Без рубрики

§12. Файлдар мен бумаларды іздеу.

МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: §12. Файлдар мен бумаларды іздеу.

Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды Іздеу командасымен таныстырып, бұл командамен қалай жұмыс істеуді және ДК командасын қалай қолдану керектігін түсіндіру;

дамытушылық: дербес компьютерде Іздеу командасын қолдану дағдысын қалыптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту;

тәрбиелік: жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, ДК, слайдтар.

Сабақтың барысы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Файлдар мен бумаларды іздеу

 

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата – анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Поиск) немесе Табу (Найти)  командалары келеді.

Іздеу командасы компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.

Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Жіберу батырмасына шертіңіз

2. Табу пунктін таңдаңыз

3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз

4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе  файл атының фрагментін енгізіңіз

5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін  фрагментін енгізуге болады;

6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа обьекті таңдауға болады.

7. Табу батырмасына шертіңіз.

 

4. Практикалық жұмыс

Жол сілтеуіш. Объектілерді іздеу

1. Жол сілтеуіш программасын жүктеңіз. WINDOWS бумасын ашып, ондағы COMMAND каталогының мекенжайын көшіріп алыңыз. Каталогтар бұтағындағы Жаңа бумасын Менің құжаттарыма көшіріп, осы бұтақтағы Менің құжаттарымды ашып, Жаңа бумасын жойыңыз.

2. Табу программасын жүктеңіз. Атауы өрісіндегі мына атауларға сұрау салыңыз:

а) Mario;

ә) Command.com;

б) Fgames

в) Жаңа

3. Табу программасындағы Мәтінді іздеу өрісіне «Мұғалім оқушылар» мәтінін енгізіңіз. Қайдан іздеу өрісінде Менің құжаттарым бумасын таңдаңыз. Іздеу салыңыз (жүктеңіз) және нәтижесінде табылған объектілер санын жазып алыңыз.

 

5. Сабақты бекіту.

Бекіту сұрақтары:

1. Іздеу командасы  не үшін қолданылады?

2. Қандай белгілер бойынша Іздеу командасы арқылы обьектіні табуға болады?

 

6. Үйге тапсырма. §12. Файлдар мен бумаларды іздеу.

 

7. Сабақты қорытындылау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.