"Арманы асқақ оқушы" байқауы

«Бастау» тобы — Сағидолла Аманбек, Нәби Дәулет, Шектіғұл Бекзат

Мектебіміздің ерекше  көзге түсіп жүрген , мектеп мақтаныштары жас «Бастау» тобымен сұхпаттасу барысында, Сағидолла Аманбек, Нәби Дәулет, Шектіғұл Бекзат оқушыларымызды сөзге тартқан едім. Бұл оқушылардың арманы әнші болу екенін білдім. Болашақтарынан жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жас топтың жетекшісі Жұбанғарин Амантай Асқарұлының еңбегін ерекше атап өткен балғын топтың мүшелері өз сөздерінде атап өтті. Өз жетістіктеріне тоқталғанымда. Олар селолық, аудандық «Жас дарынды», «Жас балғындар», «Әнші болғым келеді» атты байқауларда жүлделі орындардан көрініп келеді екен.

Сонымен қатар мектепішілік «Хор үйірмесі» мүшелері болып келеді екен. 2012 жылы «Жас ұлан» бірлестігіне мүшелікке өткен жас дарынды да талантты оқушылармызға алдағы уақытта жоғары деңгейдегі конкурстардан көрерімізге нық сеніммімді білдірдім. Әр кезде жолдарыңыз болсын жас балғын Бастау тобының әншілері.

Болашақта армандайтынымыз Қазақстанның белгілі топтары «Жігіттер» квартетті мен «Қоңыр  тобы» сынды топ мүшелері сияқты әншілер болғымыз келеді дейді жас Бастау тобының мүшелері.

Жұбанғарин Амантай Асқарұлы — Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектептің музыка пәнінің ІІ санатты мұғалімі. Еңбегі Облыстық «Әдістемелік вернисаж-2011» байқауының жинағына жарияланған. Республикалық 45 минут сайты мен газетіне сабақтары мен баяндамалары жарияланып арнайы Сертификатқа ие болған. Республикалық «Зерттеуші» орталығының «Үздік педагог-зерттешуі» байқауының ІІ орын иегері. Еңбегі «Ғылым зерттеу әлемі» атты жинаққа жарияланған. Ғаламторда жарияланған сабақтарым мен баяндамаларым, тәрбиелік шараларыма берілген сайттарының арнайы “Сертификаты” мен “Анықтамасына” ие болған.

«Бастау» тобы — Сағидолла Аманбек, Нәби Дәулет, Шектіғұл Бекзат: 2 комментария

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.