8. «Апорт» алмасы кіреді.
– Мен алмамын, алмамын,
Балдай тәтті бар дәмім.
Пісіп тұрған алмамын,
Балдай тәтті бал дәмім.
– Саламатсыз ба, алма. Қайдан келе жатырсыз? Балалар сізге арналған тақпақтарын айтып берсін.
9. Тақпақтар. ( Аружан, Арсен, Дильназ, Бекзат)
10. Тәрбиеші: Балалар, Апорт туралы өз білімдеріңді ортаға салдыңдар.
– Табиғатты аялаймыз ба?
– Апорт алмасына не тілейміз? (Тілек айту, ұжымдық жұмысты орындау, құрастыру сабағында дайындаған алмаларын ағашына жабыстыру)
– Қонақтарға алма тарату, тілек айту.
Тәрбиеші: -Балалар біз апорт алмасы туралы көп нәрсені білдік.
Алмаға рахмет айтайық.
Апорт алмамыз жоғалмасын, жемісіміз көп болсын!
Рахмет! Қонақтарға!
Алма: Сау болыңыздар!
