Без рубрики

§7. Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен олардың құрамдас бөліктерінің түрлері

МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: §7. Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен олардың құрамдас бөліктерінің түрлері

Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды қазіргі заманғы дербес компьютерлермен, оның классификациясымен, дербес компьютерлердің құрамдас бөліктерімен таныстыру;

дамытушылық: қазіргі заманғы дербес компьютерлермен тиімді жұмыс жасау дағдысын қалптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту;

тәрбиелік: жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: түсіндірмелі – пікірталас.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ББҮ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, ДК, слайдтар, тест.

Сабақтың барысы:

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ

 Біз бүгін қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен олардың құрамдас бөліктері туралы білетін боламыз. Қазіргі заманғы дербес компьютерлердің біз үшін неге керек екені туралы ойланайық. Дербес компьютер туралы не білесіз немесе не білемін деп ойлайсыз? 3 минут ішінде білгендеріңіздің тізімін жасаңыз. Енді жұбыңызбен 5 мину ішінде бөлісіңіз де, өзіңіздің жазғандарыңыздан 3 немесе 4 мысал айтыңыз. Берген мысалыңыз нақты білетін мысалдарыңыз болуы керек.

 

Мұғалім тақтаға ББҮ кестесін сызады.

 

БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

ҮЙРЕНДІМ

       

 

Енді маған осы кестенің бірінші бағанын толтыруға көмектесіңіздер. Әр жұп ең маңызды идеяларын айтады, ал мұғалім жазады. Мұғалім жазылғандарды оқиды, сонан соң: Сонымен біз дербес компьютер туралы көп білеміз. Бірақ біз көбірек білгіміз келеді. Біз тағы не білгіміз келеді?

Өз сұрақтарын ойластыруға 4 минут уақыт беріледі. Сонан соң оқушылар жұпта өз сұрақтарын талқылай отырып, ең жақсы 3 сұрақты таңдап алады.

 

Екінші бағанды толтыруға көмектесіңіздер.

 

БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

ҮЙРЕНДІМ

       

 

Жұптар өз сұрақтарын айтады.

 

МАҒЫНАНЫ ТАНИ БІЛУ САТЫСЫ

 

Оқушыларға мақаланы оқу үшін 10 мину туақыт беріледі. Оқыр алдында пайда болған (Білгім келеді( бағанындағы тізілген сұрақтарға мән беріңіз. Оқу барысында осы сұрақтарға жауап табуға тырысыңыз және оны «Үйрендім» бағанына толтырып отырыңыз.

 

Алғашқы шыққан пргораммалық калькулятор отандық электроника кереметтерінің бірі болды. Керемет машинаның жай калькулятордан айырмашылығы қысқа программа бұйрықтарын оңай түсініп, сол бұйрықтарға қарай әртүрлі есептеулер жүргізді. Содан соң отандық «Микроштар», қолдан істелген «Синкерлер» және үлкен көлемді «Агат» нәтижесінде ІВМ компьютері дүниеге келді.

Қазіргі заманғы дербес компьютерлер

Қазіргі заманғы дейтініміз, ол бүгінгі заман талабына сай ыңғайлы программалармен қамтамасыз етілген. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.

Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын шағын компьютерлер. 

ДК-дің  минимум тізіміне мыналар жатады:

1. Жүйелік блок;

2. Монитор;

3. Пернетақта

Алғашқы дербес компьютер моделі тек жүйелік блок пен пернетақтадан тұрды, ал монитордың орнына теледидар болды.

Компьютерлер платформасына қарай былай бөлінеді:

1. ІВМ платформасына компьютерлердің әртүрі, жай үй компьютерлерінен бастап күрделі серверлер кіреді. Пайдаланушы платформаның осы түрімен өте жиі кездеседі.

2. Apple платформа ол Батыста Macintosh компьютерлері ретінде танымал. Бірақ ТМД елдерінде оған сұраныс аз. Олар ІВМ-нан өзгешелеу және жеке программалық құралдарды пайдаланады.

Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады.  Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры,  экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.

Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды.  Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады.  Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты  болмаса да, оны  телефон нөмірлерін, мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.

Сонымен қазіргі заманғы компьютерлердің құрамдас бөліктеріне не жатады?

Компьютердің негізгі элементі – микропроцессор. Микропроцессор – ақпаратты өңдеу мен барлық есептеу жұмыстарын жүргізетін электронды схема. Жұмыстың өнімділігі оның жылдамдығына тәуелді.

Компьютердің  маңызды элементтерінің бірі – монитор (дисплей). Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.

Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы.  Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік.   Олардың  ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.

Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.

Компакт –дискі.  CD-R/RW, DVD-R/RW – алтын түсті ( R – жазатын,   RW  қайта жазу) болып келеді.  CD-R, DVD-R -ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал  CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады.

