Аксонометриялық проекциялар
Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Қаражар ауылы, Қаражар орта мектебінің
еңбек және сызу пәнінің мұғалімі Ергалиева Гүлшара
Сызу пәні 9-сынып.
Сабақ тақырыбы: Аксонометриялық проекциялар
Мақсаты: б) Оқушылардың аксонометриялық проекциялар туралы біліктілігін арттыр отырып, оның түрлерімен таныстыру;
д) ойлау дағдысын қалыптастырып, координаталар жүйесі туралы білімін дамыту;
т) балалардың өзіндік шығармашылық ізденісін қалыптастыра келе тиянақтылыққа тәрбиелеу;
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: теориялық-практикалық білім байланысын қалыптастыра графикалық ойын сайыс және түсіндірмелі сызба жұмысы.
Сабақ барысы
1 ұйымдастыру : Сәлемдесу,түгендеу,сабаққа назарын аудару.
2 өткенді еске түсіру; Оқушыларды кезекпен тақтаға шығарып, сұраққа жауап алу арқылы сайыс өткізу.
Сұрақтар: 1 біз аксонометрияда неше ось пайдаланамыз? (3)
3 У осінің атауы (ордината)
4 Z осінің аталуы (аппликата)
5 Координаттар жүйесі деген не? (х,у,z)
6 Осьтер бойынша қандай өлшемдер салынады? (ені,ұзындық,биіктік)
7 Координаталық сынық сызық деген не? (нүктенің координатасы бойынша салынған проекциясы)
8 Аксонометрия сөзі қандай ұғымды білдіреді? (осьтер бойынша өлшеу)
9 Г.Монж деген кім? (француз ғалымы)
10 Эпюр деген не? ( француз сөзі-сызба дегенді білдіреді)
Графикалық ойын: Тақтада қол көтерген оқушы шығып, М,N,Р,Q және С,Д,Е нүктелерінің проекцияларын табады.
3 жаңа сабақ
Тақтада сыза отырып, балаларға натурал координаталар жүйесі және натурал координаталық сынық сызық туралы түсінік беру. Охуz – аксонометриялық координаталар жүйесі екенін айтып, балаларға түсіндіру. Сонымен қатар нүктелердің аксонометриялық проекциясын табу әдісін түсіндіре меңгерту. Абсциссалар осіне параллель кесіндінің проекциясына қатынасының кері шамасын х осі бағытындағы бұрмалану көрсеткіші , ал у осінепараллель кесіндінің проекциясына қатынасының кері шамасын у осі бағытындағы бұрмалану көрсеткіші, сол сияқты z осіне параллель кесіндінің проекциясына қатынасының кері шамасы z осі бағытындағы бұрмалану көрсеткіші деп атайды. Формуланы тақтада жазып көрсету. Проекциялау бағыты пр.жазықтығына ┴ болса, аксонометрия тікбұрышты деп аталады. Егер проекциялау бағыты ┴ болмаса ,онда аксонометрия қиғаш бұрышты деп аталады.Жалпы жағдайда U ≠ V≠ W. Жеке түрі U=V=W. Тікбұрышты аксонометрияны изометрия, қиғашбұрышты аксонометрияны фронталь диметрия деп атайды.
4 сарамандық жұмыс
Балалар өз бетінше 1 тапсырманы орындайды. ΔАВС аксонометриясын салады.
5 сабақты бакіту
оқушылардан сұрақтарға жауап алу. «Жорға жауап » ойыны бойынша білімдерін нақтылау. Жеңімпаздарды марапаттау. Жұмысы мен қоса бағалау. Үйден 2 тапсырманы орындап келу.
