Мектебіміздің қоғамдық істерінде, іс-шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген 11 сынып оқушысы Байсерікова Салтанат. Ол болашақта туризм саласының маманы болғысы келеді. Онымен пікірлескенде Қазақстанның туризм индустриясын дамытып, жас астанамыз Астана қаласын әлемге таныстырып, қазақ халқының керемет дәстүрін насихаттағысы келетінін айтып өтті. Ол өзінің туған жері ғарыштың астанасы Байқоңыр ғарыш айлағын, оның ішінде зымыран ұшыру алаңдарын әлем азаматтарына таныстырғысы келеді. Сонымен қатар күллі түркі әлемі қастер тұтатын Қорқыт баба кесенесін мақтанышпен айта отырып, тарихи орталықпен таныстырғысы келеді. Салтанат болашақта туризм саласы мемлекетіміздің экономикасын дамытатын басты сала болу керек деген өз ойын айтты. Салтанатқа болашақта туризм саласының беделді де белді маманы бол деген тілегімізді айтамыз.