Без рубрики

§13. Компьютерлік вирустардан қорғау.

Сабақтың тақырыбы: §13. Компьютерлік вирустардан қорғау.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды компьютерлік вирустың түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен

таныстыру; аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру.

Сабақтың міндеті: мазмұнға байланысты: оқушылар компьютерлік вирус түрлерін ажыратады; дербес компьютерлерді компьютерлік вирустардан қорғау әдістерін, вирусқа қарсы программалардың жіктелуін үйренеді;

сын тұрғысынан ойлауға байланысты: оқушылардың ой — өрісі, дүниетанымы кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс жасайды;

топтық жұмысқа байланысты: топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды, бір – бірін толықтырады.

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: семантикалық карта, бағытталған оқу.

Сабақтың программалық – дидактикалық қамтылуы: интерактивті тақта, ACTIVOTE құралы, антивирустық программалық дискілер, электронды оқулық.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

а) сәлемдесу;

ә) ТҚЕ-не шолу;

б) оқушыларды үш топқа бөлу;

в) оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

Үй тапсырмасына шолу.  (ACTIVOTE құралы көмегімен тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын тексеру)

1. Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда.

А) Жою;

В) Іздеу;

С) Рәсімдеу.

2. Файлды іздеу үшін нені білу керек?

А) Файлдар мен бумалардың тұрған жерін;

В) Объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін;

С) Файлдарды.

3. Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?

А) Құжатты;

В) Табу сөзін;

С) Файл атын немесе файл фрагментін.

4. Мәтінді іздеу өрісіне не енгізуге болады?

А) Папка атын;

В) Файл атын;

С) Мәтін фрагментін.

5. Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?

А) Табу параметрлері;

В) Іздеу параметрлері;

С) Файл фрагменті.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ

 

«Кім жылдам?». Кестеде жасырылған сөздерді табу.

 

К

С

Т

О

Р

Н

О

Ф

П

М

О

К

А

Р

И

Н

Б

Т

Р

О

Ь

Ю

Т

Д

Н

Е

М

О

А

Й

К

И

М

А

Е

А

К

О

М

П

Ь

Ю

Т

Е

Р

Н

Р

Ж

С

Е

О

Р

М

М

Н

Т

Л

Т

П

Р

С

Ц

П

К

И

Е

А

Ы

І

И

В

И

О

О

Р

М

О

Д

Қ

Ш

К

А

И

Н

Р

В

И

Р

У

С

Т

А

Р

К

Р

Т

Н

Т

Е

Р

Н

И

Н

Р

М

И

У

Е

И

Б

И

Т

Е

Т

Ф

О

А

Т

С

Р

 

Жасырылған сөздер: тышқан, модем, микропроцессор, интернет, бит, информатика, компьютерлік, вирустар, антивирус, жад, принтер, монитор, байт, сканер, компьютер, микрофон.

 

Капитандар жарысы. Капитандар мәтіннің шифрларын шешіп, кодтау тәсілін түсіндіруі керек.

1 топ – Пүкін мектепке партым (Бүгін мектепке бардым);

2 топ – Коляманлядаля (команда);

3 топ – акитампрофни (информатика).

Ой қозғау.

—          Оқушылар, күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вирустар деген ұғыммен кездесіп жүрсіздер, кімнің қандай ойы бар? Компьютерлік вирус дегенді қалай түсінеміз?

—          Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау керек?

 

МАҒЫНАНЫ ТАНИ БІЛУ САТЫСЫ

 

1 – топ. Компьютерлік вирус.

Дербес компьютерлердің адамзат өмірінде алатын орны зор және қазіргі компьютерлерді ХХІ ғасыр адамының жан жолдасы десек те болады. Дегенмен, барлық материялық әлемдегі сияқты компьютер әлемінде де диалектика заңы қатар жүреді. Әрбір құбылыс өзіне қарама – қарсы құбылыс туғызады. Мысалы, қылыш – қалқан, оқ – брон, әуе шабуылы – зениттік ракеталық комплекс. Демек, егер үлкен ақпараттар массасын өңдейтін құрал – жабдық пайда болас, онда оған қарсы әрекет ететін келесі бір құбылыс пайда болатыны белгілі. Компьютер әлемінде мұндай құбылыс ретінде компьютерлік вирустарды мысалға келтіруге болады.

Сонымен «компьютерлік вирус» дегеніміз не? Алғаш рет «компьютерлік вирус» термині ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта кезінде Америка Құрама Штаттарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирус» деген ұғымды компьютерлерді қатардан шығарып, жұмысын тоқтататын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді. Қазіргі таңда компьютерлік вирустардың 45 мыңға жуық түрі белгілі болып отыр. Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс жасайтын адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білгені жөн.

 Компьютерлік вирус – «көбеюге» және басқа бағдарламаларға «жұғуға» қабілетті, өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы жазылған компьютерлік бағдарлама.

