Көне түркі жазба ескерткіштері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мұғалімі Ахметова Нурпану Умырбековна
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 сынып Тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері.
Мақсаты:
1. Білімділік Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық. Ауыз екі сөйлеу, әңгімелесу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, өтілген грамматикалық материалдарды қайталау.
3. Тәрбиелік. Өз Отанын, жерін, халқын сүюге, құметтеуге тәрбиелеу, ұлтымыздың салт-дәстүрін, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды сақтауға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, қайталау.
Пән аралық байланыс: тарих
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі суреттер, буклеттер, ескерткіштер, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Кезекшімен сұхбат;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалімнің сөзі:
Өткен сабақта айтып өткен Күлтегін ескерткіші, Қожа Ахмет кесенесі тағы да басқа тарихи ескерткіштеріміз ұлттық байлығымыз болып есептеледі. Бұл біздің ата-бабаларымыз қалдырған бай мұра, баға жетпес қазына. Соның ішінде біздің танысқалы отырғанымыз –көне түркі жазба ескерткіштері. Бұл ескерткіштер руналық ескерткіштер.
Руна жазуы жөнінде қысқаша түсініктеме беруге болады: бұл жазбалар б.ғ.д. ІІ-ІІІ ғғ. Германдықтар қолданған алфавит. Руналар (белгілер) металға, тасқа, ағашқа ойып жазылған және руналардың жазуы өзгеріп отырған.
- 1. Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді аудармасыз оқу. Негізгі айтылмақ ойды анықтау. Әр абзацтағы түйіндеуіш басты ойды білдіретін сөйлемдерді тауып оқу.
- Грамматикалық талдау: етіс формасындағы етістіктерді тауып оқу; етістіктің шақтарын анықтау.
а)Тапсрымалар: етістіктерді бұрыңғы өткен шақ түрінде жазу;
ә) Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанаға теріп жазу.
3. Лексикалық талдау жұмыстарын жүргізу, ескерткіш сөзіне синоним табу. Берілген сөздердің синонимін тауып, сөйлемдер құрастыру.
Көне сөзіне түбірлес (көнерген, көнелеу, көнетоз) сөздер жазу, сөйлем құрастыру; көне дәстүр- ескі салт дәстүр, байырғы әдет-ғұрып деген тіркестердің қолданылуын түсіндіру. Ірі сөзіне синоним әрі антоним табу.
ІV. Сабақты бекіту.
1) Күнделікті сөйлеу топтамасында берілген тапсырмаларды орындау.
2) Туралы, жайында , жөнінде септеулік шылауларын еске түсіре отырып, «Сөз кім туралы?, Кімнің туған күні?» тақырыпқа әңгімелесу.
3) Шақыру билеттерінің мәтінін жаздарту.
V. Қорытындылау.
-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
-Сабақ ұнады ма?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: Мәтін, шығармашылық тапсырма, көне түрік ескерткіштері туралы баяндама жазу.
