МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §11. Операциялық жүйелерді баптау.
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды ДК-дің операциялық жүйесін құрастыру түрлерімен таныстыру;
дамытушылық: компьютерде операциялық жүйені баптау дағдысын қалыптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелік: жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, әңгімелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, ДК, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тексеру сұрақтары:
1.Операциялық жүйе не үшін қажет?
2.Операциялық жүйенің құрамына қандай компоненттер кіреді?
3.Драйвердің қызметі не?
4.Интерфейс дегеніміз не?
5.Қандай операциялық жүйелерді білесіздер?
3. Жаңа материалды түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз – есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1) буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2) негізгі менюді баптау;
3) басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі → Параметрлер… командасы бойынша орындауға болады.
Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню (Баптау → Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.
Тапсырмалар тақтасы қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:
- Барлық терезелердің үстіне орналастыру (Расположить поверх всех окон)
- Экраннан автоматты түрде өшіру (Автоматически убирать с экрана)
ü Негізгі менюдегі ұсақ белгілер (Мелькие значки в главном меню)
ü Сағатты бейнелеу (Отображать часы)
ü Қысқартылған менюді пайдалану (Использовать сокращенные меню)
Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.
Басқару тақтасы бумасы терезесінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз: Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Пернетақта, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.
Егер кез келген белгіні екі рет шертсеңіз, экранда нақты баптау мақсатына қарай атқаратын қызметін түсінуге болатын терезе пайда болады. Параметрлерді берген соң ОК немесе Болдырмау (Отмена) батырмасына басу қажет.
4. «Құпия алаң».
Әр топқа конверттер таратылады. Конвертте құпия сөздер жазылған. Құпия сөздерді ретімен орналастырғанда төмендегі баптаулар орындалады.
І топқа «Уақыт пен күнді баптау»
ІІ топқа «Жұмыс үстелін баптау»
5. «Құпия құрылғы». Сөзжұмбақ шешу.
1.Дискіні оқитын құрылғы
2.Алғашқы шоттың грекше аты
3.Ақпараттың өлшем бірлігі
4.Шығару құрылғысы
5.Ақпаратты енгізу құрылғысы
6.Іс — әрекеттің орындалу тәртібі
6. Сабақты бекіту.
Бекіту сұрақтары:
1.Операциялық жүйелерді баптау дегеніміз не?
2.Операциялық жүйені баптау нешеге бөлінеді?
3.Уақыт пен күнді қалай орнатуға болады?
4.Жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?
7. Үйге тапсырма. §11. Операциялық жүйелерді баптау.
8. Сабақты қорытындылау.