Ол компьютерге «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файл арқылы жұғады. Ішінде вирусы бар бағдарлама «зақымдалған» деп аталады.

Компьютерге вирустың жұққанын қалай білуге болады?

—          Кейбір бағдарламалар жұмыс істей алмай қалады;

—          Экранға әдеттегіден тыс, бөтен мәліметтер, символдар және т.б. шығады;

—          Компьютердің жұмыс жасау жағдайы баяулайды;

—          Көптеген файлдардың бүлінгендігі байқалады.

Компьютерлік вирус қалай тарайды?

—          Дискет немесе CD диск арқылы;

—          Интернеттен жүктелген файл арқылы;

—          Электрондық почта арқылы келіп түскен хатқа қосымша ретінде жалғасу арқылы.

2 – топ. Компьютерлік вирустар қалай жіктеледі?

1. Мекендеу ортасына қарай:

  • Файлдық – қолданбалы бағдарламалардың ішіне енгізілген, бағдарламалар жүктелгенде жіберілетін вирустар;
  • Жүктейтін – операциялық жүйе жүктелгенде негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға жұғатын вирустар;
  • Макровирустар – Microsoft Office-тың файлдарын бүлдіретін, құжат файлы ашылғанда жұғатын вирустар.

2. Компьютерге жұғу әдісіне қарай:

  • Резиденттік – компьютер жадында тұрақты сақталатын вирустар;
  • Резиденттік емес – келешекте көбейе алмайтын фрагменттер қалдыратын вирустар.

3. Мүмкіндігіне қарай:

  • Қауіпсіз – өздерін графикалық немесе дыбыстық құбылыстар секілді зиянды емес әрекеттерімен көрсететін компьютерлік вирустар;
  • Қауіпті – компьютер қызметінде, желілерде, жүйелерде түрлі ақаулар әкелетін вирустар;
  • Аса қауіпті – ақпараттарды жоятын, бағдарламалар мен жүйелердің қызмет ету қабілетін жоғалтатын компьютерлік вирустар.

4. Мақсатына қарай:

  • Бейсауат – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар;
  • Шантаж жасаушы – мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін» бомбалар;
  • Насихатшы – «өзін көрсету» мақсатында жасалған вирустар;
  • Мағынасыз – атынан – ақ түсінікті.

3 – топ. Осыншама вирустардан компьютерді қалай қорғаймыз?

Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын – оқтын жаңалауды қажет ететін, вирусқа қарсы арнайы бағдарламалар (антивирустар) пайдаланылады.

Антивирустардың қызметі файлдар мен бағдарламалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады. Қазіргі кездегі вирусқа қарсы бағдарламаларды бірнеше топқа бөлуге болады.

  • Ø Детекторлар, олардың қызметі – вирустарды табу, тек бұрыннан келе жатқан вирустардан қорғайды, жаңа вирустарға дәрменсіз. Мұндай бағдарламалар қазіргі таңда сирек қолданылады. 1988 жылы Д.Н.Лозинский жасаған AIDSTEST бағдарламасы мысал бола алады.
  • Ø Полифагтар, олардың қызметі – вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы бағдарламалардан жою. И.Данилов жасаған Dr.Web, Е.Касперский зартханасы жасаған Kaspersky – Anti – Virus бағдарламаларын мысалға келтіруге болады.
  • Ø Ревизорлар, олардың қызметі – бағдарламалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есте сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу бағдарлама иесіне хабарлайды. Мысалы, Д.Мостов жасаған ADif бағдарламасы.

 

Есіңде болсын! Бағдарламашылар мен хакерлер компьютерлік вирустарға қатысты көптеген қулық әрекеттер жасайтыны белгілі. Бірақ мұндай қызмет Қылмыстық кодекспен қудаланады.

 

 

ОЙ ТОЛҒАНЫС САТЫСЫ

 

1 топ тапсырмасы. Бос орынды толықтыр.

Компьютерлік вирус – өздігінен ______________ қабілетті арнайы ____________, ол компьютер ________ сақталатын бағдарламалар мен файлдарды ___________________ және компьютерді _________________ мүмкін.

 

2 топ тапсырмасы. Вирус әрекеттерін олардың түрлеріне сәйкестендір.

 

Вирус түрі

Вирус әрекеті

Қауіпсіз

Ақпараттарды жояды, бағдарламалар мен жүйелердің қызмет ету қабілетін жоғалтады.

Қауіпті

Өздерін графикалық немесе дыбыстық құбылыстар секілді зиянды емес әрекеттерімен көрсетеді.

Аса қауіпті

Компьютер қызметінде, желілерде, жүйелерде түрлі ақаулар әкеледі.

 

3 топ тапсырмасы. Кестені толтыр.

 

Антивирустық бағдарламаның типі

Антивирустық бағдарламаның негізгі міндеттері

Белгілі антивирустық бағдарламаның аты

     
     
     

 

Бекіту. ACTIVOTE құралы көмегімен тест тапсырмаларын орындау.

