Тастекеева Гульжан Серикказиновна. Смагулова Кулянда Жумагазыевна,
Cемей қаласы, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын МДБМ
Биология және ағылшын сабақтарын кіріктірілген сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Балықтардың ішкі,сыртқы құрылысы, тіршілік әрекеті.
The theme the lessons: Internal and external skeleton of bony fishes.
Сабақтың мақсаты:
Aims of the lesson:
1. Танымдық: Тақырыпты өзара белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы зерделеу; интегративті үрдіс арқылы мазмұнды меңгеру.
Educational: To introduce the theme by integrative actions, to discuss the content of the theme by international process.
2.Тәрбиелік:Топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы өзара сыйластыққа,көмек көрсете білуге, бір – бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Up- bringing: To organize group work, to bring up pupils to help each other in Terre lotion to listen to each other opinion.
3.Дамытушылық:Дәлді пәннің нақты материалдары арқылы ағылшын тілін жетілдіруді дамыту.
Develop: develop pupil’s speech ability in English.
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта арқылы оқушылар дайындаған слаидтар, кесте, ылғал препараттар, балықтардың мульяждары.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақты бастар алдында оқушыларға қойылатын
сұрақтар:
1.Жануарлар әлемін қандай екі үлкен топқа бөлеміз?
2. Омыртқалылырға жататын кластарды ата.
3. Балықтың жаны суда дегенді қалай түсінеміз?
4.Омыртқалыларды дене температурасына байланысты қалай бөледі?
5.Балықтарды зерттейтін ғылым қалай аталады?
6. Балықтар қандай екі класқа бөлінеді?
7. Шеміршекті балықтарды ата.
Жақсы, олай болса бүгінгі сабағымызды бастайық.Сабақ интеграциялық болғандықтан балықтардың сыртқы құрылысын ағылшын тілінде талдаймыз.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Тастекеева Гүлжан Серікқазықызы:
Good afternoon girls and boys. The theme our lesson is bony fishes.
You know fishes divided into 2 classes: cartilaginous and bony fishes. In English we speak about external skeleton of fishes.
Your task was to prepare. Who can retell about external skeleton of bony fishes and write the names of fish’s organ.
There are about 20.000 species of bony fishes.
Their body consists of 3 pants of body: head, body and caudal. The head comprise mouth, eyes and gill. Gills are the respiratory organs. There are 5-7 gills pairs, but 4 gills in bony fishers. Additionally gill pairs in bony fishes are covered with a bony flap, the opeculum.Bony has fins, lateral line and it covered with scales. In fish, eyes are focused at a shorter distance while resting and are able to see 1 m at most. Focusing is done by the back word and forward movement of the fishes.Eyelides is rare.
The 3 report of body is caudal part of the body. It consists of caudal fins and anal fins.
Fins free divided into 2 parts: They are pairs and singles. Pair’s fins consist of pectoral fins and pelvic fins.
Single fins: consist of 3 fins: They are dorsal fins, anal fins and caudal fins. All right. You have prepared the theme well.
All rights. You have prepared the theme well.
Let s complete the table with peculiarity part of fishes.
Балықтардың ішкі мүшелер жүйесімен танысайық.
І топ — асқорыту жүйесі. (слайд)
Ауызға сумен бірге түскен ас жұтқыншаққа келгенде су желбезек саңылаулары арқылы сыртқа шығарылады да, ас қысқа өңеш арқылы созылмалы асқазанға түседі.Ас қорытуға бауыр қатысады. Ондағы жасалған өт өт қабына жиналып, жіңішке өзегі арқылы алдыңғы ішекке түсіп асқорытуға қатысады.Асқазандағы қортылған ас ішекке өтеді, ішектің өсінділерінде асқорту сөлдері арқылы толық ыдырайды. Бауырдан бөлінген өттен басқа ұйқы безінен де сөл бөлінеді. Алдыңғы ішектен кейін басталатын ортаңғы ішекте ас толық қорытылады да қоректік заттар ішек қабырғасы арқылы сорылып, қанға өтеді.
