Без рубрики

«Қазақ тілі әлемінде»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарашова Жұлдыз Базарбайқызы

Сабақтың тақырыбы:  «Қазақ тілі әлемінде»
Сабақтың мақсаты:  Білімділік: оқушыларға қазақ тілі пәнінен өз білімдерін ортаға салу арқылы жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын,сөздік қорын молайтып, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығының маңызын түсіне білуге , әсемдікке, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: ертегілер суреті, мақал-мәтелдер, т.б. слайдтар
Сабақтың түрі:  сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Ал келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер

Білімдерді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне,- дегендей бүгінгі «Қазақ тілі әлемінде» атты білім сайысын бастайық.

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І. Таныстыру

ІІ. Кім тапқыр?

ІІІ. Сөзжұмбақ

ІҮ. Кім жүйрік?

Ү. Алтын сақа

ҮІ. Сыр сандық

ҮІІ. Ойтолғау

 

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтелік. Мектебіміздің білікті ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

І. Таныстыру.

«Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» — дейді данышпан халқымыз.

Жөн сұрасып отырады көрген жерде,

Бабамыздың салты гой ол бұл күнде.

Сайыскерлерден бейхабар қалмас үшін

Өздерін таныстырсын осы жерде.

Сайысқа қатысқалы отырған әр топ өзінің топтарымен, топ мүшелерімен таныстырып өтейік.

І топ «Тұлпарлар»(Әр топ өзін-өзі таныстырады).

Тұлпармыз тұяғы асыл болаттан

Жақсылыққа әрқашан қол артқан.

Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,

Батыр етіп Алла өзі жаратқан.

Ұран: «Елімнің елдігін танытатын елтаңбасындағы тұлпармыз!»

ІІ топ «Қырандар»

Қыранымыз самғаған құзар биікке,

Жетуізген тәуелсіздік пен билікке.

Талмайды қанатымыз самғаудан

Көк аспанды өз еркіне иіп те.

Ұран: «Қазақстан туындағы бейбітшілік рәмізі — қыранбыз»

 

ІІ. Кім тапқыр?

Ал, балалар ендігі кезең «Кім тапқыр?»

Бұл кезеңде сендер қазақ тілі пәнінен берілген сұрақтарға жауап бересіңдер.

Алдымен І топ, содан соң ІІ топ.

    І  топ

  1. 1.     Лексика нені зерттейді?

      Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығын зерттейтін сала.

2. Омоним дегеніміз не?

     Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.

3. Табу дегеніміз не?

     Мифтік ескі наным бойынша тура айтуға тыйым салынған сөздер.

4. Мақалдың мәтелден айырмашылығы неде?

     Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

 

І І топ

  1. 1.     Сөздің көп мағыналығы дегеніміз не?

      Сөздердің екі я одан да көп мағынаға ие болуы

2. Синоним дегеніміз не?

   Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер

3. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы неде?

     Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

4. Диалект сөздер дегеніміз не?

     Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.

 

 

 

 

ІІІ. Сөзжұмбақ

Бұл кезеңде Сөзжұмбақты шешеміз. Сұрақты екі топқа кезекпен оқимын,кезекпен жауап береміз. Жауап бере алмаған жағдайда ғана келесі топ жауап бере алады.

 

            Сұрақтар:

  1. 1.     Екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемнің түрі.
  2. 2.     Белгілі (облыс, аймақ, ауданның)жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөдер.
  3. 3.     Дыбыстардың рет-ретімен құралып белгілі бір мағына беруі.
  4. 4.     Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.
  5. 5.     Антоним сөздердің құрамындағы сөздердің мағынасы қандай?
  6. 6.     Ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
  7. 7.     Тілімізге басқа тілден енген сөздер
  8. 8.     Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы
  9. 9.     Белгілі бір шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер.

 

ІҮ. Кім жүйрік?

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,- демекші «Кім жүйрік?» кезеңіне де келіп жеттік.

Бұл кезеңде сендерге ІІ топқа да осы суретте бйнеленген парақты беремін,  сендер осы суретке қарай отырып кезегімен кейіпкерлерді өз орнына орналастырып мәтін құрайсыңдар. Уақыт 3минут.

 

Ал, енді балалар екі топта болдық, мәтін де құрадық, әділқазы алқасы сендердің бірінші кейіпкерді орналастыруларыңа, содан соң мәтін құра білгендеріңе ұпай береді, олай болса кейіпкерлердің орнынының қалай тұрғанын дұрыс жауаппен тексерейік.

 

Ү. Алтын сақа

 Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл!- демекші, көркем ойды тобықтай түйінді сөзбен жеткізетін уақыт келсе керек. Мына жерде бірнеше сақалар тізбектеліп берілген.Бұл сақалардың артында бізге белгілі тұрақты тіркестер берілген, біз сол тұрақты тіркестердің баламасын тауып айтамыз. Екі топ кезек-кезек сақалардан таңдап жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда ғана келесі топтың жауап беруіне болады.

  1. 1.     Айы оңынан туды-жолы болды.
  2. 2.     Аузының салымы бар-несібелі кісі
  3. 3.     Жер аяғы қиянда-алыс
  4. 4.     Көз жазып қалу-адасу
  5. 5.     Үріп ауызға салғандай-әдемі, сүп-сүйкімді
  6. 6.     Ешкімнің ала жібін аттамау-қиянат жасамау
  7. 7.     Бармағын тістеді-өкінді
  8. 8.     Аузын буған өгіздей-үндемеу

                             

  ҮІ. Сыр сандық

Ал балалар, мінеки «Сыр сандық» кезеңіне келіп қалдық.

Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра екені баршамызға белгілі…

Мақал-мәтел бабадан қалған мұрамыз,

    Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.

                                 Сыр сандықтың сұрағын ашып,

         Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.

Бұл сыр сандықшаның ішінде мақал мен мәтелдер жасырынған.

Мақал мен мәтелді ажыратып айтып,олардың мағынасын ашу.

І топ

1. Кең болсаң, кем болмайсың       ( мақал)

2. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.(мәтел)

3. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар(мәтел)

4. Жері байдың елі бай  ( мақал)

 

                                      

  ІІ топ

1. Көппен көрген-ұлы той         ( мәтел)

2. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы

    Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы  (Мақал)

3. Әлін білмеген әлек     (мәтел)

4. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей (мақал)

                                           

         ІІ. Ойтолғау

Ал, балалар кезек «Ойтолғау» кезеңіне де келіп жетті. Бұл кезеңде мына берілген «Қазақстан төрінде – Азиада!» тақырыбында өз ойларынды жазу, шағын эссе жазасыңдар. Уақыт 3мин. Іске сәт!

 

Қорытындылау

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз,- деп бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын берер әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.

 

Демеңіз біз өнерді аяп келді,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,

Осыменен сайысымыз аяқталды!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.