Без рубрики

ЖАСТАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Атырау қаласы
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Нажмеденов Олжас Мүтауұлы
Атырау мемлекеттік университетінің магистранты

ЖАСТАРДЫ РУХАНИАДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы нарықтық экономикалық жағдайына қарамастан ғылыми – техникалық жаңалықтарды меңгеру мен ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Болашақта жанарған қоғамның жастарына асқақ руханилық пен адамгершілік қадір – қасиеттерін тәрбиелеу мемлекеттік құжаттың басымдылығы ретінде білім беру мекемелеріне міндет етіп берілді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі, әлемдік деңгейдегі саяси беделі және әл – ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру көзделген. Білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру, жас өскелендерді ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген. Елбасымыздың келешек ұрпақ болашағы жайлы айтқан осы ой түйіні, жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясынигеру міндетін жүктеп отырғаны белгілі. Ендеше ақпарат ғасырында, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда, ұстаздардың ортақ мақсаты заман талабына сай, білімді, жан – жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, сүйе білетін, қоғамды алға қарай дамытатын ұрпақ тәрбиелеу екені даусыз. Ұлттық тағылымдардан сусынданған ұстаз ізденіссіз сапалы білімге қол жеткізу мүмкін емес. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың шынайы дүние танымын қалыптастыруда тарих, география, мәдениеттану, әлеуметтану пәндері маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.

Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Ұлттық мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендейі, халықтың рухани мұрасыен дәстүрлерін қастерлеу – оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын адам болып табылады.

Рухани-адамгершілік құндылықтар педагогиканың тарихы мен теориясында кеңінен зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Рухани-адамгершілік құндылықтарының мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткері, ғұламалар, ұлы педагогтар, ақын-жыраулар өз еңбектерінде ой-пікірлерін қалдырып кеткені белгілі. Халықтың тәрбие тұрғысын рухани-адамгершілік құндылықтарды негізденген ғалымдар ұлттық педагогиканың теориялық негізін айқындаумен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдірудің практикалық жақтарын, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын және олардың ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Халық педагогикасының дәстүрлері негізінде бастауыш мектеп оқытушыларының және оған дейінгі ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбиешілерді, болашақ мұғаімдерді даярлау мәселелері ең басты назарда болуы қажет…

Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік, ізгілікті қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсіну және бағалай білу үшін адамдармен құндылық – саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы ұстанымды жүзеге асыру ізгіліктің тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әркеттер және мұғалім мен оқушының арасында өзара ынтымақтастығыүдерісін өажет етеді.

Педагогика мен пркатиканың адамға, оны дамытуға, ізігілікті дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы- өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканы патриотизммен байланыстыра оқыту керек сияқты. Осы талапқа сәйкес, педагогиканың ұлтжандылығы – бұл білім беру философиясының ізгілікті мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындылықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.

Аталған адамзаттық және ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады. Рухани байлыққа халқымыздың мәдени-мұралары, ата-баба салт дәстүрлері, танымдағы және эстетикалық ләззаттағы өажеттіліктер жатады. Халық игілігі реінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Елінің бүгіні мен ертеңін алыстан болжап, халық үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып саналады. Бабалардан қалған қасиет пен құрмет, тіл мен діл, ел мен жер – бәріде біздің рухани байлығымыз. Рухани байлық – адамның өмірін, қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын жәнеоның бар мақсат мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның бергілі бір қажеттерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады.

Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқы жеке өасиеттерді қамтиды. Кеңпейілдік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен өоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттілігінің нәтижесі.

Адамгершілік дегеніміз үлкенді үлкен, кішіні кіші деп қадірлей білуде, тектіліктің тірегін қалайтын тәлім тәрбиеде. Ал тәрбие қуаты отбасында. Қазіргі таңда еліміздегі оқу – тәрбие жұмысында болып жатөан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысына көп мән беруді міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық тәрбие және адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты алға қойылатын негізгі мақсат – өркениет, прогресшіл бағыттағы ұлттық бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тәлімін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастары мен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге жеке тұлғаның сапасын көтеру.

Тәрбие – өоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы білімі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес ұлттық сезімін және сенімін тәрбиелеу әрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. Тәрбиенің негізгі міндеті: өоғамның қажетті талаптарына әрбір баланың борышы, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сияқты биік руханни адасгершілікке айналдыру. Білім беру жүйесіндегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухқа ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлтық мәдениетін кіріктіре меңгеру.

Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылыұтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.

Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сағтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктұрғысынан кемелденуіне аудару.

Ендеше жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиет ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман талабы. Егер адам руханилығынан айырылса, онда ол эмоция мен мінезінен айырылады, жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналады. Сөйтіп, материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған қоғамдық даму адамзатты рухани жұтандыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жеберуі мүмкін.

Қазіргі білім беру жүйесінің міндетті бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа және әлемдік мәдениет пен әр халықтың өзінің ұлттық тәрбиесін байланыстыра адами құндылықтарын, қайырымдылықты, ата-анаға,Отанға, табиғатқа дегенсүйіспеншілікті арта отырып білімді, еңбекқор, бәсекеге бейімделген жеке тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерңн дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отығаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарихи-әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндіктеріне барынша көңіл бөліп, мұғалім білімі мен білігін тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру керек деп санаймын. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне баыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық құндылықтарды, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып келе бермек.

Жетік өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылған жөн. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарды, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлңа тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін,ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды, жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйіндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жойюдың және дені сау, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтанда ұлттық тәрбие – ел болашағы десек біз болып, сіз болып жастарымызды ұлттық тәрбиемен үздіксіз қаруландыра беруіміз қажет деп ойлыймын.

 

ЖАСТАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.