Биология пәнінен таңдамалы сабақ. 6 сынып
«Біз – табиғат балаларымыз!»
Түсініктеме хат
“Біз – табиғат балаларымыз” атты 6 сыныптың биологиядан тандамалы сабағы бағдарламасының талаптары сынып білім алушыларының жан-жақты дамуын көздейді.
Атап айтқанда, бағдарлама тірі табиғат өмірі, оның дамуы үшін қажетті заттар және олардың табиғат кеңістігіндегі орналасуы жайындағы білім қарапайым ұғымдар арқылы беріліп, білім алушылардың білімдік, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық қабілеттерінің дамуына әсерін тигізеді. Бұл сабақтарда білім алушылар өсімдіктерге, жануарларға, құстарға, балықтарға басқа да тірі табиғат иелеріне қамқорлықпен қарап, қорғай білуг, сүйе білуге үйретеді.
Білім алушыларға “Біз – табиғат балаларымыз” атты 6 сыныптың биологиядан тандамалы сабағының курсы бойынша сабақ өткізіп, айналадағы орта туралы, тірі табиғат туралы алғашқы ұғым беру дегеніміз нақты объектілермен, олардың түр-түсін, бүкіл қасиеті мен қажеттілігін білім алушылардың ерекшеліктеріне лайықтай отырып, таныстыру деген сөз.
Білім алушылардың сөйлеу, тіл дамыту, ойлау қабілеттері ғана емес, көргендерінен қорытындылар жасау мүмкіндіктері артып, қисынды ойлай білуге машықтау. Сабақтарды өте қызықты, тартымды өтілуі үшін білім алушылармен бірге презентациялар жасап, викторина, ойындар ойнап, жарыстар ұйымдастыру көзделіп отыр.
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға “Өсімдік — өмір өзегі” деген нақыл сөздерді түсіндіру. Олардың саялы көлеңкесі мен ауаны тазартатын қасиеттерінен басқа адам тіршілігі үшін пайдасын көрсетіп, түсіндіру.
Сабақтың міндеті: өсімдіктер, жануарлар әлеміне саяхат жасай отырып, оның бізді қоршаған көректі орта ретінде, тағамдық, дәрілік мақсатта оларды көбейту мен күтіп баптау, өнімдерін жинау, сақтау ерекшеліктері жөнінде ой толғау.
Біз – табиғат балаларымыз!
№ | Сабақ тақырыбы | Теориялық сабақ | Практикалық сабақ | Күні |
1 | Кіріспе. Тандамалы сабақ жоспарымен таныстыру. | 1 | ||
2 | Өсімдіктермен танысу. Туған өлкенің нәубетатымен /флорасымен/ танысу. | 1 | ||
3 | Біздің облысымыздың қорғалатын өсімдіктері. | 1 | ||
4 | Біздің облысымыздың қорғалатын өсімдіктері. | 1 | ||
5 | Біздің өлкеміздің дәрілік өсімдіктері | 1 | ||
6 | Біздің өлкеміздің дәрілік өсімдіктері | 1 | ||
7 | Біздің өлкеміздің жабайы өсімдіктері. | 1 | ||
8 | Менің сүйікті өсімдігім……….. | 1 | ||
9 | Жануарлармен танысу. Туған өлкенің мақұлықатымен /фаунасымен/ танысу. | 1 | ||
10 | “Қызыл кітап” жануарлары | 1 | ||
11 | Біздің өлкеміздің бунақденелілері
|
1 | ||
12 | Біздің өлкеміздің ормандары мен далаларының құстары. | 1 | ||
13 | Біздің өлкеміздің ормандары мен далаларының құстары. | 1 | ||
14 | Біздің өлкеміздің аңдары | 1 | ||
15 | Менің сүйікті жабайы аңым…………. | 1 | ||
16 | Мақұлықатқа /фаунаға/ қонаққа барамыз” | 1 | ||
17 | Қорытынды сабақ | 1 |