ІІ топ – тынысалу жүйесі. (слайд)
Балықтардың тынысалу мүшесі – желбезек. Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек күлтесі, екінші жағында желбезек талшықтары орналасады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады. Балықтар суда тіршілік ететіндіктен суда еріген оттегімен тыныс алады, ол суды толассыз жұтумен болады. Тыныс алу кезінде жұтылған су желбезек саңылауы арқылы желбезек бөліктерімен ұласады да желбезек күлтесіндегі майда қан тамырларға судағы оттегі сіңіп, ондағы көмірқышқыл газы ығыстырып шығарады.Көмірқышқылына қаныққан ауа желбезек саңылауы арқылы сумен бірге сыртқа төгіледі.
ІІІ топ. Зәр шығару жүйесі. (слайд)
Заттар ыдырағанда пайда болған сұйық өнімді бөліп шығаратын мүше- бүйрек.Балықтың бүйрегі ірі қан тамырлардың астын ала, омыртқа жотасының астын бойлай ұзын екі таспа тәрізді болып созылып жатады. Бүйректегі қылтамырлар арқылы ыдырау өніміне қан қанығады да бүйректен бөлініп шығып, түзілген несеп аналь тесігінің сырт жағындағы тесік арқылы қуықтан сыртқа шығарылады.
ІҮ.Қан айналымы. (слайд).
Қанайаналым жүйесі екі бөлікті жүректен және қантамырлардан құралады.жүректің жұқа қабырғалы- құлақшасы және қалың бұлшықетті қарыншасынан болады.Жүрекке қан әкелетін тамыр- көктамыр, ал жүректің қан шығаратын тамыр салатамыр қаны, ал көмірқышқыл газына қаныққан қан көктамыр қаны болып саналады.Балық жүрегінде үнемі көктамыр қаны болады.
Жүректің жұқа қабырғалары құлаұшасы жиырылған кезде қан жүректің бұлшықетті қарыншасына айналады, ал қарынша жиырылған кезде ең ірі салатамыр- құрсақ қолқасына өтеді, өйткені құлақша мен қарыншаның қақпақшалары қанды кері қарай жібермейді. Құрсақ қолқасындағы көмірқышқыл газына қаныққан қан желбезекке қарай ағып, қылтамырларға тармақталадыда көмірқышқыл газын бөліп,жаңа жұтылған судағы оттегіне қанығады, сөйтіп, қошқыл түсті қан алқызыл түске алмасады. Оттегіне қаныққан алқызыл түсті салатамыр қаны омыртқа жотасының астымен бүкіл денені бойлай арқа қолқасына жинақталып, кішірек салатамырларға тармақталады да денедегіәр түрлі мүшелерге таралады. Қылтамырлардың қабырғасы арқылы өткен оттегі және кенеулі заттар ұлпаға сіңіп, ұлпадағы көмірқышқыл газ бен басқа тіршілік әрекетінің өнімдері қылтамырлардағы қанға түседі, қанның түсі енді алқызылдан қошқыл түске ауысып, көктамыр қаны сол қантамыр арқылы жүректің құлақшасына құяды. Сөйтіп,балық денесінде тұйық қанайналым шеңбері пайда болады.
V. Жүйке жүйесі. (слайд)
Балықтың жүйке жүйесі омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлыннын және бассүйек ішіндегі мидан құралады. Ішкі мүшелер мен дене бұлшықеттеріне, сондай- ақ жүзбеқанаттарға тармақталып, олардың қызметін басқарады.
