"Арманы асқақ оқушы" байқауы

6 «а» сынып оқушысы – Сағызбай Әдемі Мейрамбекқызы

6 «а» сынып оқушысы – Сағызбай Әдемі Мейрамбекқызы мектептегі оқушылардың арасынан өзінің өнерімен, жігерімен, талабымен көзге түсіп, мектепішілік, аудандық, облыстық,  көлемдегі би өнері мен және ән номинациялары бойынша шараларға қатысып көзге түсіп жүрген оқушы. Ол «Өнерлі балғын — 2011» өнер байқауының бас жүлдесін, 2011 жылы селолық «Өнерлі балғын» байқауында ән жаныры бойынша ІІ орынға ие болды. Жас әншімізбен сұхбаттасуда білгеніміздей бұндай өнер жолына баруыма өзімнің сынып жетекшім, әрі ұстазым Жұбанғарин Амантай Асқарұлы деп есептеймін.

Алдағы арманым ұстазымның еңбегін асқату мақсатымда қалаған оқу орына барып, әнші болуды армандаймын. Әншілік ол өнердің таптырмас бір саласы деп ойлаймын деді жас әнші. Болашағынан жақсы өнерлікті көрсете алатындай көрінген Әдемінің өзінің атына сай әдемі өнерін жандануына сәт сапар тілеймін.

Мен болашақта Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Жанар Айжанова, Мақпал Жүнісова апаларымыз сияқты әнші болуды армандаймын.

Жұбанғарин Амантай Асқарұлы — Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектептің музыка пәнінің ІІ санатты мұғалімі. Еңбегі Облыстық «Әдістемелік вернисаж-2011» байқауының жинағына жарияланған. Республикалық 45 минут сайты мен газетіне сабақтары мен баяндамалары жарияланып арнайы Сертификатқа ие болған. Республикалық «Зерттеуші» орталығының «Үздік педагог-зерттешуі» байқауының ІІ орын иегері. Еңбегі «Ғылым зерттеу әлемі» атты жинаққа жарияланған. Ғаламторда жарияланған сабақтарым мен баяндамаларым, тәрбиелік шараларыма берілген сайттарының арнайы “Сертификаты” мен “Анықтамасына” ие болған.
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.