М. Шаханов « Отырар»(5- сынып)
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
Қаратөбе мектеп- гимназиясы І біліктілік санатты
қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойшиева Мөлдір Дулатқызы
Сабақтың тақырыбы : М. Шаханов « Отырар»(5- сынып)
Сабақтың презентациясын көшіріп алу: М.Шахановтың “Отырар” дастанындағы Қарашоқының сатқындығын әшкерелеу соты. (PDF)
Сабақтың мақсаты :
- Шығарманың тақырыбы мен идеясын теориясын тереңірек меңгерту .
- Сөйлеу дағдыларын дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, мақамдап оқу машықтарын арттыру .
- Оқушыларды отан сүйгіштік рухқа, елінің, жерінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі : сот сабақ .
Сабақтың көрнектілігі: сот құралдары, Қазақстанның туы, электронды слайд.
Сабақ барысы:
Мұғалім сөзі:
Біз өткен сабақтарда М. Шахановтың «Отырар» дастанымен таныстық . Өткен сабақта алған білімімізді қорытындылау мақсатында бүгін сот сабақ етіп өткізгелі отырмыз.Қарашоқының сатқындығын әшкерелеу соты .
Ролдерді сомдайтын оқушылар :
- Сот-Халиуллин Нұрсұлтан .
- Хатшы –Құрманғалиева Балбике
- Тергеуші –Рақымғалиева Динара
- Қайыр хан-Жортабаев Бейбарыс
- Қайыр ханның қорғаушысы– Аманғалиева Ажар
- Қарашоқы-Мұратбекұлы Мерлан
7 Қарашоқының қорғаушысы-Құсанова Рита
8 Шыңғыс хан –Жолдығалиев Бақдәулет
9 Қария ( Қарашоқының әкесі)-Бейімбетұлы Данияр
10 Куә-Батырбекова Арайлым
11 Куә-Әділова Нұржанат
12 Айыптаушы-Ертайұлы Руханият
13 Айыптаушы-Егінғали Қыдырнияз
Хатшы (Құрманғалиева Балбике):-Барлығыңыз орындарыңыздан тұрыңыздар сот келеді! (Сырттан сот өзінің құралымен кіріп, орындарына жайғасады ).
Сот ( Халиуллин Нұрсұлтан):-Отырыңыздар!
Бүгінгі ашық сот отырысына қатысып отырған бәріңізге де оқиға барысы жақсы таныс.Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешірді. Тарих беттерін парақтасақ туған жерді қорғауда сан мың алапат соғыстардың болғанына куә боламыз. Соның бірі Отырар ойраны .
Енді осы Отырар қаласының күйреуіне не себеп болды, соған келейік .Бұл жөнінде бізге істі тергеуші түсіндіреді .
Тергеуші ( Рақымғалиева Динара ):
Отырар – IX ғ ірі қала . Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар,Тарбанд деп те аталып келген .
Отырар – Y-XY ғғ Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық болған . Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болған .
XII ғасырдың аяғында Монғолия жерінде үлкен мемлекет құрылды . Оны Шыңғыс хан басқарды . Оның әскері көп жер, дүние, мал үшін басқыншылық саясат жүргізді . Шыңғыс ханның 200 мыңға дейін әскері болды, ол өте қатал тәртіптіталап етті .
Егер шайқастан бір жауынгер қашса, оның қасындағы он жауынгер өлім жазасына кесілді . Шапқыншылар Сырдария өзені бойындағықалаларға келіп жетті. Ол қалалардың ішіндегі атағы көбірек шыққаны да, мықты қоғаны және көп әскері бары да Отырар еді . Қала басшысы Қайырхан болатын . Қаланы басып алуға 1219 жылы күзге қарай монғолдың 150 мың қолы аттанды . Қадыр ханның басшылығымен отырарлықтар туған қаласын қорғауға барынша әзірленді . Жиырма мың әскерді жақсы қаруландырды . Қорған дуалының үстіне құм салынған қаптар үйілді . Ыстық су құятын бөшкелер әзірленді , қорған қазылған ор сумен толтырылды . Амалы таусылғандықтан монғол әскері енді Отырарды түгел қоршады . Бірақ бес ай өтсе де, ештеңе істей алмады . Не пайда , осы күндері адам ойламаған қайғылы оқиға болды . Отырарға Хорезм шаһы көмекке жіберген Қарашоқы қолбасы опасыздық жасап, қорғанның дарбазасын монғол әскерлеріне ашып жібергені тергеу барысында анықталды .
Сот ( Халиуллин Нұрсұлтан ) : Осы айтылған жайттардың растығын айғақтайтын куәлар бар ма?
Куә (Әділова Нұржанат) : Жалған сөйлемеуге, тек шындықты айтуға ант беремін .
Алты ай бойы ерлік салтқа төр»н берген Отырар ,
Алты ай бойғы алапатқа жеңілмегкен Отырар
Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады,
Ақыл-ойын жалындатқан ,
Өнер ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына симады .
Безбүйрек жау сәбилерді,
Шал –шауқанды,
Кемпірді,
Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып өлтірді.
Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды,
Отырардың аянышты зарлы өмірі басталды.
Айдай әлем мойындаған даңқы бар,
Нән қаланың асқақ әні осыменен шектелді …
Сот (Халиуллин Нұрсұлтан ):- Жәбірленуші Қайыр хан кім ? Мұны бізге хатшы баяндайды .
Хатшы (Құрманғалиева Балбике ):
Қайыр хан Отырар қаласының билеушісі. Хорезм шаһтарға қызмет еткен қыпшақ тайпасынан шыққан . Шыңғыс ханның Қытайға жасаған сәтті жорықтарынан кейін Хорезм шаһы Мұхаммед Қарақорымға жедел түрде екі елшілігін жібереді . Елшіліктерді қабылдаған Шыңғыс хан да Хорезмге өз елшілігін жібереді . Екі жақты келісімдерден соң көп ұзамай 500 түйеден тұратын, құрамында 450 адамдық сауда керуені 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келеді . Содан саудагерлер арасында Шыңғыс ханның тыңшылары бар деп сезіктенген Қайыр хан керуенді тонап, 449-ын өлтіреді . Тек біреуінің құлағын кесіп, хабаршы жібереді . Осы оқиғадан соң Шыңғыс хан Қайыр ханды ұстап беруді талап етеді .
Сот ( Халиуллин Нүрсұлтан ) : Қайыр ханның ел билеу ісі жөнінде сөйлейтін куәгерлер бар ма ?
Куә – ( Батырбекова Арайлым ): Жалған сөйлемеуге, тек шындықты айтуға ант беремін .
Алты ай бойы Отырарды құтқарам деп қайраннан,
Аман өткен сан алапат майданнан,
Жүрек шамы ізгіліксіз жалғайтын ,
Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
Фараби мен Иасауидың жырларын
Таңнан таңға жатқа айтуға талмайтын,
Әрі өзгеше ел басқару мәнері
Отырардың Қайыр атты ханы еді .
Айыптаушы ( Ертайұлы Руханият );
Отырар Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан әлемге танымал сәулетті қала болған .
Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхананың бірі саналған . Осындай халқымыздың мәдениетінің дамуына балта шапқан .
Қара мұртты қара түн,
Қара түнде қаққан қара қанатын,
Шағатайға Отырардың қақпасын
Ашып берген Қарашоқы болатын .
Қайран тірлік, бақ пеннен сор қырқысқан ,
Түлкі сайға,
Қыран өрге тырмысқан .
Қарашоқы секілді сатқындарға халық арасынан орын жоқ .
Айыптаушы ( Егінғали Қыдырнияз ):
Жоғарыда айтылғандардың бәрі шындық. Отырар халқы Қайыр хандай басшысы бар кезде оңай жеңілмейтін еді . Оған Шағатайдың әкесі Шыңғысқа
Рухы –ер,
Тәні-бекем,
Тірліктен де артық қойған бірлікті
Бұл бір қайсар халық екен , деген сөзінен де халық ерлігі дәлел бола алады .
Шыңғыс ханның құрметіне бөленуді ойлап, отанына опасыздық жасаған Қарашоқының жазасы берілуі тиіс .
Сот (Халиуллин Нұрсұлтан ): Бұл жайт туралы Моңғол билеушісі Шыңғыс ханның сөзін тыңдайық .
Шыңғыс хан
Иә, Қайыр хан,
Рух ердің өзегі ғой қайда да,
Ең әрісі-жеңілістің өзін де
Шешкім кеп тұр өзіңнің пайдаңа .
Жігіттерім рухыңа қармақты
Салмақ болып, тәніңдіәбден қорлапты.
Қорлапты әбден
Құлағыңды құнтитып,
Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып.
Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә,
Маған күліп қарап тұрсың сонда да.
Олар сенің жеңгенімен тәніңді,
Амал нешік, жеңе-алмапты жаныңды .
Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой!
Шіркін , сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға
Бөлеп дарқан күйге мені
Бүкіл әлем билер еді
Аяғымның астында.
Ха-ха-ха-ха-ха ! Ал мына бір сатқынды
Құдай саған қайдан ғана тап қылды ?
Ха-ха-ха-ха-ха!
Қайғылы әрі күлкілі,
Қайран аңқау дара тұлға
Аңғармайсың қанатыңа жасырынған түлкіні!
Өрлігіңе осы болсын сыйлығым,
Сізге қидым, сот мырза, бұл сатқынның билігін .
Қарашоқының қорғаушысы (Құсанова Рита )
Сот мырза,менің қорғалушымның айтатын сөзі бар рұқсат етсеңіз .
Сот (Халиуллин Нұрсұлтан): Айтсын .
Қарашоқы ( Мұратбекұлы Мерлан ) :
Ұлы ханым ,
Әділдік пе мұныңыз?
Өле-өлгенше боп өтейін құлыңыз.
Отырарды мен қол ұшын бермесем,
Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз ?
Шыңғыс хан ( Жолдығалиев Бақдаулет ) ( түнеріп ):
Оған дау жоқ,
Сенен басқа бар тма бірақ тірі өлік?
Қастерлінің бәрін жыққан табанға
Азған сен бе ?
Әлде мына заман ба?
Тым құрыса, қасиетті бір сезім
Қалу керек емес пе әрбір адамда ?
Рас, менің нөкерлерім безбүйрек
Зұлымдықты ерлік деп таниды .
Олар тіпті өкшесімен езгілеп,
Кете алады жазығы жоқ сәбиді.
Одан да зор хайуандыққа жете алады төзімі,
Бәрін өзім үйреткенмін о баста.
Қаталдық пен аяушылық сезімі
Жауынгердің жүрегінде түспеу керек таласқа.
Түспеу ләзім қос сезімнің дауына,
Мен осыған қатты көңіл бөлемін .
Қаншама иттік етсе де олар жауына,
Туған жерін сатпасына сенемін.
Дәмелендің шығарар деп төріне,
Жетті көзің бұл үмітің-құр елес .
Опасыздық жасадың ба еліңе,
Ертең мені сату саған түк емес .
Шаам нешік,тұрмын сені тіпті аяп ,
Сорлы Отансыз қасқайыпсыз қаныңа.
Қашан мені сатарыңды күтпей-ақ,
Алдыңды орап кеткеніме налыма,
Жақсылығым қайтпады деп арыма,
Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату
Ұқсамай ма табиғаттың заңына?
Құлақ түрер кім қалды енді зарыңа!
О дүниелік сапарына, сатқыным,
Сеніп аттан әділдіктің барына !
Қайыр ханның қорғаушысы ( Аманғалиева Ажар ):
Сот мырза менің қорғалушымның Қайыр ханның ұсынысы бар еді рұқсат етсеңіз .
Сот ( Халилуллин Нұрсұлтан ) : Рұқсат .
Қ айыр хан –( Жортабаев Бейбарыс ):
Бұл баланың әкесі ір нар текті
Адам еді адал, ұшқыр қиялы.
Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,
Сатқын болып шықты мына тұяғы .
Оны ойласам, от жүрегім қан болар,
Сеніміме содан түскен таңба бар ,
Мақұл көрсең, әкесін бұл сатқынның
Осы араға алдырғаның жөн болар .
Сот (Халиуллин Нұрсұлтан ): Қарашоқының әкесін алдыртыңыздар .
Қайыр ханның қорғаушысы ( Аманғалиева Ажар ):
Жылан туса жыланнан,
Құлан туса құланнан,
Таңданатын түк те жоқ, .
Бірақ жылан қалай туды қыраннан ?
Қария (Қарашоқының әкесі ) (Бейімбетұлы Данияр ):
Сыйлы басым қуарды,
Жария етіп жалғанымды,
Менің қыран болғанымды
Заман бүгін өтірікке шығарды.
Әділі сол, көнбе мейлі, көн мейлі,
Әр адымы қиындаған,
Адал өлім бұйырмаған
Менен сорлы жан бар десең, сенбеймін …
Көрінетін бетім бар ма еліме?
Мына сатқын перзентіме қосақтап,
Жазалауға міндеттісің мені де?
Азғындықтың соңы бізбен құрысын,
Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін .
Сот шешімі :( Халиуллин Нұрсұлтан ) :
Моңғолдар Отырарды жер мен жексен етіп түгел қиратады . Халқын қырғынға ұшыратады . Сөйтіп, ерлікпен қарсыласқан Отырар қаласы 1220 жылы толық күйрейді .Жарты әлемді билеген Шыңғыс ханға Отырардай қарсылық көрсеткен бірде бір қала болмапты . Түркі тайпалары арасындағы осы соғыс үлкен жан түршіктірер қатыгездігімен тарихта «Отырар ойраны» деген атпен қалды .
Өз елін, өз жерін, Отанын сатқан қара жүрек Қарашоқы болмаса өнер білім ордасы Отырардың тарихы ұзаққа жалғасар ма еді . Адам жаны төзгісіз жан түршігерлік опасыздыққа барғаны үшінҚарашоқы
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 165 бабына сай мемлекттік опасыздық яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден,сол сияқты мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген Қ. Р . азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұсқан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекеті үшін мемлекеттік опасыздық деп табылады .
Қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, 20-жылға бас бостандығынан айырады .
