Без рубрики

§8. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. Магистраль.

МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: §8. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. Магистраль.

Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды ДК негізгі бөліктерімен және оның классификациясымен

таныстыру, ДК құрылғысының принципиалды схемасын қарастыру;

дамытушылық: ДК-дің негізгі құрылғыларының классификациясын анықтау дағдысын қалыптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту;

тәрбиелік: жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: түсіндірмелі – пікірталас.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсете – түсіндіру, «Сиқырлы қалам».

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, ДК, слайдтар, тест.

Сабақтың барысы:

 

1. Үй тапсырмасын тексеру.

2. Жаңа материалды түсіндіру.

 

Компьютердің негізгі компонентері  (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?

Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.

Дербес компьютерлердің архитектурасы –бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді. 

Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады.  Модульдік принцип  компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға  мүмкіндік береді. 

Магистраль – жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс. 

Магистраль  компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.

Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді. Мәліметтер шинасының разрядтылығын автомагистральдағы қозғалыс жолдарының санымен салыстыруға болады. Жолдар санының көбеюі машиналар тасқынының көбеюіне әкеледі, сол сияқты разрядтың артуы өнімділікті арттырады.

Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған. Егер мәліметтер щинасын автомагистральмен салыстырсақ, онда адрес шинасын үйлер мен көшелердің нөмірлерімен салыстыруға болады.  

Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.

Әрбір сыртқы құрылғы процессормен контроллер деп аталатын арнайы блок арқылы өзара әрекеттеседі. Ағылшын тілінен controller сөзі «басқару» деп аударылады. Контроллердің негізгі атқаратын қызметі – процессордың сұрауы бойынша сыртқы құрылғыларды басқару және магистральмен өзара әрекеттесу.

Сыртқы құрылғылар компьютерге контроллер мен коммуникациялық порттар тізбектей қосылады. Коммуникациялық порттар жүйелі және параллель болады. Жүйелі порт арқылы тышқан, джойстик, модем, ал параллель порт арқылы принтер, сканер, сандық фото және бейнекамера қосылады.

 

Жаңа сабақты бекіту

 

1. Ақпаратты автоматты түрде құру, сақтау, өңдеуге арналған электронды құралды көрсетіңіздер.

а) есептеуіш жүйе;

ә) компьютер;

б) процессор;

в) калькулятор;

г) компьютерлік желілер.

 

2. Компьютердің жүйелік блогының құрамына кіретін, бірақ негізгі жүйеге жатпайтын бөлік не?

а) трекбол;

ә) негізгі қатпар;

б) қоректендіру блогы;

в) адаптерлер;

г) флоппи – дискілер, винчестер, модемге арналған дисковод.

 

3. Компьютер жұмысына арналған құрылғылар жиынтығының қажет бөлігі не?

а) принтер, жүйелік блок, пернетақта, тышқан;

ә) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан;

б) жүйелік блок, дисковод, тышқан;

в) процессор, тышқан, монитор;

г) принтер, винчестер, монитор, тышқан.

 

4. ДК-дің жедел жадысы туралы не айтуға болады?

а) ДК өшірілген жағдайда сақталады;

ә) ДК өшірілген жағдайда тазартылады;

б) ДК жұмысын жылдамдатуға арналған жад;

в) операциялық жүйедегі жад аумағы;

г) файлдарды өзгерткеннен кейін жаттап алу қызметін атқарады.

 

5. Компьютердің сыртқы жадына не жатады?

а) ПЗУ, бейнежад;

ә) ЭВМ-ді пайдаланушының құжаттарды басып шығаруды басқаруы;

б) ОЗУ, винчестер;

в) RAM, ROM;

г)CDROM дискілер, флоппи – дискілер, винчестер.

 

6. Дұрыс пікірді атаңызыздар

а) пернетақта – енгізу құрылғысы;

ә) принтер – кодалау құрылғысы;

б) сканер – шығару құрылғысы;

в) монитор – енгізу құрылғысы;

г) CD – ROM – ақпаратты кодалау құрылғысы.

 

7. Қай батырма сандық пернетақтаны іске қосады?

а) SHIFT;

ә) CAPS LOCK;

б) ENTER;

в) INSERT;

г) NUM LOCK.

 

8. ДК-дің қай құрылғысын өшірсе жұмыс істемейді?

а) дисковод;

ә) жедел жад;

б) тышқан;

в) принтер;

г) сканер.

 

9. Ақпараттың тікелей өңделуі кезінде оны сақтау қызметін қай құрылғы атқарады?

а) ПЗУ;

ә) ВЗУ;

б) ОЗУ;

в) процессор;

г) флоппи – диск.

 

10. Компьютердің іске қосылуын қамтамасыз ететін ақпаратты сақтау қызметін қай құрылғы атқарады?

а) ПЗУ;

ә) ВЗУ;

б) ОЗУ;

в) процессор;

г) флоппи – диск.

 

11. ЭЕМ модульдері жалғанған ортақ сымдар сызығы қалай аталады?

а) магистраль;

ә) адаптер;

б) драйвер;

в) ажыратқыш;

г) CD-ROM.

 

12. Компьютердің ішкі жады неден тұрады?

а) ОЗУ+ВЗУ;

ә) ВЗУ+ПЗУ;

б) АЛУ+УУ;

в) ОЗУ+ПЗУ;

г) ОЗУ+АЛУ.

 

13. Орындалып жатқан программа қайда сақталады?

а) бейнежадыда;

ә) процессорда;

б) ОЗУ-да;

в) қатқыл дискіде;

г) ПЗУ-да.

 

14. Компьютердің әртүрлі бөлшектерін жалғаушы электронды құрылғыны атаңыздар.

а) драйвер;

ә) модем;

б) шина;

в) жүйелік блок;

г) ОЗУ.

 

15. Ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау қызметін қай құрылғы атақарады?

а) микросхема ПЗУ;

ә) жедел жад;

б)CDROM;

в) драйвер;

г) процессордың ішкі регистрі.

  

Үйге тапсырма: §8. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. Магистраль.

 

Сабақты қорытындылау: жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

 Оқушыларды бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.