Флеш – жады – бұл  энергияға тәуелсіз,  мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі.  Ол қазіргі заманғы  компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB – порт арқылы қосылады. Флэш – жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады.

 

ОЙ ТОЛҒАНЫС САТЫСЫ

 Оқып болған соң мұғалім: сіз оқуға дейін сұрақ қоймаған ақпаратты кездестірдіңіз бе? Ондай ақпарат болса «Үйрендім» бағанына толтырыңыз. Жауапсыз қалған барлық сұрақтарды белгілеңіз. Осы сұрақтарға оқушылар жауапты қайдан таба алатыны туралы талқыланады.

 

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Компьютер дегеніміз не?

а) мәтіндермен жұмыс істеуге арналған құрал;

ә) сандарды есептеуге арналған электронды құрал;

б) ақпараттың кез келген түрін сақтауға арналған құрал;

в) ақпаратпен жұмыс істеуге арналған көп қызметті электронды құрал;

г) аналогтық сигналдарды өңдеуге арналған құрал.

2. Ғалымдардың қайсысы ДК-дің принципиалды схемасын ұсынды?

а) Лейбниц;

ә) Паскаль;

б) Нейман;

в) Бэббидж;

г) Лебедев.

3. Принципиалды схема бойынша ДК-дің негізгі құрылғыларының толық тізімін көрсетіңіз:

а) микропроцессор, сопроцессор, монитор;

ә) процессор, компьютер жады, енгізу – шығару құрылғылары;

б) монитор, винчестер, принтер;

в) АЛУ, УУ, сопроцессор;

г) сканер, тышқан, монитор, принтер.

4. ДК процессорының негізгі қызметі не?

а) ақпаратты сақтау;

ә) ақпаратты алып, оны сақтау;

б) ДК жадын басқару;

в) ДК құрылғыларының жұмысын басқару;

г) ДК-дің барлық аппараттық құрылғыларына бағыну.

5. Компьютер жұмысының жылдамдығы неге тәуелді?

а) процессордағы ақпаратты өңдеу жиілігіне;

ә) принтердің қосылып немесе өшіріліп тұруына;

б) операциялық жүйенің интерфейс ұйымына;

в) сыртқы ақпарат сақтау құрылғысының көлеміне;

г) өңделуші ақпарат көлеміне.

6. Компьютердің жады қандай түрге бөлінеді?

а) дискеттер және сыртқы;

ә) дискілер,дискеттер және т.б.;

б) винчестер және ішкі;

в) ішкі және дискілер;

г) ішкі және сыртқы.

7. Тұрақты сақтау құрылғысының қызметі неде?

а) бастапқы компьютер жүктелуіндегі программаларды сақтау;

ә) жұмыс істеу кезіндегі пайдаланушының программаларын сақтау;

б) аса бағалы қолданбалы программаларды жазып алу;

в) үнемі қолданылатын программаларды сақтау;

г) аса бағалы құжаттарды тұрақты сақтау.

8. ДК енгізу – шығару құрылғыларының қызметі неде?

а) ДК жадына ақпаратты енгізу – шығару;

ә) жұмыс істеу кезіндегі пайдаланушының программаларын енгізу – шығару;

б) компьютер бастапқы жүктелгенде программаларды енгізу;

в) үнемі қолданылатын программаларды шығару;

г) құжаттарды қағазға басу.

 

Бағалау

— Барлық бағанды толтыру – 1 балл;

— Кем дегенде, жоғары деңгейдегі 2 сұрақ (ауызша) – 4 балл;

— Кем дегенде, 2 көзқарас айту және оған дәлелдер келтіру шеберлігі – 5 балл.

Бағалау оқушылармен бірге талқыланады. Мұғалім осы тақырып бойынша баға қояды.

 

Үйге тапсырма. (Тапсырма 2 жұмадан кейін тапсыру керек)

1. Информатика және мультимедиа дәрісханаларының схемасын құрастыру;

2. Мектептегі 1 компьютерге шаққандағы оқушы санын есептеу;

3. Компьютер жоқ уақыттағы және қазіргі уақыттағы мектеп өмірін салыстыру.

 

Тапсырманы бағалау критерийлері:

1) Компьютерде терілген немесе қолмен жасалған дәрісхананың барлық негізгі нүктелері қамтылып, жоғарыдан түсірілген көрінісі, схемасы – 10 балл (сәйкес келсе);

2) Екі беттен кем емес, жазбаша жұмыс (компьютерде терілген) – 1 балл;

3) Норманы салыстыру – 5 балл;

4) Өзінің қарым – қатынасы көрінетін мәтіннің логикалық байланысы – 9 балл.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.