"Кетті Ақын, мініп алып келместің кемесіне…" Ашық сабақ

Батыс Қазақстан  облысы, Қаратөбе  ауданы
Қаратөбе  мектеп- гимназиясы І біліктілік санатты
қазақ әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Қойшиева Мөлдір Дулатқызы

“Кетті Ақын, мініп алып келместің кемесіне…”
атты  Қадыр Мырза  Әлиді  еске алуға  арналған  кеш

Сабақтың презентациясын көшіріп алу:  “Кетті Ақын, мініп алып келместің кемесіне…” Ашық сабақ. Презентация

Жүргізуші:
Адам  күліп  тумайды, туа  сала  күлмейді.
Үйренеді  күлуді,  бірақ  күліп  өлмейді.
Адам  жылап  туады,  жатады жұрт  жұбатып,
Және  жылап өледі,  өзгені  де  жылатып.

Жылайтыны  туарда-жамандар  бар  қинайтын,
Жылайтыны  өлерде- жақсылар  бар  қимайтын.

Ұлтының  бүкіл  болмыс-бітімін, қилы  тарихын,  асқақ  рухын, жан  дүниесін  шығармашылығының  өзегіне  айналдырған жерлес  ақынымыз, қазақтың  Қадыры, қазақ  поэзиясының  жарық  жұлдызы  22 қаңтарда  76 жасқа  толған  шағында   күллі  қазақты  жылатып  дүниеден  өтті…

Қазақ  әдебиеті  мен  өнері  орны  толмас  қазаға  душар  болды. Ақын  рухына  бас  иіп, 1 минут  үнсіздікпен  еске  алайық.(Сағат  тықылы соғады)

Бүгінгі  «Кетті  ақын,  мініп  алып,  келместің  кемесіне…» атты Қадыр  ақынды  еске  алу  кешіміздің  қонақтарымен  таныстырып  өтейін.

——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

1.

Ақын, Қазақстан  Жазушылар  одағының   мүшесі, Қазақстанның  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты, Қазақстанның   Халық  Жазушысы  «Тарлан»  сыйлығының  иегері Қадыр  Мырза  Әли 1935 жылы Батыс  Қазақстан  облысының  Сырым  ауданы, Жымпиты  ауылында  дүниеге  келген. Болашақ  ақынның әдебиетке  деген  ынта-ықыласы  бала  кезден  белгі  берген. Мектепте  сан  қияға   құлшынған  бала  қиял тарихқа, математикаға, астрономияға,  сурет  өнеріне  талпынған.

1958 жылы  Қазақ Мемлекеттік  университетініңғ  филология  факультетін, кейін  аспирантурасын  бітірген. 1958-62 жылдары  республикалық  балалар  журналы «Балдырғанда»  әдеби  қызметкер. Кейін  1962-1965 жылдары «Жұлдыз»  журналында  бөлім  меңгерушісі, жауапты  хатшы,  бас  редактордың  орынбасары  болып  қызмет  атқарады.

Сөздің  сәйгүлігі,  ойдың  озарманы  Қадыр  ақынның  алғашқы  өлеңі 1954 жылы республикалық  «Пионер»  журналында  жарияланған,  ал  тұңғыш  өлеңдер  жинағы  «Көктем»  1959 жылы  жарыққа  шықты. Содан  бергі  уақыт  ішінен  оның  елуден  астам  поэзиялық,  сондай-ақ  әдеби-сын  кітаптары  жарық  көрді, өлеңдері  мен  шығармашылығы  мектеп  оқулықтарына  енді. Оның  халыққа  кең  тарап, ел  аузындағы  шығармаларына: «Домбыра», «Жерұйық», «Қызыл  кітап», «Күміс  қоңырау», «Қылыш  пен  қанжар», «Мәңгі  майдан», «Биік баспалдақ», «Үкілі  үзінділер», «Таңдамалары  туындыларының  12 томдығы», «Жазмыш», «Ғибратнәмә», «Иірім», «Шырғалаң».

Қадыр  Мырза  Әлидің  әнге  арнап  жазылған өлеңдері  200- ден  астам. Талантты  ақын  қаламынан халық  фольклорының  атақты  күлдіргі  кейіпкерлері Алдар  Көсе  туралы «Сақал  саудасы», «Қасқыр  қақпан»  атты сатиралық  комедия  мен  Махамбеттің  ең  соңғы  азапты  күндеріне  арналған «жаралы  жолбарыс»  атты  драмалық  шығармалар  да  туды.

Ақын  жеке  бастың  дара  мұңынан  бастап,  қым-қиғаш  халықаралық  қайшылықтарға  шейін  қысылмай,  қымтырылмай  еркін  жырлай  алды. Көркем  аударма  саласында  да  жемісті еңбек  етті. Әлемдік  әдебиет өкілдерінің  шығармаларын  қазақшалады. Жекелеген  және  топтама  өлеңдері ағылшын, француз,  неміс, поляк,  болгар,  венгер, фин  тілдеріне  аударылды.

Қара  жердің тынысы   тамырын  тереңге  жайған алып  бәйтерекке қаншалықты  мәлім  болса,  жанр  атаулыны  құшағына  жиған,  даралығы  мен  даналығын мойындатқан  Қадыр  ақындай  ұлыға  бүгініміз  бен  ертеңіміз  соншалықты  мәлім  еді.