Балықтың миы бес бөліктен тұрады, атап айтқанда: алдыңғы ми, орталық ми, аралық ми, мишық және сопақша ми. Иіс сезу жүйкелері химиялық тітіркенуді қабылдайтын жүйкелер және т.б. жүйкелер – алдыңғы мидан, орталық жүйкеден көру жүйкелері таралады. Мишық- қимылды, сопақша ми тынысалу,қанайналым,асқорыту, зәршығару әрекеттерін басқарады.
Сезім мүшелері. Балық айналасындағы заттарды екі көзі арқылы көреді. Оның көзі бұлшықеттері арқылы жоғары, төмен, алға және артқа қарай қимылдап,балық тұрған кезде де төңірегін толық көруге мүмкіндік жасайды.Басының алдыңғы жағында екі танау тесіктері арқылы әр түрлі иісті сезеді.Ауызында, сондай- ақ бүкіл сыртқы денесінде сезімтал жасушалар көп болғандықтан, балық дәмді де ажырата алады. Барлық балықтарға дерлік тән ерекше мүше- бүйір сызығы.Бұл тері астында болатын, белгілі ара қашықтықта тесіктер арқылы сыртқа ашылатын, түп жағын жүйкелер торлап, ұшы талшықпен аяқталатын сезімтал жасушасы бар өзек. Балықтар бүйір сызықтың арқасында су ағынының бағытын және күшін, өзіне таяп келе жатқан нәрселерді сезіне алады.
VI.Торсылдақ. (слайд)
Балықтың жүзгіштігін реттейтін, кейбір балықтарда дыбыс толқынын күшейткіш резенатор ретінде, ал басқа біреуінде дыбыс шығаратын мүше – осы торсылдақ . Торсылдақтың іші ауаға толы екі бөлікті қалта тәрізді болады және өңешпен жіңішке түтікше арқылы байланысып, өмір бойы солайсақталып қалады, яғни балық ашық торсылдақты балық болып саналады. Торсылдақ– асқорыту жүйесінің өскіні.Егер балық торсылдақтағы ауа көлемін кемітсе, торсылдақтың да көлемі кішірейіп , балықтың меншікті салмағы арта түседі, сөйтіп балық су түбіне қарай батады.Ал торсылдақ ішіндегі ауа мөлшері артса- торсылдақтың көлемі де артып, балық жеңіл тартады да су бетіне көтеріледі.Торсылдақ балықтың суда жүзгіштігін осылай реттейді.
VІІ.Қорытынды.
№18 Зерханалық жұмыс.Балықтың сыртқы құрылысы, қозғалысы. Оқулықтың 256 бетіндегі нұсқау бойынша орындау барысын өз беттерінше талдау жасауларын және қорытынды пікірлерін тексеру.
Негізгі көңіл бөлетін ұғымдар:балықтың дене пішіні, дене бөліктері, қабыршақтары, бүйір сызығы, танау тесігі, қабағы жоқ көздері,желбезек қақпағы, шырышты жабыны, жұп және сыңар жүзбеқанаттары, денесінің түсі, суда қозғалу ерекшеліктері.Балықтың сыртқы құрылысының суретін салып,әрбір мүшелерін белгілеп келу.Балықтың суда тіршілік етуге бейімділік белгілерін талдап жазып келу.
VIII. Бекіту. Электрондық тақтада толтырылады.
Let’s complete the table with peculiarity part of fishes.
Рс | Мүшелер жүйесі
System of organs |
Ерекшеліктері
Peculiarity |
1 | Тері жабыны
external skeleton |
Scale |
2 | Қаңқасы skeleton | Bony |
3 | Асқорыту digestion | Mouth, gullet |
4 | Тынысалу respiratory | Gills |
5 | Қанайаналым blood circulation | Heart, closed |
6 | Зәршығаруexcretory | Hidey |
7 | Жүйке жүйесі nerve system | Brain |
8 | Жыныс жүйесі reproduction | Reproductive organs |
IХ. Үйге тапсырма: §52, 255 беттегі кестені толтыру, №18 зертханалық жұмысты аяқтау.
жаксы жазылған