Тілім – менің тірегім

  Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылы,
                              Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі
                                      Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
                                     Жұмаева Нұрия Сапиоллақызы

Тақырыбы: «Тілім – менің тірегім »

Мақсаты: Оқушылардың «тіл» , «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.

Міндеттері:

–          ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

–          ана тіліне деген құштарлықты арттыру;

–          ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;


Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып тұрады,ғ бір – бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:

Ана тілім – ұраным,                                        Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – құралым.                                      Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім  болмаса,                                         Ана тілім  болмаса,                                         

Болмас еді жыр – әнім.                                   Бүтінделмес кемдігім…

 

Сахналау

    Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете  білуге  қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.

 С.Тұрысбековтың  «Көңіл толқыны» күйі

Ортаға патша шығады:

ПАТША: – Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім.Соның сәті бүгін түскен сияқты.Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.

МҰҒАЛІМ: – Сонау 5 – 6 ғасырдан  бастап уақыт санына төтеп беріп,  бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон – Енесей , Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.

ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ.

МҰҒАЛІМ: – Қазақ тілі – Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын – жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі.Қазақ тілі – қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш.Уәлиханов пен Т.Рысқұловтай арыстың тілі.

ПАТША: – Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.

Оқушылар:      Туған тілім

Туған тілім -бабам тілі – өз тілім!             Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілім -анам  тілі – өз тілім!              Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім -далам тілі – өз тілім!             Туған тілім тіл болудан қалса егер,  

Туған тілім -адам  тілі – өз тілім!              Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
Талдау:

  • Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?
  • Қандай адам өз тілін құрметтейді?
  • Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

 ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫ

ПАТША: ашуланып  – Менің кім екенімді білмейді – ау, шамасы, – деп қақпаны өзі итереді.

  Бәрібір ашылмайды.Ол қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:

Дүниеде не ащы?

Дүниеде не тәтті?

ПАТША: – Мұың мәнісі неде? – деп оқушылардан сұрайды.

МҰҒАЛІМ: – Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз.Бүгін сол хатымыздың жауабы келді.Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.

Хатта: 

  О, хан ием!

Дұрыс сөйлей білуде өнер,жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады.Сондықтанда тіл – тәтті.Жебе салған жара жазылар,балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас.Сондықтан да тіл – ащы.

  (Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған  бұлақ басынан «Ана тілім – қазынам» деген  кітапты патша қолына алып, парақтай бпстайды.)

ПАТША: – Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен ? Мына кітапта берілген мақал – мәтелді аяқтау керек.

 

1.Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса, …

2.Өнер алды – …

3.Жіптің ұзыны,сөздің … жақсы.

4.Піл үшті,

Піл күшті емес, …  күшті.

5.Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы …   тарайды.

6.Жүйелі сөз – жүйесін табар,

Жүйесіз сөз – …   .

ПАТША: – Ойпырым – ай! Тілдің құдіреті осы де.Балалар, сіздерге үлкен рахмет.Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.

(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)

Әкесі 1 – ші ұлына қонаққа келеді.Тамақ салынып, ет асылады.

ӘКЕСІ: – Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?

–          Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, – деді 

–          Тіс өтпейтін сіңір ғой.

Әкесі  2- ші ұлынан да осындай сый – сыяпат көреді.

Содан соң 3- ші ұлына келгенде де:

-Балам тілдің жақы жерінен берші, – дейді.Тіл береді.

– Енді жаман жерінен берші , – дейді. Тағы да тілден кесіп береді.

ӘКЕСІ:
– Мұның қалай  балам, жақы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бедің?

БАЛАСЫ:

–          Ой, әке – ай, жақсы да, жаман да ұрыс- керіс, өсекте осы тілден шығады.

–             Екі елі ауызға төрт елі қақпақ  дегендей,  әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс – керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».

ӘКЕСІ:

-Дұрыс екен, балам.Бүгін көп нәрсені ұққандаймын.Енді қайтайын.Айтарым ақылыңнан ажырама , – деген екен.

ДӘЙЕКСӨЗ:

-Сахналау арқылы  және өзіміздің өмірден түйгенімізден  ұққанымыздай  тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен – ақ беріледі.Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді.Тіл адамды өсіред де, өшіреді де.Өйткені  жанға жайлы  жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың.Өз тіліңді жетік біліп,  оны дамыта алсаң, сондай – ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай хплық бар екенін біледі.Демек  халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің.Егер  сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді – осы. Сондықтан да ақын С.Торайғыровтың:

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқаным да – ақ берген білім» , деген өлең  жолдарын ұмытпағандарың жөн.

 

ЖАҢА АҚПАРАТ

« ҚР мемлекттік тілі – қаза тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету – әрбір азататтың міндеті »

ТАПСЫРМА

 «Ана тілің – арың бұл» деген сөзді түсіндіріп беріңдер.

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

ТАПСЫРМА:Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндір

1.Тіл жер жерде ұлт жоқ 

                                        Ш.Айтматов

2.Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті…Біздің жастарымыз ана  тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

                                                            А. Жұбанов

3.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді  ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту.

                                                                                                  Б. Момышұлы

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
                        Жүрегімнің бөлшегі

Қаның, жаның – тілінде,                          Ана тілің – ертегің,

Арың, нәрің тіліңде.                                Ана тілің – өркенің,

Ұмтыл оны білуге.                                   Ана тілің – ертеңің.

Тілден алып  ғибрат,                                Қадірле ана тіліңді –

Құлшынасың білімге.                              Жүрегіңнің   бөлшегін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше