«Мерекеңізбен анашым» ертеңгілік сценариі

Ақтөбе қаласы.  № 15 «Жидек»  мектепке дейінгі ұйымының
тәрбиешісі Ташенова Алтынгүл Сагынгановна

8-ші Наурыз Халықаралық мерекесіне арналған «Мерекеңізбен анашым»
ертеңгілік сценариі  (естияр тобы)

Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, бала бақша ұжымының апайлары. Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!

Балаларымыздың сіздерге дайындаған «Мерекеңмен анашым»  атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Уа, ағайын, ағайын.

Көктем келді жайнаған.

Бау-бақшада бүгін той.

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнаңдар.

Гүлдей жайнап тұрыңдар.

Құттықтаймыз сіздерді.

Мерекеңмен бүгінгі.

 

Балалар тұрып тұрады.

Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8-ші Наурызбен!!!

(Балалардың тақпақтары)

Ән: «Қттықтаймын мама, туған күніңмен!»

Би: «Қуыршақ»

Жүргізуші:

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

(Балалардың тақпағы айтылады)

Ән: «Зеңгір көктем»

Жүргізуші: «Тәтті нан»  ертегісінен көрініс тамашалайық.

Әже (кіреді) Міне қамырым да көтерілді, жұмсақ, дәмді, тәтті нан пісетін болды. Дастарханға қамырды илейін. Арасына картоп, сәбіз, салайын. Ару көктем қонаққа келгенде дәм татқызайын.Тәтті нан секіреді.

Әже: Ой, мынау не? Мына тәтті нан маған бірдеңе айтқысы келеді. Менің сиқырлы орамалым қайда? Орамалмен жабады.

Чуф-чуф көрінші,

Чуф-чуф тірілші.

Тәтті нан тіріледі.

Тәтті нан: Әже сәлем бердік, мен бәрін естідім. Сіз көктем аруын күтіп отырсыз. Көңілді мереке болатын болды. Жарайды мен ана жолмен көктемді қарсы алайын.

Мен тәтті нанмын,

Көңілденіп келемін.

Қоян шығады, алдын ал.

Қоян: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін.

Тәтті нан: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін:

Мен тәтті нанмын,

Әжемнен қаштым.

Жолда жүгіріп келемін.

Көктем аруын күтемін.

Қоян: Сен дәмдісің, сонда да жеп қоямын.

Тәтті нан: Балалар көмектесіңдерші, қоян неден қорқады?

Балалар: Желден қорқады.

Қане бәріміз жел болып үрейік. Балалар үреді, қоян қашып кетеді. Тәтті нан домалап кете береді, алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Сәлем тәтті нан мен сені жеймін. Бокс-бокс.

Тәтті нан:

Тоқташы сен қорқытпа,

Тезірек қаш орманға.

Керек етсем егерде.

Ұрып тастаймын сеніде.

(Қасқыр қорқып кетеді) Саған не болды тәтті нан, неге мені ұрасың?

Тәтті нан: Балалар қасқыр неден қорқады?

Балалар: Иттен. Ендеше бәріміз итше үрейік АФ-АФ-АФ

Қасқырдан құтылған тәтті нан әрі қарай домалап кетеді. Алдынан аю шығады.

Аю: Сәлем тәтті нана мен сені жеймін.

Тәтті нан: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін:

Мен тәтті нанмын,

Әжемнен қаштым.

Жолда жүгіріп келемін.

Көктем аруын күтемін.

Көктемге өнерімді көрсетемін.

Аю: Мен сені бәрібір жеп қоямын.

Тәтті нан: Сені қалай қорқытсам екен? (ойланады) Балалар аю неден қорқады?

Балалар: Аю бал жейді, арадан қорқады.

Тәтті нан: Бәріміз ара болайық. Балалар ара болады. Ж-Ж-Ж-Ж-Ж Аю қашып кетеді.

Тәтті нан: Қой мен шаршадым, әрі қарай көктем аруын іздей алмаспын., деп томарға отыра кетеді. Осы кезде түлкі келеді.

Түлкі: Мен әдемі түлкішек, ән салуды ұнатқан. Ой, бұл не өзі?

Тәтті нан: Не емес кім? Мен тәтті нанмын, сұлу көктемді күтуге шығып едім, жете алар емеспін.

Түлкі: Қандай дәмді нана, алақаныма отыршы.

Тәтті нан: Ия, балалар бірінші алақаныма отыр, одан мұрыныма отыр, сосын бауырсақ сияқты мені аф-ф деп жеп қойғың келеді ғой. Ал сонда көктем аруын кім күтеді? Одан қайта дос болып, көктемді бірге қарсы алайық. Ол қазір жақындап қалған болар.

Жүргізуші: Балалар, біз де көктем аруын күтеміз бе?

Балалар: Иә.

Жүргізуші:

Жасыл көктем, сен көктем.

Гүлді гүлмен өрнекпен.

Ел бақытты, мейірлі,

Балалары әндеткен.

Төрлет көктем жоғары.

Көктем кіреді. (сөзі)

Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.

Балалар:

Қыс кетіп, көктем келді.

Құстар келе бастады.

Жан-жануарлар, жәндіктер ұйқысынан оянды.

Көктемде тіршілік қайтадан жаңарады.

Қазір ортаға біздің бақаларымызды шақырайық.

Би: «Бақалар»

Ойын: «Гүлдерді тез жина» «Көктем»

Ал енді, барлығымыз ойнап жіберейік.

«Орамалды кім тез іледі?»  2-бала

                                               2- ата-ана

Жүргізуші:

Қайырымды, қасиетті.

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті.

Баға жетпес ақ әжем.

(Балалардың тақпақтары)

Жүргізуші:

Аялы ғой сипаған.

Алақаның әжетайым.

Арналады сіздерге.

Қазіргі біздің әніміз.

Ән: «Әжемнің шәйі»

Би: «Жігіттер»

Жүргізуші:

Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Баладарыңыздың сіздерге дайындаған сыйлықтары бар, оны топқа барған соң аларсыздар.

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше