4 –саны және цифры. Ашық сабақ

Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 19 орта мектептің
жарты күндік шағын орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы

Білім беру саласы: Таным     Бөлімі:Математика
Тақырыбы : 4 –саны және цифры.
Мақсаты: балаларға математика ұғымдары туралы түсінік беру. 4-санының құрамын , геометриялық пішіндер, сандарды санау, пішіндерден көрініс құрау іскерлік дағдылар -ын бекіту,ойлау қабілетін, есептеу білімін кеңейту.
Әдісі : түсіндіру ,сұрақ –жауап, ойын.
Көрнекіліктері : желім, қағаздар, пішіндер, құстар, үлкен конструкторлар.

Мотивациялық – қозғаушылық:

Шаттық шеңбер

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір ,таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Ғажайып сәт

Балалар көңіл күйлерің қандай?             -Жақсы .

Ендеше одан да жақсы болу үшін , бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз. Барлығымыз бір-бірімізге  күліп қараймыз.                      -Бір-біріне күліп қарайды.

 

Балалар бүгінгі  сабағымызға қонаққа  торғай келді.Торғайға өз білімімізді көрсетемізбе?

Торғай  бізде қыстап қалған құстардың бірі, сондықтан біз құрмет көрсетуіміз керек.

Ұйымдастыру –іздену

Балалар қане маған 5-ке дейін санап беріңдерші. 1,2,3,4,5.

Ал енді кері санаймыз5,4,3,2,1

Енді біз 1,2,3 сандарымен толық танысқанбыз. Ал , қазір 4-санының құрамымен танысамыз.(4-саны бар суреттер, шарлар , текшелер)  таныстыру.

Қане, балалар  тақтаға келіңдерші, мынау ағашта тұрған тиіндерді  көріп тұрсыңдарма? Тиін қанша?

-1,2,3,4.

Ал ,енді есеп  шығарамызба?                                                       –  ия

4 тиіннің 3-еуі ініне кіріп кетті, қанша қалды?                  -1тиін.

Дұрыс , осы 1 тиінге 2тиін  қосылды?                                  -3тиін

 

Оң қолымда 2 –алма,

Сол қолымда 2-алма.

Барлығын қосқанда,

Болып шықты неше алма?                                                     -4алма

 

Балалар біз санды естиміз , айтамыз, ал сол санды цифрмен белгілейміз. Тақтаға 4 санын жазып көрсету.

Ал енді 4 цифрын ауада жазайықшы.                                   –ауада жазады.

Ой қозғау

Ал енді орнымызға отырамыз.

Мынау қандай пішіндер?                                                       -төртбұрыш,үшбұрыш,

дөңгелек.

Түстері қандай?                                                                      -қызыл ,көк, сары.

 

 

 

Төртбұрыштың қабырғаларын санаймыз.                           -1,2,3,4.

Қанша қабырғасы бар екен?                                                  -4қабырғасы бар.         Сондықтан төртбұрышы бар  пішінді тіктөртбұрыш -деп атаймыз.

Ал осы сыныбымызда төртбұрышқа ұқсас зат барма?          -терезе,шкаф,стол,тақта,т.б

 

Пішіндердің суретін көрсетемін .

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып-жұмамыз.

Сонан соң, төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.

Иықты артқа ысырып,

Басты төмен саламыз.

Жаттығу жасап осылай,

Үлкен боп ертең  шығамыз!

 

Қане балалар санамақ айтамыз.

Бір дегенім-бөрік

Кисең берер көрік.

Екі дегенім-етік,

Киер сәнді етіп.

Үш дегенім-ішік,

Теріден тігер пішіп.

Төрт дегенім-тымақ,

Қысқа кисең жылы-ақ.

Бес дегенім-байпақ,

Іші жылы жайпақ.

Алты дегенім-алқа,

Мойныңа тақ қалқа.

Жеті дегенім-жейде,

«Көйлек» деп жүр кейде.

Сегіз дегенім-сеңсең,

Жылысы тонның ,сенсең.

Тоғыз дегенім-телпек,

Болма , бала, тентек.

Он дегенім-оймақ,

Жүрме босқа ойнап.

 

Қазір қандай мезгіл?                                                                                     -қыс.

Ия, қыста келіп қалды.

Балалар  қазір  ауа –райы қандай?                                                               -Суық.

Ендеше торғайға ,қыстап қалған құстарға ұя жасап береміз ба?              -ия

Топтық ойыны: «ұя жасау»

Ал олай болса, 3-топқа бөлінеміз.                                                               -3-топқа бөлінеді.

 

 

Үлкен конструктордан  ұя жасату.

Ұяны құрастырып болдыңдарма? Қандай керемет болып шықты!

 

Ойын : «қимылды қайтала!»

Балалар мына тақтайшадағы  қимыл –қозғалысты қайталайсыңдар.

Шарты : 5-6 тақтайшада әр –түрлі қимылдағы адам бейнесі бар. Балалар теріс қарап тұрады, тәрбиеші тақтайшаны ауыстырып тұрады, балалар бейнеленген бейнені көрсетеді. Дұрыс көрсетпеген бала ойыннан шығарылады.

 

Балалар , сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?               – Ия ,ұнады.

4-саныны құрамын түсіндіңдерма?

Сендерге торғай  ризашылығын білдіріп, қыстап қалғанына еш өкінбейтінін айтып, сыйлық қалдырды.

Балаларға  сыйлық тарату.

 

Күтілетін нәтиже: Балалар 4санының құрамын, жазылуын біледі.

Геометриялық пішіндерді ажырата алуды меңгереді.

Сандарды санауды игереді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше