Менің оқушылармның бірі — Мадинаев Ердос 1 сыныптан оқу озаты, алдымыздағы жылы 11 сыныпты Алтын белгімен бітіруші үміткер. Ол аудандық құқық пәнінен жүлделі орын иеленіп, ектебіміздің әділет министрі болды. Ердос 2011-2012 оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰлт университетінің ұйымдастыруымен өткізілген пәндік олимпиадада география пәнінен жүлделі орын алды. оның қазіргші таңда ҰБТ-ге география пәнін таңдап отыр. Оның болашақта таңдап отырған мамандығы экономика саласы. Ол еліміздің экономика саласн дамытып, бәсекеге қабілетті 50 елдің алдыңғы қатарынан көргісі келетінін айтады.
Ердостың үлгі тұтатын азаматы облысымыздың әкімі, экономика саласының маманы Болатбек Баянұлы Қуандықов мырза. Ол Болатбек Баянұлының облысымызға келгелі көптеген оң өзгерістердің бар екенін, оның ішінде экономика саласының ілгерілеуі байқалады деді. Мен Ердостың болашағынан зор үміт күтіп, арманыңа жет, Ердос деп тілек білдіремін.