1. Вирус дегеніміз қандай программа?

а) компьютердің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді;

ә) компьютер жадын көбейтеді;

б) ақпараттың принтерге шығарылуына кедергі болады;

в) ақпаратты сығылған түрде сақтауда кедергі болады;

г) кейбір компьютерлік ойындардың құрамына кіреді.

2. Вирус туралы қай пікір дұрыс?

а) компьютердің жедел жадын азайтады;

ә) компьютер жұмысын тежейді;

б) экранға бөтен ақпараттарды шығарады;

в) компьютердегі ақпаратты жояды;

г) дискінің дисководқа енуіне кедергі жасайды.

3. Дұрыс емес пікірді көрсетіңіз.

а) вирустан құтылу мүмкін емес;

ә) вирус компьютер жұмысын тежейді;

б) вирус мәліметтер форматын өзгертуі мүмкін;

в) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;

г) вирус компьютердегі ақпаратты жояды.

4. Орындалушы файлдарды жоятын вирустар түрін көрсетіңіз.

а) файлдық вирустар;

ә) енуші вирустар (boot-вирустар);

б) желілік вирустар;

в) макровирустар;

г) микровирустар.

5. Ақпараттың қозғалмайтын жағдайын көрсетіңіз.

а) файлды резервтеу;

ә) файлдарды қалпына келтіру;

б) вирусқа қарсы құралдарды қолдану;

в) ақпаратқа шектеу енгізу;

г) компьютердегі ақпаратты екі ретті кодалау.

6. Компьютерлік вирустардан қорғану дегеніміз не?

а) вирустардың енуін болдырмау;

ә) ДК-ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмау;

б) бүлдіру әрекеттерін болдырмау;

в) дұрыс жауабы жоқ;

г) а), ә), б) жауаптары.

7. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

а) қолданбалы программа;

ә) жүйелік программа;

б) компьютерде санкцияланбаған әрекеттер орындайтын программа;

в) компьютердің қосымша аппараттық қамтылуы;

г) компьютерлік вирустардың негізгі түрлері.

8. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңыз.

а) аппараттық, программалық, жүктеуші, макровирустар;

ә) программалық, жүктеуші, макровирустар;

б) файлдық, желілік, макровирустар, жүктеуші;

в) файлдық программалық, макровирустар, жүктеуші;

г) аппараттық, программалық, жүктеуші, желілік.

9. Пргораммалық ирус әрекеттерін көрсетіңіз.

а) көбею, вирустық шабуыл;

ә) файлға жазу, көбею;

б) файлға жазу, көбею, программаны жою;

в) көбею, вирустың таралуы;

г) файлға жазу, жою.

10. Вирустық шабуыл дегеніміз не?

а) вирус кодасын бірнеше рет көшіру;

ә) вирус енген кезде компьютердің өшуі;

б) программа жұмысын тежеу, мәліметтерді жою, қатты дискіні форматтау;

в) пернетақтадағы батырмалардың істен шығуы;

г) вирусқа қарсы программаны жүктеу.

11. Вирустан қорғанудың негізгі әдістері не?

а) қажет мәліметтердің көшірмесін сақтау;

ә) аппараттық құралдар;

б) программалық құралдар;

в) программалық, аппараттық, ұйымдастырушылық құралдар;

г) тек ұйымдастырушылық құралдар.

12. Вирусқа қарсы программаның негізі қандай?

а) вирустық шабуылдың басталуын күту;

ә) кең тараған вирустардың программалық кодаларын салыстыру;

б) зақымданған файлдарды жою;

в) зақымданған файлдарды экранға шығару;

г) вирустық шабуыл.

13. Вирусқа қарсы программаларды атаңыз.

а) Avp, drweb;

ә) MS-Dos, MS Word, Avp;

б) MS Word, MS Excel, Norton Commander;

в) MS-Dos, Norton Commander, drweb;

г) MS Word, MS Excel, Norton Antivirus.

14. Компьютерлік вирустардың әрекеті қандай?

а) компьютер жұмысындағы өзгерістер;

ә) электронды поштамен заңсыз хаттар жіберу;

б) компьютердің жиі қайта қосылуы;

в) көбею;

г) жоғарыда келтірілгендердің бәрі.

15. Вирусқа қарсы программаны орнатқаннан кейін вирустық шабуылдарға алаңдамауға болады деген пікір дұрыс па?

а) дұрыс;

ә) дұрыс емес;

б) дұрыс, егер жиі жаңартып отырған жағдайды;

в) дұрыс, егер Интернет қызметін қолданбаса;

г) дұрыс емес, жаңа вирустар тез пайда болады.

 

Үйге тапсырма беру. тақырыпты оқу, антивирустық бағдарламалар туралы мәлімет іздеу, реферат даярлау.

 

Оқушыларды бағалау.

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.