Ұлы Жібек жолы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мұғалімі Ахметова Нурпану Умырбековна

Пәні: қазақ тілі   Сыныбы:  8 сынып   Тақырыбы:  Ұлы Жібек жолы

Мақсаты:
                 1. Білімділік Мәтіннің мазмұнын түсіну, мәтін арқылы ауыз екі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
2.  Дамытушылық
.  Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін дұрыс қолдана білу дағдысын, сөздік қорын молайту;
3. Тәрбиелік. Өткен тарихын меңгерту арқылы өз елін, Отанын, жерін, тарихын құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.  Сабақтың түрі: аралас   Сабақтың әдіс- тәсілі: Түсіндірме,  сұрақ-жауап, әңгімелесу, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі суреттер, дүние жүзінің картасы, үн таспа.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Күй тыңдалады. Құрманғазы Сағырбаетың (1806-1879) Адай күйі

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

ә) Кезекшімен сұхбат;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  Тіл дамытуға арналған сұрақтар:

1) Қазақстан қандай мемлекет?

2) Сенің туған жерің Қазақстанның қай аумағында?

3) « Шығыс пен Батысты» жалғастыратын жолды қалай атаған?

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Мұғалімнің сөзі:

Ұлы Жібек жолы –ежелгі дәуір мен орта ғасырларда Шығыс пен батысты байланыстырған, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып, өткен керуен жолының жүйесі. Ол орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтті.

Сөздікпен жұмыс:

Жаңа сөздерді мәнерлеп оқып, оқушылар дауыстап қайталайды. Кезектесіп оқып оқушылар бірін-бірі тексереді. Сөздерді сөздікке жазып, жаңа сөздермен сөз тіркес, сөйлем  құрастырады.

 2.Мәтінмен жұмыс.

а) мәтінді оқыту;

ә) аударту;

б)сұрақтар құрастыру;

в) сол сұрақтарға жауап беру.

ІV.    Сабақты бекіту.

1.  Сұрақтар:

1)      Ұлы жібек жолы қай ғасырда, қайдан басталды?

2)      Ұлы жібек жолы қандай жерлерді басып өтті?

3)      Ұлы жібек жолының негізгі маңыздылығы қандай?

4)      Неге ол жібек жолы деп аталған?

5)      Ұлы жібек жолы картасы бойынша керуен жолын суреттеп беріңдер.

 

2.  Ұлы жібек жолының картасын қағаз бетіне түсіріп, тақырып туралы қосымша білгендерін айту.

3. Сергіту сәті.

4. Грамматикалық тақырып:

  Анықтауыш.

Сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан мөлшерлік, меншіктік жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады.

Сұрақтары: Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің?

Сөйлемдерден анықтауышты тауып, сұрақтар қою.

Ұлы Жібек жолы әр түрлі елдердің арасында экономикалық және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етті. Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда.

V. Қорытындылау.

–          Ұлы Жібек жолының ұзындығы неше шақырым?

–          Ұлы Жібек жолы қандай елдермен байланыстырды?

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. Жаңа сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау, үш сөйлем құрастырып жазу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше