Ойынның шарты:
- Әрқайсысында 5 оқушыдан 3 команда ойнайды.
- Химия және биологияға байланысты әрбір секторда 12 сұрақтан болады.
- Ойналатын сектордағы сұрақ номерін ойыншы таңдайды. ( 1 ден 12 ге дейін).
- Бұл жүрісте ойынға қатыспайтын екі топ 1 минут ішінде сұрақтың жауабын қағазға жазбаша орындап,негізгі топ ауызша жауап бергенге дейін өткізеді. Ойнайтын топ берілген тапсырмаға дұрыс жауап берсе оларға 1 ұпай, ал жазбаша жауап берген топтарға 0,5 ұпайдан беріледі. Егер ойнайтын топ ауызша дұрыс жауап бермесе жазбаша дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай қосылады.
- «Бақытты сәт» фишкасы түскен топ кез- келген сектордың өздері таңдаған сұрағына жауап бере алады.
- «Мафия» фишкасын таңдаған ойыншылар қоржынның ішінен тосын сыйы бар асықты алу арқылы бірден 2 ұпай ұтып алу мүмкіншілігіне ие болады. Егер асықта сан болмаса топ ұпай алу мүмкіншілігінен айырылады.
Ойын барысында ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Бастаушы:
Белді бекем жарыстарға буып түс,
Қара қылдай қақ жарылар әділ іс.
Шапқан кезде білім атты көмбеде,
Шабыттанып, қапы қалмай оза түс.
Білім сайыс болғаннан соң шабысы
Қосылады әр сыныптың мықтысы
Қобалжисың топтан қалай озам деп
Көрінеді алған білім табысы.
Ойынның барысы:
Топтарға «Митоздық бөлінудің» моделін дұрыс құрастыру тапсырмасы беріледі. Қай топ бірінші құрастырса, сол топ ойынды бірінші бастайды.
Биология секторының сұрақтары:
- Қандай жануарлардың тістері көп?
Ең тісті жануар бұл – бақша ұлуы. Өзінің тісі көп болғанымен қорқынышты және қауіпті емес. Негізінен бұл нағыз тіске ұқсамайды, кішкене тікенектер. Ғаламшардағы ең тісті жануар ретінде бақша ұлуы Гиннес кітабына енді.
2. Ежелгі уақыттан адамдар ағзаға қан құюдың маңызы бар екенін білген. Тіпті, Еж.Грецияда және Еж. Египет ескерткіштерінде қан құю туралы жазылған. Папа Римский Иннокентий VIII қартайған шағында өзіне үш жасөспірімнің қанын құюды бұйырады.Ақыр аяғында папа да, жасөспірімдер де қайтыс болады.Себебін түсіндір?
Эритроциттердің жабысуы. Қан топтарының сәйкес келмеуі.
3. 1785ж атақты Итальян оқымыстысы Спалланцани бақаның өкпесін алып тастап не болатындығын бақылады.Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ. Өкпесінен айырылған бақа өзінің қорегін аулап,секіріп ештеме болмағандай жүре берді. Бұл тәжiрибенiң нәтижесін қалай түсiндiруге болады?
Ылғалды терісі арқылы тыныс алу
4. Ең жылдам жануарды ата?
Ең жүйрік жүгіретін жануар – гепард. Олар сағатына 100 км жылдамдықпен жүгіре алады. Ал аспанда ұшатын рекордсмен – сұңқар-сапсан. Өзінің қорегін ұстау үшін сағатына 350 км қашықтықта ұша алады.
5. Мафия
6. Бір күні күздің суық күнінде Вьетнамнан зоологиялық орталыққа тірі 24 айдаһар(удав) әкелінді. Жануарларды тексеріп, қабылдап алушы маман қорқынышсыз әрбір жануарды қарап шықты. Кеденшілер жыландардың өздерін қозғалмай тыныш ұстауларына қарап, маман жыландарды арбап тастады деп ойлады. Себебін түсіндір.
Пойкилотермді
7. Ең мықты жәндік?
Ең мықты жәндік – құмырсқа. Бұл кішкентай бұнақдене өте еңбекқор. Ол өзінен 50 есе ауыр заттарды көтере алады. Мысалы: пілді алсақ ол өзінің дене салмағының ½ бөлігін көтере алмайды.
8. Жауынгер Александр Македонский «… арасыз бал жасайды», — деп осы өсімдік туралы жазған. Бұл қай өсімдік?
Қант тростнигі
9. Бұл өсімдікті Ежелгі Римде «дәмді қызғылт түсті армян алмасы», — деп атады. Карл Линней бұл мәдени өсімдікке — армениака вульгарис деген мағына берді. Бұл қандай өсімдік?
Өрік, Абрикос
10. Бақытты сәт
11. Құрғақ шалғындықта барлық өсімдіктерді шауып тастады.Осы шалғындықта бұршақтұқымдас өсімдік өскенін қалай дәлеледеуге болады.Себебін түсіндір.
Бұршақтұқымдас өсімдіктердің тамырында азот сіңіргіш түйнек бактериялары болады.
12. «Крокодилдің көз жасындай» деген сөз бар. Крокодилдер жылай ма, неге?
Жылайды – себебі олар ағзасындағы артық сұйықтықты көзжасы арқылы шығарады.
Химия секторының сұрақтары
1. Сыртқы орта әсерінен металдардың бұзылуы?
Коррозия
2. «Чума» ауруымен қандай металл ауырады?
Қалайы
3. Қандай затты жануға қабілетсіз болса да сумен өшіреді?
Сөндірілген әк
4. Алмаздағы кристалдық тордың түрі.
атомдық
5. Қандай сүтті ішпейді?
Әк сүті
6. Бақытты сәт
7. Гемоглобин құрамына кіретін химиялық элемент. темір
8. Мафия
9. Судың дәмін бұзбай дезинфекция жасайтын газ тәрізді зат. Озон
10. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл
Йод
11. Жылу және жарық бөлу арқылы жылдам жүретін химиялық өзгеріс.
Жану
12. 1869ж. наурыз айында химияның «Көбейту таблицасын» жасаушы және «Химия негіздері» оқулығының авторы, шашы иығына түскен, кең маңдайлы,Тобольск қаласында дүниеге келген орыстың ұлы ғалымы.
Менделеев Д.И.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топ марапатталады.