2.         Түспесін деп  мезгілсіз  жапырағым,

Тамырымды суарып жатыр  ағын.

Өлең – менің шашылған  күлкім емес,

Лоқсып  шыққан  тереңнен  запыраным,

-деп  ақынның  өзі  жырлағандай  ақық  жыр  болып  ақтарылған  жырларды  оқу  үшін  ақын  өлеңдері  айдарымызға   кезек  берейік.

Аманшин  Махмуд «Мен  ақынмын»

Киікбаев Манас «Тілдің  туы»

Жолдығалиев Бақдәулет «Кітап  дүкені»

Дулат  Ұлпан «Кім  мықты дүниеде?!»

Еңсепов  Дәурен «Кәрі  қыран»

3.        Ақындардың  бәрі  бірдей  ой  толғайды. Бірақ ойшыл  ақындардың  бәрі философ  бола  бермейді. Қадыр  ақынның  ойламаған  ойы жоқ  философ  ақындардың  бірегейі  еді. Оның  философиялық  толғамдары  қазақ  халқының  ақыл  мен  ой  қазынасын  одан  әрі  толықтыра  түсті. Ендігі  кезекті  ақынның  философиялық  толғамдары айдарына  берейік.

 

 

4.     Жампоз  жырдың  дүлдүлі  Қадырдың   халық  жүрегінен  терең орын  алған  өлеңдері  көпшілік  сүйіп  салатын  әндерге  айналды. Ақын шығармаларына  ән  жазбаған   сазгер  кемде- кем  шығар,  «Аққуға  аспандағы  үн  қосқан  ақын»   айдарына  кезек  берейік.

Ниязова  Кәмшат «Сыған  серенадасы»

Хор «Атамекен»

 «Апам  үшін»

Қайырбайқызы Айкүміс  «Асыл  әжем»

 

——————————————————–

5.   Қадырдың  қаламының  ұшы  бірде  қоғам  кемшіліктерін  түрткілеп  ойнайтын. Қадыр  ақын  қазақ  сатирасына  да   өзіне  тән  өзгеше  пішін  әкелді. Мысқылдары  мірдің  оғындай еді. Адам  бойындағы  кемшіліктерді  мінегенде кері  кеткен  кенеусіздердің  төбесінен  жай  түсіретін. Кешіміздің  «Қадыр  қалжыңдары»  айдарын парақтап,  ақын сатираларына  кезек  берейік.

КТК   Қадыр қалжыңдары.

6.         Қадыр  осы,

Әдебиетте әлеуетті бір  тұтқа,

Ой  жүгіртіп әр  тарапқа, әр  тұсқа

Қадыр  осы,

Қара сөзден  ғажайып,

Қара  өлеңді  мүсіндеуге  мәрт  ұста!

Қадыр  осы,

Әрі  тапқыр, әрі  ұтқыр

Тиген  жерін  тілі  шоқтай  қарып тұр:

Қадыр  осы,

Мен  білетін ал, енді

Басқа  десең, ал дәлелде, ал  ұқтыр!

-деп  Исраил  Сапарбай  жырлағандай  Қадыр ақын туралы оралымды  ой  өрбіту  үшін сөз  кезегі  Қаратөбенің  қадірлі  ақсақалы, Қадыр  ақынмен  әңгімелері  жарасқан  замандасы

Малдыбай  ағайға  беріледі.

Ширек  ғасырдан  астам ақын  жырларынан  қуат  алып, шәкірттер  тәрбиелеуге  үлес  қосқан  тәлімді  ұстаз  ———————————  беріледі.

7.       Қазақ  халқының  маңдайына  біткен  жарық  жұлдызы Қадыр  ақын  туралы  ой  толғамдардың  «Бір  жақсысы- қимаған  даланы  кең…»  айдарына  кезек  берейік.

            ————————————————————————————————————

            Иә, ол  бір  ғана  Ақ  Жайықтың  емес, тұтас  Қазақ  елінің  Қадыры, ұлы  ақыны  еді. Күні  кеше арамызда жүрген  аяулы  ағамыз, арқалы  ақынымыз  туралы  өткен  шақпен  сөз  қозғау қандай  ауыр  десеңізші.

Қадыр  ақын өткен  күзде  75 жылдық  мерейтойы аясында  туған  жерге  табан  тіреп, жастық  шағы  өткен  жерлерді  аралап, елмен  кездесіп  еді. Халқымыздың  рухани- тарихи  дамуындағы  қайталанбас айрықша тұлға  туралы  артынан  ерген  ізбасарларының    жыр  айдарына  кезек  берелік.

Ақын  оқушылар  арнаулары

Солай  Ақын  ағаңның

Сырғып  жатыр  әр  күні.

Қайран  біздің  заманның

Қандай  қатты  қарқыны!

-деп  Қадыр  әсем сәттермен, өмір  бойы қаламына  арқау  болған қазақ  халқымен  қимай  қоштасып  барады.

Иә, қазақтың тағы  бір  алыбы келместің  кемесіне мініп, мәңгілік  сапарға  аттанды. Қазақ  әдебиетінің  бір  алып  бәйтерегі  құлады.

Ақын  аға, біз  сіздің  тәніңізбен ғана қоштасамыз. Жаның жадымызда  болады, рухың  төбемізде  жүреді. («Сыған  серенадасы»  әнінің  әуені баяу  ойналып  түрады)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше