10-сыныптарға арналған « Өнер тарихынан » тақырыптық күнтізбе жоспары
ОҚО, Арыс қаласы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің
бейнелеу өнері пән мұғалімі Асқаров Талғат Жүсіпұлы
Өнер жемісі –Өмірге азық
«Білім –теңіз, мектеп –кеме» демекші мектеп қабырғасында білім алып жүрген жалынды жастардың ішінде кешегі Абай, Ыбырай, Ахмет, Әбілхан салған ақындық, суреткерлік шығармашылық жолда ілгері жалғастырушы жеткіншектеріміз ертеңгі елдің келбеті.
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын бірлікке , өз елін сүюге баулып келеді.Бұл берік қалыптасқан дәстүр ұлттық тәрбиенің өзегі діңгегі де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол » дей келіп адамның ұлы болу үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек »керектігін ұлы Абайда жеріне жеткізе өсиет етіп кетті.
Адам баласы үнемі өз бетінше өмір сүруді, ешкімге тәуелді болмауды, саналы, белсенді әрекеттерді қалайды, оның жан дүниесі еркіндікке құмар келеді.
Баланың жолында тұрмауға үйрену ,білмегенін өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру әрине оңай емес.
Ислам діні адамның дүниені өзгертіп, оған әсер етуші ол алдымен өзін-өзі тануы қажет екендігін уағыздайды.
Ұлы ғұламалардың ойынша бала өзінің тұлғасын өзі жасау керек. Шығармашылық жағынан өзін дамытып ,өзінің оңтайлы мүмкіндіктерін ашып, өз-өзіне маңыздылық таныту керек.
Яғни балаға білімді беріп қана қою жеткіліксіз,ең маңыздысы баланың сезімін ояту, бойындағы асыл қасиеттерін көріп ашу.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз» деген екен.
Әрине,бұл жас жеткіншектерді жақсы әдетке еліктіре білу,оны мақсатқа жетуге сенімін нығайту, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.
Оқушылар өзінің көргенінен өзінше әсер алып,өзінше қабылдап есінде сақтап қалады. Олардың ой-өрісі,сана –сезімі, іс-әрекеттері тіршілік ағымымен жараса өсіп отырады. Ол табиғаттың сыйлаған байлығы. Сол байлықты оқушылар бойына жинақтап жылдар бойы жоғалтпай қажет кезінде игілігіне пайдаландырып отыратын асыл нәрсе ол адамның есі. Ес арқылы адам табиғат мезгілімен құбылыстарын ерекше күндермен ән-жырларды жадында ұстайды, оқыған кітабын көрген қызықтарын қуанғанда қорқынышты сәттерінде көз алдында елестетіп еске түсіреді.
Оқушыларға ауыз әдебиеті нұсқаларын, халық қазынасы –ертегі жұмбақ, мақал-мәтелдер,өлең тақпақтар баланың ой-өрісін кеңейтуге өз үлесін қосса,ал сазды әуенмен бала сезімін оятып қалам құдіретіне қызықтырады.
Оқушылардың әуен ырғағымен ойлау қабілетін дамыта отырып,бірнеше сабақтар арқылы жақсы жетістіктерге жетіп келдік.
Айта кететін болсақ: «Алтын күз», «Көктем», «Ауылым алтын бесігім» Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны», «Көктем жер бетіне нәр береді», Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» атты сабақтар арқылы бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ өткіздім.Өнер біздің қоғамда жастарды рухани, эстетикалық тәрбиелеуден сенімді, күшті құрал болып табылады.
Бейнелеу өнері пәні жастар көркем өнерді сүюге,адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді. Қандай жұмыс түрі болмасын ол жоспарлы, қызықты ұйымдастырылса, балалардың да ынта-жігерін ,қабілетін пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады..
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін сабағыма арнайы шақыртылған тарихшы,күйшілермен өтілген сабақтар өз дәрежесінде өтіп жатты.
Қанығымен қанағаттандырған ашық сабақтар оқушыларға еріксіз жігер берді.
Сондықтан оның нәтижелі болуы мұғалімнің шығармашылық ізденісіне , өз пәнін сүюге, білім қорының молдылығына бай тәжірибесіне де байланысты
Қорыта айтта келгенде бейнелеу өнеріне құмар баланың жан дүниесі нәзік келеді. Қилы ұшқыр ,сезімі айшықты, ойлы бұлаң-сусындай кіршіксіз таза жеткіншек әрдайым жат-жағымсыз қылықтардан қашық жүреді.
Өнер жемісі-Өмірге азық.
ОҚО,Арыс қаласы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері пән мұғалімі : Талғат Асқаров
10-сыныптарға арналған « Өнер тарихынан »
тақырыптық күнтізбе жоспары
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
| 1 | Қазақстан көркем мәдениеті, Қазақстан жеріндегі тас ғасыры | 2 сағ |
| 2 | Жартастағы таңбалы өрнектер | 2 сағ |
| 3 | Андронов мәдениеті | 2 сағ |
| 4 | Сақ,Үйсін қалалары мен елді мекендері | 4 сағ |
| 5 | Ғұндар, Үйсіндер мемлекеті | 4 сағ |
| 6 | Түркі қалалары ғылым мен мәдениет орталығы | 2 сағ |
| 7 | Ежелгі түркі жазуы .Кіші Орхон- Енесай жазбалары. | 2 сағ |
| 8 | Шығыс Ренессансы қайта өрлеу дәуірінің жазушылары мен ғалымдары «Әбу Насыр Әл –Фараби -Екінші ұстаз»
|
2 сағ |
| 9 | Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари | 2 сағ |
| 1O | Орта ғасырлық қалалар. Тараз –саудагерлер қаласы | 2 сағ |
| 11 | Ежелгі Алматы | 2сағ |
| 12 | Испиджаб қаласы | 2сағ |
| 13 | Сәулет өнері мен өнер | 2сағ |
| 14 | Әзірет Сұлтан, Қожа Ахмет Иассауи | 2сағ |
| 15 | Ежелгі Отырар қаласының күйреуі мен жандануы | 2сағ |
| 16 | Ұлы Жібек Жолы | 2сағ |
| 17 | ХХI ғасырдағы Астана қаласы | 2 сағ |
| 18 | Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы | 2 сағ |
| 19 | Дәстүрлі қолданбалы өнер | 2сағ |
| 20 | Қазақ халқының киелі киіз үйінің шығу тарихы және тарихшы этногроф ,өнер танушы ғалым
Өзбек әлі Жәнібеков |
4сағ |
| 21 | Зергерлік өнер | 2 сағ |
| 22 | Сырмақ өнер | 2 сағ |
| 23 | Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық киімдері | 2 сағ |
| 24 | Қазақ халқының кәсіби аспаптары | 2 сағ |
| 25 | Қазақстан театры | 2 сағ |
| 26 | Қазақстан музыка өнер қайраткелері | 2сағ |
| 27 | Ахмет Жұбановтың шығармашылығы | 2 сағ |
| 28 | Қазақ операсы | 2 сағ |
| 29 | Қазақ балетінің қалыптасуы | 2 сағ |
| 30 | Қазақстан кино өнері | 2 сағ |
| 31 | Ш.Айманов өнері мен шығармашылығы | 2 сағ |
| 32 | Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіби суретші
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы |
2 сағ |
Тақырыптық күнтізбені түзген : ОҚО,Арыс қаласы С.Сейфуллин атындағы
жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері пән мұғалімі Асқаров Талғат Жүсіпұлы
«Бейнелеу өнері»
Ұстады нәзік қолдар қыл қаламды,
Кірісті бейнелеуге кең даланы .
Сөйлейді әр бояуы бірақ тілсіз,
Еріксіз көрген адам таң қалады.
Бейнеледі асқар тау қарлы шыңды,
Жарқырап күн көгінде қыран ұшты.
Сылдырапта ағады мөлдір бұлақ,
Бұл өнер құдіретін санам ұқты!
Бұл өнер сабырлыққа үйретеді,
Жағымсыз әрекеттен жиретеді.
Дүниенің шыңында мәнін ұғып,
Ой мен сана арнасын кеңейтеді.
Суретшіге қараймында таңқалам,
Қаламның ұшында оның бар ғалам.
Сызылтыпта саласың сұлулықты,
Талай ақын шабыт алып жырлаған.
Суретшінің жаны тым нәзік ед,і
Қолындағы ұстаған қыл қаламнан .
Ғашықтықтың тіліндей тілсіз еді,
Парақтағы бейнеден сырды ұғалам!
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 11 «Б» сыныбының оқушысы Бекжан Ерлан Тәңірбердіұлы
