Без рубрики

Қиял арманға жетелейді

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебінің
өзіні-өзі тану мұғалімі
Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

Сыныбы: 3
Мақсаты: балаларды  жақсы  ниетпен   армандай  білуге  баулу.
Міндеттері:
-қиял,арман, туралы  түсініктерін  кеңейту;
-шығармашылық  тұрғыдан  қиялдау  іскерліктерін  дамыту;
-жақсылыққа ,қамқорлыққа   тәрбиелеу;
Шаттық  шеңбері.Жақсы  тілектер  айту. «Арман мен ақыл» Қ.Мырза  Әли

Әңгімелесу.

-Ерте ,ерте ертеде  адамдар  құсқа  ұқсап  ұшуды  ,алысты  жақын  етуді,теңіз,көлдердің  үстімен  жүруді,отынсыз  тамақ  пісіруді,су  түбіне  жүзіп,ондағы  тіршілікті  білуді  қиялдапты.Сол  қиялдар  бүгінгі адамның  білімі,даналығы,талабы,еңбегі  арқылы  шындыққа  айналып  отырғанын  біз  білеміз.

-Адам  қиялы  іс жүзіне  қалай  асады  деп  ойлайсыңдар?

-Өздеріңнің  армандарың  туралы  айтып  беріңдерші?

-Қиял-адамның  шексіз  ойы.Қиялсыз  өмір  болмайды.Адам  өзінің  талабы,еңбегі,білімі  арқылы қиялындағы  арман-ойларын  іс  жүзіне  асыра  алады.Адам  қиялының  жақсы  ниеттен  туындауы,оның  рухани  дүниесінің   тазалығына  байланысты.

Тапсырма. Суретке  қарап, «Кешегі  қиял-бүгінгі  шындық» тақырыбына  әңгіме  құраңдар.Суреттегі  бейнелердің  бүгінгі  күндегі  көріністерін  атаңдар.

Мәтінмен  жұмыс. «Ана  қиялы» аңыз.

—         Ана қиялы  қандай  ниетпен  пайда  болды,деп  ойлайсыңдар?

—         Сендер  қандай  қиялдарың  арманға  ұласты?Ол  қалай  жүзеге  асты?

-Балалар  естеріңде болсын,жақсы  ниетпен  пайда  болған  қиялдың арманға  ұласып,оның  орындалуы  әбден  мүмкін.Сондықтан да  жақсылыққа  қиялдауға  ұмтылған  дұрыс.

Дәйексөз. «Армансыз адам  болмайды».

-Қиял-шексіз,ол адамның  әр  нәрсені  ойлап  табуға  бейімділігі.Арман-адамның болашақтағы  қиялының  іске  асыуы.Жақсы  қиял  ізгі  адами қасеиттерден  пайда  болады.Мысалы:Отанның  тыныштығы,өмірдің  қызықты,сәтті,бақытты  болуы.Әр  адамның  қиялы  әртүрлі  және  ол  шексіз.Қиял  адамның  ойын,болашаққа  деген  көзқарасын  өзгертіп,дамытады.

Жаттығу-ойлану.

1-топ.Менің  қиялымдағы  болашақтағы  адамдар.

2-топ.Менің  қиялымдағы  болашақтағы  оқушылар.

3-топ.Менің  қиялымдағы  болашақтағы  әлем.

Өзіммен -өзім.

-Балалар,көз  алдарыңа алыс  жерді,алыс  өмірді елестетіп көріңдер.Ол  жерде  бәрі  басқаша.Адамдар  тек  қана  робот  арқылы  тіршілік  етеді.Көліктер  жок,оның  орнына  ұшқыш тәрелкелер  бар…Күн  қатты  суық.Біздің  достарымыз Алпамыс  пен  Ақбота  адасып,сол  жақта  елге  келе  алмай,қиналып   жүр.Данышпан  ата бізден  көмек  сұрап  жатыр.Әрқайсысымыз  қалай  көмектесуді  ойлап  жатырмыз.Көзімізді  ашамыз.

-Алпамыс пен  Ақботаны  кім  қалай  құтқарып  алар еді?

Дәптермен  жұмыс. Әңгімені  өз  қиялдарыңмен  жалғастырып  жазыңдар.

Жүректен жүрекке. «Қиялым  менің неге  жетелейді?»сұрағына   жауап  береді.

Ы.Алтынсарин. «Өнер  білім бар  жұрттар»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.