Ақтөбе қаласы "Сымбат" жеке мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
еңбек өтілі 20жыл,жоғары санатты ұстаз.
Утежанова Риза Максимовна
7 «Б» сынып (орыс класы үшін ) Қазақ тілі
Уақыты 19.01.12.
Сабақ тақырыбы: Табиғатты қорғаңдар!
Мақсаты:
Білімділік: Табиғат-халық қазынасы екенін айта отырып, мемлекеттік тілде табиғат туралы өз ойларын айта білуге үйрету,етістік шақтары бойынша білімдерін пысықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілін )дамыту,қарапайым білік пен дағдыны қалыптастыру;Мәтінмен жұмыс түрлерін дамыту;
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеу; Экологиялық тәрбие беру; Тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ түрі: модульдік оқыту, сөйлесу бөлімі.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ – жауап, іздендіру, дәлелдеу,
Көрнекілік материал: суреттер, карточкалар, тірек- сызба, суретті слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, биология.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу, оқушыларды сабақққа ұйымдастыру.
2. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру; Етістіктерді тауып, олардың шақтарын айыру.
Адам қандай ауамен демалады?
Таза ауа қайдан келеді?
Ағаштар қандай ауаны жұтады?
Не көп болса, ауа таза болады?
4.Жаттығу жұмысы
1) Мәтінмен жұмыс «Табиғатты қорғаңдар!»
Сөздік жұмысы.
қазына-богатство
қоғам-общество
жырлау-воспевать
арнайы-специальный
2)Мәтін бойынша «Тірек сызба» ойынын өткізу.
Ойын екі кезеңнен тұрады.
Iкезең. Оқушылар топтарға бөлініп, мәтінді түсініп оқып, мәтінге сызба дайындайды. (Дайындыққа 15мин. уақыт беріледі.)
Iiкезең. Әр топ (әр оқушы) өздері дайындаған тірек сызбасын қорғайды. Т»рек сызбаға қойылатын критерийлер (тақтаға сызылып қойылады):
Мазмұндылығы (10балл)
Шығармашылығы (10балл)
Эстетикалық жағы (15балл)
Қорғау (7балл)
Барлық ұпай саны:
Ойын аяқталғаннан кейін, мұғалім қорытындысын шығарады.Тірек сызба үлгі ретінде слайдтан беріледі.
3)3-тапсырма. Сурет бойынша диалог құрастыру. Тақтаға тірек сөздер мен сөз тіркестері жазылады.
Гүлзар, гүлдер. ұрсу, таптап өту, сындыру, тыңдамау, әдемі гүлдер.
4) 4-тапсырма. Мақал-мәтелдермен жұмыс. Мақал-мәтелдерді оқып, түсінігін айту.Сөйлемдердегі етістіктерді құрамына қарай талдау.
(жауса, жауады, қорқады, қонады, аман қалады.)
5.Бекіту.
Табиғатты қорғау үшін не құрылды?
Қандай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды?
Табиғат туралы қанатты сөз білесің бе?
6.Үй тапсырмасы: 2-тапсырма, сөздікті қайталау. (76-бет)
Бағалау.